Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы - мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мұғалімдер қауымына қосымша ақпарат ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені ,\хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.Аса көрнекті демократ-ағартушы әрі жазушы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамы­туда екі салада зор еңбек сіңірді: бірі – жазушылық қызметімен, екіншісі – ағартушылық қызметімен.

Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып, көпшілікті оқу-білімге тарту – Ыбырайдың қоғамдық және азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және білімді калың жұртшылыққа таныс халық тілінде (ұлттық тілде) беруді шарт етіп қойды.

Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жаса­ды, екіншісі – өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну.

Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.

Ыбырай да, Абай сияқты, бірсыпыра түркі халықтарына қызмет етіп келген ортаазиялық түркі әдеби тілі («түркі» не­месе «шағатай» тілі аталған) мен сол тұстағы қазақша «кітаби тілден» бас тартты. Сол «кітаби тілде» жазылған, не көркемдік, не нормалық сипаты шамалы кейбір үлгілерді қатты сынады.Әсіресе діни кітаптардың тіліне қарсылық білдірді. Өзінің «Хрестоматиясының» алғы сөзінде: «Татардың кітап тілі...араб-парсы сөздеріне лық толған, сондықтан ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бүл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де – тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар дүнияуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пай­далану үшін... қолайсыз», – деп жазды. Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында осы ойын және қайталап: «Қазақ оқу-шыларының діни оқуға пайдаланатын құралдары, көбінесе... татар кітаптары, бірақ бұл кітаптарда ешқандай жүйе де, тіпті көбінде ешбір мағына да жоқ», – деп білдіреді.

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.



Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас…

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас…

Ыбырай өлендерінің негізгі идеасы

Әңгімелерін идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.



Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Ы.Алтынсарин қазақ прозасының еуропалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем əңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай əңгімелерінен басталады деу орынды. Мазмұны жағынан Ыбырай əңгімелері өз кезінің келелі мəселелерін қамтыған. Ғұламаның шығармаларының барлығы дерлік оқырманын адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбек-сүйгіштікке, əділдікке, жақсылыққа, өнерпаздыққа, зеректікке, кəсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Жақсылыққа əуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды. Жазушы «Бақша ағаштары» атты белгілі əңгімесінде тəрбиенің не екенін қарапайым ағаштармен салыстыру арқылы былайша сипаттап береді: Жаздың əдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.



Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады баласы.



Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді атасы.



Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы.



Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе əбірет алсаң болады; сен жас ағашсың, саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің. Бұл əңгіменің ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де тəрбиелік мəні зор. Балаға жас күнінен дұрыс тəрбие беру оның болашақ өмірі үшін өте қажет. Есейіп кеткен соң оның қисығын түзеу қиынға түседі. Ыбекеңнің бұл əңгімесі мектеп балаларын тəрбиелеуде қазір де басшылыққа алатын басты ұстаным болып саналады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2021
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12