Қ
АЗАҚСТА РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛДӘУРЕН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ
МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ
ОҚУ БӨЛІМІ
_____________________________________________________________________________
2018 жылдың 1- ауысымы
«Уақыт – байланыстырушы желі» тарихи – өлкетанушылық экспедициясы
Мен - Тәуелсіз Қазақстан азаматымын!
дөңгелек үстел
Іс – шараға жауапты:
Ізбасаров Ғ. А тарих пәнінің мұғалімі
Нурсеит Л.Е информатика пәнінің мұғалімі
Көртаева А.М химия пәнінің мұғалімі
Өткізілетін күні: 13.10.18ж
Өткізілетін уақыты: 11:40
Өткізілетін жері: «Балдәурен-Шымкент» РОСО, «Конференция залы»
Қатысушылар: 2018 жылдың 1- ауысым қатысушы балалар, педагогикалық ұжым.
Іс-шара түрі: Дөңгелек үстел
Мақсаты:
Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Міндеттері:
-
ауысымға қатысушыларды қазақтың тұнып тұрған тарихымен хабардар ету;
-
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
-
еліміздің жас азаматтарының бойына рухани тәрбиені сіңіру
Қажетті құралдар: АКТ, презентация
Жүргізуші: Ізбасаров Ғ.А
Іс-шараның барысы:
Жүргізуші:
Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халықымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезенде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткен азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетімізідің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шешіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
Слайд №1 «Тәуелсіз ел – қандай ел? »
Жүргізуші: Тәуелсіз ел – қандай ел - деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:
Жүргізуші: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиет. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі!
Слайд №2 Тәуелсіз еліміз туралы бейнежазба – (1 минут)
Слайд №3 Тәуелсіздік алғалы Республикамыздың жеткен жетістіктері.
Жүргізуші: Тәуелсіздік алғалы Республикамыз қандай жетістіктерге жетті - деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:
Жүргізуші: Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан бірнеше жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жетті. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттеріміздің қатарына қостық. Қазақстанды бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуін 2050-жылға дейін алдымызға міндет етіп қойдық.
Слайд №4 Еліміздің жеткен жетістіктері туралы бейнежазба – (3:35 минут)
Слайд №5 Сен білетін еліміздің патриоттары.
Жүргізуші: Сіздер осы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің атын әлемге әйгілі еткен қандай патриоттарымызды білесіздер?
Оқушылар:
Жүргізуші: Патриотизм – өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады.
Слайд №6 Еліміздің патриоттары туралы бейнежазба – (3:25 минут)
Слайд №7 Болашақ жастардың қолында.
Жүргізуші: Бұл сөздерді қалай түсінесіздер?
Оқушылар:
Жүргізуші: Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті. Кез-келген мемлекеттің болашағы-білімді жастар. Көзі ашық көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгетініне сеніміміз мол!
Жүргізуші:
Міне дөңгелек үстелге қатысушылар бүгін өздерінді тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев:
Өткенінді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі .
Өткенінді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі - деген екен.
Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері Ана-тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата-заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарыңдай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Тәуелсіз елдің азаматтары жолдарың ашық жарқын болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Уақыт – байланыстырушы желі» тарихи – өлкетанушылық экспедициясы Мен - Тәуелсіз Қазақстан азаматымын!

шағым қалдыра аласыз