Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының ұлы ұстазы

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының ұлы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтынсарин туралы тың ақпараттар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Жакупова Самал Серікқызы

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 1-апта, №2 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы:

Баянның батырлығы Алашқа аян

Оқу мақсаттары:

Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Сабақ мақсаты:

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

Бағалау критериі:

  • кейіпкерлерді өз сөздерімен сипаттай алады;

  • көркемдік, әдеби тұрғысынан келгенде қай образ екенін ажыратады;

  • берілген мінездемелерге жырдан үзінді келтіре отырып, өз ойларын дәлелдей алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

7-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: «Баянның батырлығы Алашқа аян»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың;

Сенің меңгеретінің:

  • кейіпкерді өз сөздеріңмен сипаттай аласың;

  • көркемдік әдеби тұрғысынан келгенде қай образ екенін ажыратасың;

  • берілген мінездемеге жырдан үзінді келтіре аласы;.


Видео-аудио суреттер, презентация т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ






1-3 минут


















Тапсырмалар

1-тапсырма

1-тапсырма

Синтез. Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.
Үлгі:
1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.
Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян Абылайдың ең сенімді батыры.
5. Кім? Тарихи тұлға.



Дескрипторы:

  • 5 жолды өлең құрастырады

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді

Өзіңді тексер!





«Әдебиет лотосы»

Мақсаты: «Батыр Баян» поэмасы бойынша кейіпкерлерге сипаттама бер.

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды? Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір




















1-3 минут














Тәжірибе

Тапсырма №2.

а\ Абылай хан не себепті Батыр Баян келгеннен кейін де, қалмақтарға қарсы жорығын 1 күнге шегерді.

Жауап: Қалмақ ханының 7 кісісін жіберіп,ақ киіз үйді сыйға тартуы,Абылайханның сыйлықты қабыл алуы.

 ә\Абылайдың бұл шешіміне кім қарсы болды?

Жауап: Батыр Баян

 б\ Поэмада Баян образы қалай сомдалған. Портреті бар ма?

 Жауап: Баянның портреті оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен қайшылықтарды,

 ақыл мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдалған.Оны поэ-

 маның мына тұстарынан көреміз:

 1.Абылайдың Баянсыз жауға шаппауы-кейіпкер портретінің бірінші штрихы.

 2.Қалмақ қызын алып қашып келгеннен кейнгі Баянның ар мен жүрек таласы.

 Жан қиналысы;

 Алайда ар алысқан жүрегімен,

 Теңізде алысқандай күшті сеңмен...

 Осылай іштен күйген Батыр Баян,- деген өлең жолдарынан көрінеді.

 3. Інісі Ноян мен қалмақ қызы қашып кетті деген хабарды естігендегі күйі;

 Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,

 Жаралы жолбарыстай күңіренді.


 Немесе:Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.

 Өлді ақыл.Атып тұрып Батыр Баян,

 Боз үйден оқ жыландай шыға келді.

 Немесе:

 Алыстан екі қара көрді Баян,

 Кілегей қара бүлттай төнді Баян

 Ой жоқ боп,жүрек шоқ боп,құр екпін боп,

 Сұңқардай сорғалаған келді Баян.

 4. Інісі мен қалмақ қызын өлтіргендегі жан күйзелісі,ашу мен ақыл, сана мен сезім

 таласы;

 Зарланып күңіренді Батыр Баян...

 ...Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

 Ісімді мынау ағат немен жабам?

 Қара бет болдым алаш баласына,

 Ер дер ме енді мені Абылай данам?!

 Немесе:

 Күй,жүрек!Көл бол,жасым! Өрттен ішім!

 Алдымда айнам жатыр бөбек пішін...

 ...Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,

 Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.

 Тартқанда сынбадың-ау,сұм садағым!

 Қайтейін, арымадың арда күшім!

 Жоқ , әлде, жоқ,жоқ....Әлде...Өлтірдім бе,

 Інімді алты алаштың намысы үшін?!

 Немесе:

 ...Інісі ер Баянның-жасық Ноян

 Атадан азып туған дер болар ма?

 Құл болса бір қыз үшін балдырғаны

 Алашқа бұдан ауыр шер болар ма!-

 Деп зарланып.күңіренді жаралы ер,

 Айырылған екі жаннан қаралы ер.

 Зарланып көзінен қан тамшылатты,

 Тұңғиық жанды жеген қап-қара шер...


 5.Абылай ханмен тілдескендегі батылдығы;

 6.Жолдасы Жанатайға көрсеткен жанашырлығы;

 7.Қалмақтармен соғысқандағы ерлігі


















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі