Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсаринның этнопедагогикалық зерттеулері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсаринның этнопедагогикалық зерттеулері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Педагогика және филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті

Әбілхайырова Айнұр Мейрамбекқызы


Тақырыбы: Ыбырай Алтынсаринның этнопедагогикалық зерттеулері

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай АлтынсаринҚазақ халқының болашақ бағдарын дұрыс танып, халқын өнер-білімге шақырып,өзі соны тікелей іске асырушы да болды. Ол өзінің туған халқын қалтқысыз сүйіп, болашағына зор үмітпен қараған. Қазақ балаларына арналған орыс мектебінде білім алған Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында тұңғыш рет жаңа сипаттағы мектептер ашып, қазақ балаларына арнап оқулықтар жазды, соны алдымен өзі тәжірибеде батыл қолданды. Сол кездегі ескі жүйедегі оқуға қарсы болып, жаңа мазмұнды оқыту мен білім берудің бастаушысы болды. Ыбырай діни мектептердегі мағынасын түсінбей, құр жаттатып оқытуға қарсы болды. Оның орнына ғылымның әр саласынан түсінік беретін пәндік оқытуды жақтады.

Ыбырай Алтынсарин өзініңбіраз еңбектерін қазақ халқының сал-дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнаған.

Ыбырайдың қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрде тәрбиенің басты құралы ету еді. Сонымен қатар қазақтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жөніндегі орыс чиновниктері ойлағандай қазақтардың ұры, тағы, жабайы, көшпелі, мәдениетсіз халық емес, өзіндік мәдениеті, өнері бар халық екенін дәлелдеу үшін қазақтың салт-дәстүрлерін арнайы зерттеп, очерк жазған.

Ол 1870 жылы Россия география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыруы бойынша «Орынбор ведомствосы қазақтардың өлген адмды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очерктері», «Орынбор ведомствосы қазақтардың құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері» атты екі этнографиялық еңбегін жазып тапсырады. Бұл еңбектері орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік береді. Бұл зерттеулер Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқының салт-дәстүрлерін жетік білетін және сол ғұрыптардың елдің тұрмыс-тіршілігіне, діни салт-санасына қарым-қатынасын жете бағалайтын білімдар кісі екенін айқындайды.

«Орынбор ведомствосы қазақтардың өлген адмды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очерктері» еңбегінде Ыбырай Алтынсарин қазақтардың өлген адамды жерлеу дәстүрін сөз еткенде, мұсылман елінің шариғат заңы бойынша, өлген адамды қалай арулап жуып,о дүниеге шығарып салу дәстүрін жан-жақты баяндауға тырысқан. «аңқау елег арамза молда» дегендей, дүмше молдалардың өлген адамның күнәсін сатып алу дегенді ойлап тауып, артында қалған мал-мүлкін таран-таржаға салатынын айыптайды. Сөйтсе, осы бетімен жерлесе осы дүниеде жасаған күнәсі үшін одүниеде тозақтың отына күйеді. Ал егер күнәсін сатып алса,о дүниеге күнәсіз, таза күйінде жәннатқа барады деп, қайтыс болған адамдардың туыстарынан еңбегі үшін түйе, ірі мал тағы да басқа сұраған. Бұл садақаны молдалар өздері алмай, кедейлерге таратып беруі керектігін жазады. Сонымен қатар өлген адамға қойылатын ескерткіштердің мән-мағынасын ашады. Бейіттер алыстан көрінетіндей,биік жерге салынады. Ер адамдар бейітінің төбесіне-найза,әйелдер бейітінің үстіне-бақан немесе піспек,сәбилердікіне-бесік қойылады. Бейіттер суға жақын болуы ескеріледі. Сөйтіп, елсіз иен далада келе жатқан жолаушылардың бейітке қарап жер бағдарлау, су тауып ішуі мақсаты көзделеді. Сол сияқты өлген дамның үйіндегі белгілерге қарап, оның жасын білуге болады. Үйдің сол жағына ұшы сыртқа шығарылған найза қойылып, оның ұшына үлкен орамад байланады. Егер өлген адам жас болса-қызыл, орта жастағы адам болса-қара,кәрі адам болса-ақ орамал байланады. Сондай-ақ бұл еңбекте жоқтау, көңіл айту, жаназа шығару, бата жасау тағы басқа да дәстүрлер сөз болады.

63 жастан асып өлген бай,атақты адамдардың құрметіне ас беру рәсімі сөз болатынын жазады.Онда ат жарыс, көкпар палуандар күресі болады. Ас тарқарда қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары мен киген сәнді киімдері құда-құдағилар мен құрбы-жолдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамдардың жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Әсіресе, бай қазақтар өлгенде, жылына қор-қор қой, үйір-үйір жылқы сойылып,ат бәйгесі мен балуан бәйгесіне көп қара мал, алтын-күміс жамбы тігілетіні, мұның өзі бәленшенің асы осындай аста-төк болып еді деп,бірнеше жыл бойы мақтан қылып,айтып жүру үшін жасалатынын,орынсыз шығын, ысырапшылдық екенін атап көрсетеді.

