Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Уақыт перзенті Тобанияз Әлниязұлы.
Уақыт перзенті Тобанияз Әлниязұлы.
Түбек тарихының қилы-қилы таралғы тағдырында не бір ерген ойлы, орақ тілді адамдардың өмір кешкені хақ. Солардың бірі және бірегейі – Адай төңкеріс комитетінің тұңғыш төрағасы Тобанияз Әлниязұлы.
Ол «адай» руының «жеменей» тайпасынан «кенже» бөлімшесінен. Кенженің екі баласы болған «Кайсары» «Оңай». Оңай адай елінде атақты батыр болып, ел корғаған. Тобанияз Қонай батырдың тікелей ұрпағы «шөпшегі». Әкесі Әлнияз үш ағайынды. Әлнияздан Тобанияз, Боккара және бір қыз – Богорной туған.
Тобанияз 1875 ж Шетпе кентінің Аусары құдығы маңында дүниеге келген. Кейбір деректердегі және көнекөз қариялардың айтуынша, Тобанияздың өз ата- бабаларының негігі қонысы Бозашы түбегінің қазіргі Ақшымырау шаруашылығы территориясында туған. Аусарыға 1910 ж жұт жылынан соң кешіп барған деседі.
Тобанияз бала кезінде мұсылманша оқып сауат ашқан. Он үш жасында әкесінен жетім қалып, Әлнияздың үлкен ұлы болгандықтан жанұяның бар ауыртпалығын сонын мойнында болды. Сөйтіп жүрсе де, ел аузындағы сөздерге қараганда белгілі би шешендер Мәтжан, Айдарбай, Қаражандармен қатар жүріп, беделі олардан кем түспеген. Тіпті Қараба «мұналдықтардың дауы» кезінде сайыса отырып, оның шешендік қаблетінің артық екенін жасыра алмаған. Ел арасындағы тентек пен телін тезге салатын, дау-жанжалдарға төрелік айтатын кездерінде Тобаниязды да қатыстырып отырған.
-
Тобаниязды елге қаділі еткен шешендік қаблетінің болғанын Ы. Құлбаевтан: Тобанияз шешен бар
-
Сөзге кезек бермеген
-
Хан-төремен сынасып,
-
Жері жоқ барып білмеген - деген сөздерінен аңғаруға болды.
-
Сонымен қатар ол қолөнердң шебері, әрі зергер, әрі ұста болған аяқ киім тігу, ер-тұрман жасау, қамшы өру сияқты тұрмыстық заттарды жақсы жасаған және бір қыры – құралайды көзге атқан мерген, аңшылық кәсіпті де құрметтеген.
Тобанияз өмір сүрген кезең Қазақстанның, соның ішінде Маңғыстаудың да Ресей империясының қол астына толықтай кіріп, отарлық езгінінің күшейе бастаган кезіне тұспа-тұс келеді.қашанда қиыншылық заманда ел ерге қарайды емес пе? I Дүниежүзілік соғыстың ауыр салмағы қазақ даласына, Маңғыстауға да келіп жетті. Мал-мүлікке салынған ауыр салыққа қоса «жығылғанға жұдырық» дегендей, 1916 ж қазақтың 18 бен 31 жас аралығындағы жастарын «қорғаныс бекіністерін, әскери шептерді жасауғ, қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы халықтың наразылығын туғызды». Шылым болыстығындағы Тобанияз бастаған азаматтар Маңғыстауда патша жарлығына қарсы шығып елде жігіт жібермеу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осыдан кейін Тобанияз бастаған бірнеше азамат тұтқынға алынып, 1917 ж ақпандағы патшаны тақтан құлатқан төңкерістің ықпалымен босатылып елге оралды. Тобанияз осындай ел арасындағы күштінің әлсізге, әділет ел басқыншыларының кедей – шаруаға, ғаріп-қасірге жасаған үстемдігін жиі әшкерелеп, қара шару қамы үшін өзінің еңбегін аямаған. Сол үшін орасан зор беделге ие болған, би атанған.
