Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин "Атымтай жомарт" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай жомарт" әңгімесінің сюжеті мен фабуласын сипаттау, тақырыбы мен идеясын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Ы. Алтынсарин. «Атымтай жомарт»

Күні:


Сынып:

5

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.2.1 (Т/Ж)-әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.1.1.1 (Т/Ж)-әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: әңгіменің сюжетін баяндап бере алады;

Көбі: шығарманың тақырыбы мен идеясы не туралы екенін айта алады;

Кейбірі: портреті мен іс-әрекеті арқылы кейіпкердің бейнесін ашады, өз ойын айтады;

Күтілетін нәтижелер:

Әңгімені рөлге бөліпоқиды, композициялық талдау жасайды, кеіпкерге мінездеме береді, Мәтіннен алған ақпараттар мен берілген суреттерді пайдаланып, Атымтайдың тіршілігі туралы әңгіме құрастырып жазады.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, слайд, тақырыпқа қатысты суреттер

Оқыту әдістері:

«Бес саусақ» әдісі, рөлге бөліп оқыту, композициялық талдау

Дереккөздері:

Әдістеметік құрал. Дидактикалық материалдар.

Жоспарланған уақыт:

Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Сабақтың басы:


Топқа бөлу:


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:





Үй тапсырмасын текесеру:

Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеп, сынып тазалығын қадағалайды.

Оқушыларға жомарт сөзіне синоним айтқызып, сол синонимдердің үшеуін ғана таңдап алу арқылы үш топқа бөлу.

Оқушылар, қолы ашық деген сөзді қалай түсінеміз? Өз түсінігімізді, яғни қолы ашық сөзінің синонимдерін «Бес саусақ» атты сызбаға орналастырайық.

«Есімдер сандықшасы» әдісі бойынша тексеру. Авторға хат немесе өлең құрастыру.

Оқушылар амандасып, кезекші өз міндетін атқарады, орындарына жайғасады.

Жомарт сөзіне синонимдер - мәрт, мырза, береген.

Қолы ашық-жомарт, кеңпейіл, қарапайым, мәрт, ақкөңіл.





Үй тапсырмасы «Есімдер сандықшасы» әдісі бойынша тексеріледі.

Сабақтың ортасы:

Рөлге бөліп оқу. «Атымтай жомарт» әңгімесі.

Бекіту сұрақтары: 1) әңгіме не туралы айтылған?

2) қазіргінің жомарты болсаңыз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?

Дескриптор. Білім алушы

  • рөлге бөліп оқи алады

  • бекту сұрақтарына жауап береді

Оқушылар Атымтай жомарт, жақын таныстар және автор болып рөлге бөліп оқиды.

1) Дүниеге құнықпау, қанағатшылдық, ысырап етуден аулақ болу жөнінде айтылған.

2) Қазіргінің Жомарты болсам атыма сай жомарттықпен, қайырымдылықпен айналысар едім: жетім балаларға көмек көрсету,т.б.

1-тапсырма.

1-топ. Шығарма кейіпкеріне мінездеме беріңіздер.

2-топ. Бес жолды өлең.

  1. Зат есім.

  2. Сын есім.

  3. Етістік.

  4. Сөйлем.

  5. Синоним.



3-топ. Атымтай жомарттың іс-әрекетіне сиаттама беріңіздер.

Дескриптор. Білім алушы

  • 1-топ: шығарма кейіпкеріне мінездеме береді;

  • 2-топ: «Бес жолды өлең» жаза алады;

  • 3-топ: Атымтай жомарттың іс-әрекетіне сипаттама беріп жазады.

Шығарма кейіпкеріне мінездеме береді. Мыс: Атымтай жомарт-өте мейірімді, ақылды, көреген, алыстан болжай алатын қадірлі адам.

Бес жолды өлең құрастырады. Мыс:

  1. Атымтай жомарт.

  2. Мейірімді, іскер.

  3. Еңбектенді, жалқаулыққа салынбады, байыды.

  4. Атымтай жомарт – көреген жан.

  5. Бай.

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады.











Композициялық талдау.

Авторы:

Тақырыбы:

Идеясы:

Жанр түрі:

Ойтаразы:

Дескриптор. Білім алушы

  • Композициялық талдау жасайды.

Композициялық талдау.

Авторы: Ы. Алтынсарин.

Тақырыбы: Атымтай жомарт.

Идеясы: еңбекке баулу, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жанр түрі: әңгіме

Ойтаразы: адамдыққа бастар жол.

1-топ. Жағдаят. Атымтай жомарттың орынында болсаңыз сіздер қалай еңбектенер едіңіздер?

2-топ. Жомарт адамға тән бес қасиетті мәтіннен мысалдар келтіре отырып дәлелдейік.

3-топ. Мәтіннен алған ақпараттарымыз бен берілген суреттерді пайдаланып, Атымтайдың тіршілігі туралы әңгіме құрастырыңдар.

Дескриптор. Білім алушы

  • 1-топ: жағдаятқа жауап береді;

  • 2-топ: Жомарт адамға тән бес қасиетті мәтіннен мысалдар келтіре отырып дәлелдейді;

  • 3-топ: Атымтайдың тіршілігі туралы әңгіме құрастырады

Жағдаятқа жауап береді.



Мысалы: Қамқор 1-қасиеті: ақша – тамақ, жалаңашқа – киім, үйсізге – үй болады.

Еңбексүйгіш 2-қасиеті: Жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасиды.

Дана 3-қасиеті: Төрт түрлі себеп айтуы.т.б.

Мәтіннен алған ақпараттарымыз бен берілген суреттерді пайдаланып, Атымтайдың тіршілігі туралы әңгіме құрастырып жазады. Мысалы: Атымтай бай болса да күн сайын отын жарып, арбамен шөп тасиды. Кедейлерге көмектеседі.

Сабақтың соңы:

Бағалау:




Үйге тапсырма:


Ойтаразы:


Бағалау журналы. Оқушылардың аты-жөні жазылған журналға сабаққа қатысып отырған оқушылардың тұсына «5», «4», «3» бағалары қойылады.

«Мен білетін Атымтай жомарттар» эссе. 60-70 сөз.

Кері байланыс картасы.




Бағалау журналына бағалар қояды.




Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Кері байланыс картасын толтырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
3348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12