Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ өте мағыналы жақсы зерттелген сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

21.04 күні 8а сыныбына 2-ші сабағымды өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы. Мақсаты: Қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, ағартушыпедагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі, көзқарасы, қызметі туралы білімдерін арттыру, жаңа ұғымдарды (термин сөздер) игерту,еңбектері туралы қосымша мәлімет алу. Оқушылардың шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамытуда миға шабуыл, бoлжaу стpaтeгиясы, топқа бөлу, түртіп алу, жүк журналы әдісі, шығармашылық тапсырма (диалог, мәтін құрау, жылдар сөйлейді), постермен қорғау әдістерін пайдаландым. Оқушыларды хат таңдау арқылы 3 топқа бөлдім. Топтар топ басшысын сайлады. Үй тапсырмасын миға шабуыл өткен тақырып бойынша сұрақтар қозғап оқу білімге кімдердің үлесін қосқанын сұрай келе, жаңа тақырыпты аштым. Жаңа тақырыптың мәтінімен таныспас бұрын үйден жүк журналының бетшесін дайындап әкеліп сол бетшелерге тапсырма орындаттым. Бұл кезеңде топ ішінен жұп құрып жұптың біреуі жүк журналының сол жағына бұрыннан не біледі, болжамдарын жазды. Екінші жұп оң жағына постер жұмысынан, шығармашылық жұмыстан, мәтіннен танысқан жаңа ақпаратты жазып отырады. Мәтінмен таныса отырып, топтар постер қорғайды. Постер қорғау мен үшін де оқушылар үшін де тиімді жұмыс деп білемін. Себебі оқушылардың барлығы белсенді қатысып, атсалысады. Шығармашылық жұмыс кезінде 1-ші педагог тобына диалог құрастыру, 2-ші ағартушы тобы жылдар сөйлейді даталарды толықтыру, 3-ші топ сөздерден мәтін құрастыру. Бұл сабақта оқушылар еркін сөйлеп, бірін-бірі тыңдап, уақытқа бағынып, тапсырмаларды топтармен жарыса орындап белсенділік танытты. Сыныпты бағалауда ашық журналды пайдаландым. Топ басшылары әр тапсырмаларды орындауға қатысқан оқушыларды бағалап отырды. Сабақ қызықты өтті. Оқушылар бұдан кейінгі сабақтардың осы бағытта өткізу туралы ұсыныстарын айтты.

Нәтижесі: оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, Ы.Алтынсарин туралы көптеген мәліметтер, жаңа ақпараттар жинады. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасай алады, өз пікірлерін еркін алады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі