Материалдар / Уақыт тақырыбына арналған шығарма

Уақыт тақырыбына арналған шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
УАҚЫТ ТАҚЫРЫБЫНА ҚОСЫМША МƏЛІМЕТТЕР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3458
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп » КММ

Қалданова Жадыра Маратқызы 8 сынып оқушысы

Пән мұғалімі: Бидавлетова Гулмира Жумагалиевна

Сынып жетекшісі: Кабдолданова Айнур Турсынбековна





Уақыт - алтыннан қымбат.





Уақыт – біздің ойымыздан да жүйрік.

Анжелика Миропольцева

Уақыт деген ұшқан құс, жүгірген аңмен тең емес пе? Ай артынан ай, жыл артынан жыл жылжып жатыр. Кешегі өткен халықтың басынан өткен сұрапыл соғыс та, талай қазағым аштан қырылған ақтабан шұбырынды да, нәубет жылдарда уақыт тоқтаған емес. Талай ер, талай көз жазып қалғанда да уақыт толастаған емес. Адам өміріндегі өлшеусіз қымбат байлық бар болса, ол – уақыт. Уақыт – алтыннан да қымбат. «Өмір – мұхит, уақыт – толқын» - деген Абай атамыздан қалған сөз бар.

Осы жер бетінде әр адамзат баласына берілген өлшеулі ғана уақытты әр адам әртүрлі өткізіп жатыр. Көптеген адамдар әр түрлі әлеуметтік желілерде , көңіл көтеретін орындарда алтыннан қымбат уақыттарын өткізіп жатыр. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жанған ағашпен тең. Біреудің бір сағаты мың күнге татырлық болса, енді біреулердікі отқа жанған ағаштың күлімен тең. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес.Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Уақыт – байлықты мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім тәулігіне жиырма төрт сағат. Бұл уақыттағы ең бай адам – уақытты тиімді пайдалана білген адам. Уақыттың бағасын білген адам ғана уақытты бағалайды. Өзінің өмір сүріп жатқан уақытын босқа өткізбеуге тырысады. Абай атамыз өзінің он бесінші қарасөзінде: «сен күніне өзіңе бір рет, не жұмасына бір рет, ең болмағанда айына бір рет өз-өзіңе есеп бер. Осы уақытта өзіңе, не жаныңдағыларға пайдасы тиетін іс атқардың ба? Егер де ешқандай іс атқармасаң, уақытыңның босқа өткені деген екен.» Адамның әрбір күні, әр бір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсау керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді.Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өміріндегі қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт – адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді.Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде .Оған басқалар көз салмасын десең , дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өтуізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.

Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді,жылдар ұшып өтеді деген сөзі бар.Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орнында тұрмайды.Ол өзгереді.Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді.Ойлап қараңыздаршы,кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер.Ад ертең маман болып шығасыздар.Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты.Адам әлде бір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немесе әлде бір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды.Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі.Сондықтан ол секунд,минут, сағат, күн,тәулік, апта, ай, жыл,ғасыр деп бөлінеді.Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең – ол ғасыр.Сол ғасырдаң өзі секундтардан тұрады.Небір үлкен оқиғалардың өзі қас қағым сәтте болады.Адам мен уақытты бөлек,жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді.Адамның қолынан көп нәрсе келеді.Біраз нәрсені жасап өзгерте алады.Бірақ адам уақыттқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды.Уақытын бағалап,оның қадірін түсінген адам,ең ақылды ,ең бақытты адам.Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалды.Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.Ұлы ғұламалардың мынандай ой толғаулары бар:

Уақытты босқа өткізу – ең ауыр шығын. Ж.Бюффон

Адам баласының табиғаты қызық қой , -байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақыттың мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. Абул-Фарадж

Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып,көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт

Әркім өз уақтын еңбегінің көлемімен өлшенгені ең дұрыс жол.

В.Г.Белинский

Жастық өз уақытын білмеді. Р.Хорезми

Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Гете.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