1918 ж 23 тамызда Ә. Жангелдинің бастаған интернационалдық отряды орыстар, сербтер, хорваттар, украин, неміс т.б. (түпқараған түбегіне «Мехди» «Абаси» кемелерімен тоқтайды) Қаладағы жағдаймен танысып Н. Онғалбаевпен кездесіп кеңескеннен кейін 25 тамызда кемелерімен Бозашы түбегіне бет алды. Осылайша 22-25 қыркүйекте қаратөбе жерінде уездің 12 болысы қатысқан съезд өтеді. Ә.Жангелдин отряды Маңғыстаудағы кеңес үкіметін нығайту үшін түбек халқын сонымен ерте алғандай тұлға іздейді. Мұндай азамат әрине, Тобанияз еді. Сол бірінші съезде Адай революциялық комитеті кұрылады. Оның төрағасы болып Т. Әлниязов сайланды.
Ревкомды құрудағы мақсат- түбекте кеңес үкіметін орнату, елді кеңестендіру, кеңес үкіметінің шешімдерін жергіліті жерде іске асыру, халықты сауаттандыру т.б. ревком төрағалына Әлниязовты сайлау себебі ол Әлібидің айтқандарын оңай түсініп, түпкі мақсат –мүддені дәл аңғара білді. Оның үстіне халыққа танымал, парасатты, ойлы азамат болды.
Сөйтіп, бұрынна да ел арасында үлкені – кішілі билікке араласып жүрген Тобанияз, Маңғыстаудағы халық тағдырын өз қолына алады.
Сол кездегі жаз жайлау сонау қарақұм, ойыл, теке, Ақтөбе, Орынборға шейін болса, күздігі мен қыстауы Маңғыстаудың Бозашы, Түпқараған түбектеріне, түркмендердің Жаңғақ ойы, Шағадамға дейін жайылған қалың Адай елінің бірден бір ресми, әрі халық таныған басшысы болды.
Ревком төрағасы және көмекші мүшелері, сондай ақ жергілікті белсенділер шөл дала үстімен азапты да ауыр сапарга тәуекелге бел буып интернационалдық отрядқа қыруар көмек ұйымдастырылған айтылады. Біз Бозашыда 4 жұма болып, ел өкілдерінің белгілеуімен 700 ат, 600 түйе сатып алдық. Азық-түлікпен жабдықталып, жүздің үстінде Адайдың тамаша жігіттерін еріктілер қатарына алып ілгері қозғалдық дейді Ә. Жангелдин.
Әрине, мұндай қайырымды іс тек Тобанияздың қолынан ғана келер еді.
1918-1919 жж түбек халқы үшін аса бір қиын кезең болып саналады. Жаңадан құрылған кеңес үкіметіне қатысушыларды қуғынға салы, салықтың түрлерін көбейт, еріксіз тонай арқылы елді қайыршылыққа апарды.осы кезде Төбекең ақ бандыларға қарсы күресті аса шеберлікпен ұйымдастыра білген еді. Ақ генерал атаман Толстов Ойылдағы Тобаниязға салық жинаушыларын жіберіп, үй басынан 100 сом есебінде салық талап етеді. Қатігездігіне айтатын сөз жетпейтін қазақтар ұрпағының өкілі Орал қазақ әскері атаманы Толстовтың армиясын тоз-тоз қылған да осы. Тобанияз бен оның қыран жігіттері сол атаман Толстов Францияда жүріп: «ең соңғы адайдың сүйегін музейден көрсем армансыз, бакытты жан болар едім»,- деп жазуы Адай жігіттерін қандай дәрежеде қарсылас болғанын дәлелдейді. Осының басында Төбекеңнің тұруы айтпаса да түсінікті.
Үшіншіден Маңғыстау шаруашылығында көші-қон ерекше орын алатыны белгілі. Сол кезде мыңғырған малмен жаксы жайылымдарға бару, қайту қиынға соқты. Терістіктен басқан ақ гвардияшылар, оңтүстіктен түркмен қарақшылары тиісе берді.солардан қорған ретінде ревком және Тобанияз әскері елмен бірге жүрді және Маңғыстау қазақтары еш қауіпсіз Ойыл жәрмеңкесіне барып мауда жасауына мүмкіндіктер туды.
