Материалдар / Ыбырай Алтынсарин. Тақырыбы: Таза бұлақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин. Тақырыбы: Таза бұлақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1108
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиеттік оқу. 3 сынып.

Ыбырай Алтынсарин

Таза бұлақ

Унгарбаева Аяужан Косниязовна

бастауыш сынып мұғалімі,

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы


Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шерте отырып, әңгіменің негізгі идеясын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз ойларын, пікірлерін ашық айта біледі;

  • Жаңа сөздерді меңдерді;

  • Мазмұнын аша біледі;

  • Нақыл сөздерді тауып, жаза алады;

Сабақтың түрі: Сыни ойлауын дамыту жұмыс түріндегі сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, блум таксономиясы, сұрақ- жауап;

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, табиғат, бұлақ, жолаушы суреттері, карточкалар, қосымша материалдар.

Тапсырмалар: Тест, «Суреттерді құрастыр», топтастыру, постермен жұмыс, Блум сұрақтарына бағытталған сұрақтар.

Барысы:














Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру бөлімі

- Сәлеметсіздер ме?

- Бүгін сабаққа дайындықтарымыз қалай?

- Бүгін сабақта кімдер жоқ?

- Сабағымызды өлең жолдарымыздан бастайық.

- Сәлеметсіз бе?

- жақсы.

-

- Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Үй тапсырмасы

  • Үй тапсырмасы тест түрінде болады.


Тест

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?

А) Жазушы, ақын, тарихшы, композитор.

Ә) жазушы, қоғам қайраткері.

Б) Ақын, тарихшы, кұйші.

2. «Жаз келер» өлеңі қандай мезгіл туралы туралы?

А) Көктем

Ә) Жаз

Б) Қыс

3. Харекет-

А) шаруашылық

Ә) несіп

Б) әрекет

4. Жалғастыр

«Жаз келер, қыстыгүні қысым өтіп,

...... »

А) Қар, суық, аяз, боран- бәрі кетіп.

Ә) Шал- кемпір күншуақтап, күбірлесіп.

Б) Харекет берсе дағы қанша несіп.

5. Өлеңде қандай төлдер кездеседі?

А) қозы, бұзау, сиыр, түйе.

Ә) құлын, лақ, қозы, ешкі

Б) Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы.

Бағалау шкаласы


«5»

«4»

«3»

«2»

Барлығы дұрыс орындалған

1 жауабы ғана қате орындалған

2 жауабы ғана қате орындарған

Барлығы да қате орындалған







Дұрыс жауабы:

1. а

2. ә

3. б

4. а

5. б

(Оқушылар өздерін бағалау шкаласы бойынша бағалайды.)

ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту.

  • Тақтада үш сөз жазылып тұр. Олар:

«Табиғат», «Бұлақ», «Жолаушы»

- Осы сөздердің мағынасын түсіндіріңдерші.


Топқа бөлу «Суреттерді құастыр»

Әр бала қиылған суреттерді таңдайды. Содан соң оларды құрастырады. Тұтас турет құрастырылып болған соң топ-топ болып отырады.
(Табиғаттың, ағып жатқан бұлық, жолдаушының суреті)

1 топ - «Табиғат»

2-топ- «Бұлақ»

3 топ- «Жолаушы»

- Табиғат- тіршілік нәрі. Қоршаған орта. Туған елім мен жерім.

- Бұлақ- ағып жатқан таза, сөздір су.

- Жолаушы- белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.

ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

  • Күннің жадын жаздыру

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

  • Бағалау критерийлермен таныстыру.


Оқушы-

ның аты

Тест

Оқулық-

пен жұмыс

Шығар-

машы-

лық жұмыс

Сұрақ- жауап

Өзін-өзі баға-

лау

Мұғалім-нің бағасы

1








2








3








4








5








6

















Оқулықпен жұмыс

  • Балалар, Ыбырай Алтынсарин туралы есімізге түсірейік.

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

DrawObject1




Оқулықтың 132- 134 беттерін үш топ бөлімдерге бөліп оқып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1- топ- бірінші бөлім

1. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?

2. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар?

2- топ- екінші бөлім

1. Бірінші, екінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

2. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың?

3- топ- үшінші бөлім

1. Үш жолаушы неге бірдей ойламады?

2. Автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз?

DrawObject2 Шын есімі

Ибраһим Ағартушы Мұғалім


Ақын Жазушы

Қазақ

хрестоматиясын Алғаш мектеп

жазды ашты



(Сұрақтарға оқушылар өздерінің жауабын айтады)








(Жауап берген оқушы өзін өзі бағалап отырады)


Сөздік жұмыс


Ғибрат алу- үлгі алу



Сергіту сәті.

(Мұғалім бірінші өзі көрсетіп айтады. Балалар қарап тыңдайды. Содан кейін оқушылар қайталайды.)

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрі осы атқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарады.мынау менің оң аяғым

Мынау менің сол аяғым,

Мынау менің сол аяғым,

Жақсылыққа апарады.

(Оқушылар іс- қимылмен көрсетеді)

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрі осы атқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарады.мынау менің оң аяғым

Мынау менің сол аяғым,

Мынау менің сол аяғым,

Жақсылыққа апарады.

Шығармашылық жұмыс

- Бұнда сендер әр жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар. Жазғандарыңызды айтып шығасыңдар.

