Материалдар / Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар үшін Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»әңгімесің дайын сабақ үлгісі. Білім алушылар әңгімені оқи отырып, кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
734
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары/ Поурочный план


Сабақтың тақырыбы / Тема занятия: 7.3.Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»

Модуль/пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины:Казахский язык и литература

Курс/ топтар/ Курс, группы

Мақсаттары, міндеттері/ Цели, задачи:

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

  • Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, шығармашылық жұмыс жасау.

Бағалау критерийі:

1) Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын анықтайды.

2) Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, шығармашылық жұмыс жасайды.

Оқу процесінде білім алушылар игеретін кәсіби дағдылардың тізімі/Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия 

*Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.

*Мәтінді оқып, кейіпкерлерге мінездеме бере алады

      Сабақтың жабдықталуы/ Оснащение занятия

А) Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет/ Учебно-методическое оснащение, справочная литература:

Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Б.Қ.Мүкеева. Қазақ тілі мен әдебиеті. Тіл-Байрақ.10-сынып, 2-бөлім. Көкжиек-Горизонт, 2019.

Б) Техникалық жабдықтау, материалдар/ Техническое оснащение, материалы: компьютер

    

І. САБАҚ БАРЫСЫ / ХОД ЗАНЯТИЯ

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть: амандасу, білім алушыларды түгендеу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІV. Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін сұрау.

1. «Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру;

2.Сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмаларды орындату;

Сұрақтарға жауап бер:

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

  • Оның қандай шығармаларың білесің?

  • Неге Ы.Алтынсаринді «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп атайды?



Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі - қазақ балаларына арнап өзі құрастырған оқулыққа енген, өзге тілден аударылған шығарма. Әңгіме француз жұртының бір білімді адамының жазғанынан деп басталып, Антон деген жол бойында қайыр сұрап отыратын тіленші жігіт туралы баяндалады. Бірде кездескен жолаушы кісінің Антонға ақыл беріп, мысалмен өз басынан өткен жайды өзгеге үлгі етуінің сыры бар. Онда ол еріншектіктен арылып, жалқаулыққа салынбай еткен еңбек, төккен терінің арқасында бақуатты жағдайға жеткенін, балаларын да жасынан бос жүруге, қиналмай мал табуға үйретпегендігін, өз қайратымен тұрғызған екі өндіріс орнын балаларына бергендігін айтады. «Осы айтқанымша, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон», - деген жолаушы кісінің айтқан тілін алған Антон ерінбей еңбек етіп, маңдай терімен жақсы тұрмысқа жетеді. Бұған куә болған шетелдік әңгіме авторының көргені мен түйгені - еңбекті сүю, одан қашпай, дүниені еткен еңбек, төккен терден сұрау керек деген оймен тұжырымдалады.



Мәтінді оқу.

V. Аударма жасау, тексеру.

VІ.Сөздік жұмысы.


1 тапсырма. «Кейіпкерге мінездеме» әдісі.


Кейіпкер

Портреті

Іс-әрекеті

Ой-тұжырым

Антон

Жұмыс істеуге қуаты бар, орта бойлы арықтау бала .

Тіленші болып қайыр сұрайтын, кейін тіленшілікті тастап, жұмысқа кірісуі, зор дүниенің иесі болуы.

Ақыл айтқан кісінің ақылын тыңдады.

Талаптанды,

күнін босқа өткізбеді, ақша тапты, бай болды.


Дескриптор:

1. Әңгімеден кейіпкер портретін табады.

2. Кейіпкерлер іс- әрекеті арқылы образын ашады .

3. Өзіндік ойын тұжырымдайды.


2 тапсырма .Ақын өмірбаяны туралы көшіріп жазыңдар.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.
1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады.

Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.

3 тапсырма. Негізгі ойға қатысты ұсынған пікірлерін талқылап, ПОПС формуласын толтырыңыздар.

Менің ойымша, Антон- ақылды бала.

Себебі: Антон ақыл айтқан кісінің ақылын тыңдады, талаптанды, еңбектенді, ақша тапты, бай болды.

Мен бұны мына мысалмен дәлелдей аламын: Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленші болған жоқпын. Елден қыдырып жүріп ескі-құсқыны жиып жүрдім.Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға апарып, саттым. Ақша болған соң, бір есек,бір арба алдым.Сол арбамен сауда еттім. Ісім нық, жинақтымын, машақаттанудан қашпасаң сен де бай боласың, - деді.

Қорыта келгенде, еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың деп қорытындылаймын.

Дескриптор:

1.Негізгі ойға қатысты ұсынған пікірлерді талқылайды.

2.Өз ойларын жазады.

VІІ. Нығайту/ Закрепление:

Білім алушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды.

VІІІ. Рефлексия

«Шығу парағын» толтырыңыздар.

  • Бүгін не үйрендіңдер?

  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  • Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?



VІІІ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание

Бай болудың пайдасы мен зияны туралы ойларыңды диаграмма түрінде жазыңдар.


ІХ. Бағалау.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!