Ревком төрағасының мәмілегерлігі арқасында Дағыстан, Азербайджан, Астраханьмен арада айырбас саудасы да бірсыдырғы жолға қойылды.
Тобекеңнің дипломатиялық мәмілегерлік қызыметінің шыны Хорезм республикасымен арадағы бейбіт қарым қатынас орнатуы- деп Ә.Спанов осы саладағы қайраткерлігін әділ бағалаған. Адай уездік ревкомының 1921 ж 26 қыркүйектегі мәжілісте Т. Әлниязовтың Хорезм республикасына жіберуге шешім қабылдады.оның мақсаты республикада етек алған бандалар қозғалысына тыйым салуға ықпал ету. Себебі: олар Хиуаға барып, азық-түлік, киім-кешек әкелетін Маңғыстаулық керуендерге шабуыл жасап, тонап алып жүрді.бұд кезде Т. Әлниязұлының қолында қырғыз «қазақ» Орталық Атқару комитетінің мандаты болды. Тобанияз өзінің елшілік қызметін ойдағыдай орындап қайтты. Хорезм республикасы басшылары оны құрметпен қабылдайды. Түрікмендермен қазақтар арасындағы даулы мәселелер бейбіт жағдайда шешілді.
Т.Әлниязовтың қайраткерлігінің жаңа қырын дипломат ретінде ашқан, осы 1921 жылы Бесқалаға барған сапары.
1919 жылы қазақ өлкелік ревкомы құрылып, оның басшыларының Ә. Жангелдиннің болғандығы туралы хабар құлағына тиісімен Тобанияз оған көмек сұрауға ниет етеді. Өзі басшылық етіп отырған көшпелі адамдардың жағалай қоршаған қауіп-қатерден қорғауды сұрау және адайлар қоныстанған Маңғыстау өлкесін біртұтас әкімшілік орталыққа бағындыру туралы жергілікті халық тілегін жеткізуге Тобанияз бастаған адайлар өкілдері 1920 жылы наурызда Орынборға келеді. 1920 жылы Орынборда өткен бүкіл Қазақстандық І съезде осындай мәселелер сөз болып қорытындыланды.Революцияға дейін КСР-ы Закаспий облысының құрамында болған Маңғышлақ уезі мен Красноводск уезінің 4-5 уезінің Адай болысында 1920 жылы 16-шы қазанында Қазақ КСР-ы құрамына енеді. Тек Тобанияздың іскер даулы мәселелерде шешен жеңімпаздығына адай революциялық комитетінің абыройын асыра түспесе кеміткен жоқ.
Маңғыстау елі қаны бар ата мемлекетінің құрамында болғанына Тобаниязға қарыздар.
Қандай ел болмасын білімсіз, ғылымсыз жарқын болашығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан Тобанияз басшылық қызметінде халықты ағартуға ерекше мән беріп, әсіресе балаларға көптеген қамқорлықтар жасаған. Маңғыстау уезінің революциялықком-нің төрағасы болысымен, бір жылдан қалмай Маңғыстауда көптеген мектептер аша бастаған. Бүкілқазақстандық съезге барып қайқан сапарында 2 мұғалім (башқұрт Құсайын Мұхамедиев пен татар Хасан Уалиев) алып келіп, Тиген Жыңғылдыдан мектеп аштырады. Сабақ А. Байтұрсыновтың жасаған жаңа әліппесі бойынша жүргізілді.осындай мектептер Қызылқога ауданының Ақшілік, Сағыздан Қопа, Бұракөл деген жерде де ашылған. Осы мезгілдерде Фортта балалар үйі жәнеинтернат ашылып қызымет істиді.
Маңғыстаудың алғашқы толқын интелегенциясы көрнекті қайраткерлер О. Бәлдеков, Е. Оразақов, Е. Өмірбаев, О. Алшыбаев, Н. Нұрғалиев, Н. Шәкіртовсынды көптеген азаматтар Төбекеңнің игі ықпалы арқасында ашылған, алғаш мектептердің алғаш қарлығаштары еді.
Аусарыда «Тобанияз жармасы» деген бөгеттің орыны бар. Маңғыстаудың өзге жерлерінде «Тобанияз арнасы», «Тобанияз құдығы» деген атаулар бар. Демек осы аймақтағы суландыру және егіншілік кәсібінің басында Тобанияз тұрды деуге әбден негіз бар.
1922 жылы сол кездегі бірден-бір дара билік иесі және ел таныған көсем ретінде, халқы «қарадан шыққан хан» атаған Тобанияз қудаланып, қызметінен алынады және ұлт араздығына жол берген дінді, ескілікті дәріптеді деген сияқты айыптармен кінәланады, алайда оның халық ішіндегі беделінің зор екендігінен сескеніп абақтыдан босатады.
1929 жылы желтоқсанда Тобанияз қайтадан ұсталып Ақтөбе түрмесіне жөнелтілді. Тобаниязды 1930 жылы 9 қазан күні ату жазасына кесу туралы үкім шығарды. Бірақ оның дәл қай күні, қай жерде атылғаны белгісіз.
Т. Әлниязов өзінің күрескерлік іс-әрекетімен, батыл шешімдерге бара алатындығымен, қажет жерінде ердің қолынан келетін істерді жасай алатындығымен де өзіне көптеген қарсыластар, жаулар тауып алған, кезеңінің құрбаны болған кісі.
Тобанияздың өзінен тараған ұрпақтарының да қуғын-сүргінге көп түскендігі бұдан бұрын айтылған болатын. Оның Дидар атты баласы жасында қайтыс болған, ал Бердіхан мен Зәкіржан деген балалары әкесі үшін көп қудалауға түсті. Бердіхан түрмеде көп зардап шегіп, аман оралғаннан кейін, соғыста айып батальонында қайтыс болса керек. Ал Зәкіржан 1922 жылы Хорезм сапарынан кейін туған. Зәкіржанның анасы Дөңбай, зайыбы Әуесхан және ұлдары Шамаби, Бегендік, Бекарыс.
Тобанияз өмірін зерттеп халыққа жеткізуде белгілі өлкетанушы, журналист Ә. Спановтың орасан зор еңбегін айта кеткеніміз жөн. Ә. Спановтың «Тобанияз» атты кітабы жарық көрді. Кітапта Тобанияздың өнегелі өмір жолы, халқы алдындағы қызметі, зар заманы душар еткен талапайлы тағдыры және халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының Тобанияз туралы жырлаған толғауы бар.
1997 жылы Алматының «Ғылым» баспасынан М. Омаровтың «Ойрандалған адай даласы» атты кітабы шықты. Бұл кітапта Тобанияздың қысқаша өмірбаяны жазылған.
Бүгінде Тобекеңнің болмыс-бітімін тұтас қалыптастырып халыққа жеткізе алса, ол елінің,жұртының еңбегі. Осы бағытта тарих ғылымының докторы Т.Омарбеков, философия ғылымының докторы Ө.Озғанбаев суретшілер Х.Байғозиев, Б.Башеков, ардагерлер Д.Әріпов, А.Бүркітов, Т.Сариев, Ы.Шәкіратов, Е.Жаманбаев, Н.Нұрғалиев, Н.Қазақбаев, Л.Сәдуақасов, Л.Лұқпанов, С.Шәкіратов т.б. көптеген азаматтар осы игі іске өз үлесиерін қосып келеді.
1955 жылы 25 қазанда Онды селосында Тобанияздың 120 жылдық мерейтойы облыс бойынша аталып өтті. Т.Әлниязұлына арналып Ақтау қаласында 13 шағынауданда ескерткіш орнатлды.
Тобанияз уақыт перзенті, халқының есінде ұмытылмастай іс қалдырды. Халқым деп соққан жүрегі және сол жолда қнша ауыртпалық пен азапты көтере алатындығы үшін Тобаниязды кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз, оның есімін ұрпақтар есінде мәңгі қалдыруға тырысамыз.