«Табиғат» тобы бірінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Бұлақ» тобы екінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Жолаушы» тобы үшінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.




- «Адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, ақырында сен де үлкейіп мұратыңа жересің»

- «Біреуге жақсылық етсең ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе»

- «Көңіліңіңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Көңілің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұрсын»


(Оқушылар өзін -өзін бағалайды)

Қорытынды

  • Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келесынадай сұрақтарға жа6уап берейік.

1. Үш жігіт қандай бұлаққа кез болды?


2. Олар нені байқап қалды?


3. Үш жігіттің пікірі бірдей болды ма?

4. Сенің ойыңша қай жігіттің шешімі дұрыс?

5. Бұлақтың, көлдің, өзеннің айырмашылығы қандай?

5. Табиғаттағы заттар бір – бірімен қалай байланысып тұр?

6. Алған ақпарат негізінде сіздер қандай қорытынды жасайсыңдар?







7. Табиғатты қорғау үшін не істер едіңіздер?



-суы мұздай, шыныдай мөлдір, өте таза бұлаққа кез болды.

- Қазандай қара тасқа жазған жазуды байқап қалды.

- жоқ, әртүрі. Бірақ жақсы мағынада айтылған.

-

-

-


-табиғатсыз өмір жоқ

- жақсы істермен айналысамыз

- табиғатты қорғау

- өтірік айтпау

- адамдарға жақсылық жасау

- адал қызмет ету

- ешкімді ренжітпеу


- суды ластамай, таза ұстау керек

- табиғатты бүлдірмеуіміз керек

- орманда от жақпау.жақсақ сөндіріп кету керек.

- ағашты сындырмай, ағашты көп отырғызу керек

Бағалау

Критерийлер бойынша оқушылар әр этап бойынша бағалап отырады. Қорытынды баға шығарады. Содан соң мұғалім бағалайды.


Үйге тапсырма

132-134 бет мазмұндау

«Су- тіршілік көзі» тақырыбында шығарма жазып келу.

- Сабағымыз аяқталды.


Сабақтың өзіндік талдауы

Кіріспе бөлімінде сабақты психологиялық тұрғыдан бес жолды өлеңді барлығы айтып шықты. Үй тапсырмасы кезінде тест арқылы оқушылардың білімдерін тексердім. Бағалау өлшемі бойынша өзін- өзі бағалады. Балалар өздерін шынайы бағалады. Үй тапсырмасы бойынша сабаққа әзір екендігін аңғардым.

Тұсаукесер бөлімінде сыни ойлауды дамыту бағытында ой қозғау әдісі сәтті өтті. Оқушылар барлығы өте жақсы қатысты. Осы бөлімде оқушыларды топқа бөліп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.

Негізгі бөлім бойынша жаңа тақырыпты топтастыру әдісін, «Блум» таксономиясының сұрақтарын қолдану арқылы білу мен түсіну, қолдану сұрақтарына оқушылар жауап берді. Бірінші сұрағы әңгіме туралы болса, екінші сұрақ сыни ойлау бағытталған. Ойлағанымдай бірінші сұрақты талантты және деңгейі төмен оқушылар жауап берді. Ал екінші сұрақты дарынды оқушылар жауап берді.

Шығармашылық жұмыс кезінде топ арасында оқушылар оқулық бойынша берілген тапсырмалар арқылы постермен жұмыстанды. Өз ойларын ортаға сала білді, қорғай алды.

Қорытынды бөлімінде «Блум» таксономиясының сұрағына бағытталған сұрақтар арқылы қорытындыладым. Алғашқы бес сұраққа оқушылардың барлығы белсене қатысты. Ал үш сұрағына қабілеті жоғары оқушылар жауап берді. Себебі, тез қабылдап алатын оқушылар өз ойларын жылдам айтты.

Балалар критерий бойынша әр тапсырмалар орындап болғасын «жұлдыз», «төртбұрыш», «үшбұрыш» фишкаларын пайдаланып жабыстырып отырды. Осылар арқылы өз- өздерін бағалады, өз-өздерін реттеді.

Бір кемшілігімді байқадым Бір оқушы сабақ уақытында басқа нәрсемен айналысып отырғанын видеодан көру арқылы байқадым. Бағалау кезінде оқушылардың кейбіреулері шынайы бағаланбаған. Өздеріне жоғары баға қойған. Сондықтан қорытынды баға қойған кезде сабаққа қатыспай отырған оқушылардың бағаларын тиісті бағамен бағаладым. Сабағымда уақытты есептеуді пайдалана алмадым. Өйткені тапсырмалардың көптігіне байланысты оқушылар үлгере алмай қалды.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сабақ жоспар бойынша мақсатына жетті. Оқушылар өз- өздерін бағалай алды. Сыни ойлауын дамыту бағытында үш оқушыларға көп көңіл бөлдім. Бұл сабақта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, талантты және дарынды балаларды оқыту, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау атты модульдерді сабағымда пайдаландым. Әр топта оқушылар белсенді қатысты.

Сабақ бойынша өзгертулер

Болашақта сабаққа қатыспай отырған оқушыны сабаққа тартуға тырысамын. Келесі сабағымда Тапсырмалардың көлемін азайтып, уақытты есептеп пайдалануға тырысамын. Бағалаудың шынайлылығына көп көңіл бөлу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!