Сондай-ақ,атты бәйгеден озып келегн адам мен күрестен жеңген балуанның бейгелерін, олардың таныстары, туыстары үлестіріп әкететінін, мұның бәрі қазақтың атаққұмар, даңғойлығы екенін жазады.

Қазақтың өлген адамды жөнелтудегі осындай ескі салт-дәстүрлері мен ырымдарын бүгінгі жастарға білдіруде бұл еңбектің білімділік, этнографиялық, этнопедагогикалық құндылығының зор екендігінде дау жоқ.

«Орынбор ведомствосы қазақтардың құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері» атты еңбегінде қазақтың өзара қоғамдық қарым-қатынасы әдет-ғұрыптары бойынша реттеліп келген кезде, абақты, түрмесі жоқ заманда, ағайын-ауыл, ру араларындағы дау-жанжалдарды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен шешуде, ағайын-жұрттың, құда-жекжаттың көп болуының үлкен ролі болғанын айта келіп,малды,бай адамдардың өздеріндей мал басы көп,жан-жақты, ел ішінде беделді адамдармен құда болуды көздегенін, ондайда тіпті бала тумай жатып, әйелдері екіқабат болғаннан көңіл қосып, құда болу салт-дәстүрінің мән-мағынасын талдайды.

«Бел құда» , «бесік құда» деген ұғымдардың мәнін ашады.Таныс, дос адамдардың құдалық арқылы туыс болуының екі жастың отбасының берік болуына ықпалы зор. Бірін-бірі жақсы танитын адамдар балаларына да жақсы қарайтыны белгілі.

Даңқты қазақтар әрқашан өзінің баласына басқа бір рудан,өзіндей даңқты адамдардың қызы айттыруға тырысқан. Қазақ арасындағы аңызға қарағанда, қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Қазақ ақсақалдары мұндай тәртіпте алысты болжаушылық бар екендігін айтады, өйткені, қазақ арасы тыныш болмаған кездерде оның халыққа пайда келтіргенін айтады. Шынында да, жауласып отырған рулардың басты адамдардың бір-бірімен құда болуы жеке рулардың татуласуына себеп болады.

Баласына қалың беріп, құда болғысы келген адамның ел аралып, қызы ұнаған үйдің керегесіне қамшысын қыстырып кететінін, ол құдалықтың бастапқы белгісі екенін,мұнан кейін көп кешікпей елші жіберіп,қыздың әке-шешесінен ризашылық сұрайтынын,құдалар келіп қалың малға келісім жасайтынын, қалың малдың мөлшері қыздың жасауы мен әке-шешесінің әл-ауқатына байланысты қырық жеті немесе отыз жеті қара мал болатынын, ал кедей адамдар құда болғанда ірілі-уақты жиырма жеті, он жеті мал беретінін сөз етеді.

Автор қазақтың құдасын құдайдай сыйлай отырып, олардың алдынан арқан тарту, беттеріне ұн жағу, шапандарының етектерін сырмаққа тігіп қою, құдаларға киіт кигізу салттарын әңгімелейді.

Күйеу қайындап барғанда орындалатын «желі аттар», «ит ырылдатар» , «кемпір өлді» , «отқа салар» , «қол ұстатар» , «шаш сипатар» тағы басқа құдашаларға, жеңгелерге үлестіретін кәделер түгел сөз болады. Осындай әдет-ғұрыптар мен түрлі кәделер екі жақтың жақындасуына, бірін-бірі жақынырақ танып-білуіне ықпал етеді.

Қазақ ауылында қыз ұзату мен келін түсіру дәстүрімен байланысты ұлттық ойындар, ән-жырлар, күйеу мен қалыңдықты таныстыруға арналаған «Жар-жар» , «Беташар» , «Айт келін» сияқты тұрмыс-салт жырлары мен ақындар айтысының мән-мағынасы да назардан тыс қалмаған. Беташарда «Қайын атаңды сыйла-ол сенің әкең, қайын енеңді сыйла-ол сенің анаң, күйеуіңді сыйла-ол сенің қожаң,өсек айтпа, орынсыз үй қыдырма, үлкенге ілтипат жаса, кішіге қамқоршы бол,шаруаға икемді бол» деген сияқты өсиеттер айтылады.Жас келіннің үлкенге иіліп сәлем беруі, орынсыз күлкіден, келеңсіз қылықтан,бейсауат жүрістен аулақ болуы отбасы бірлігіне ұйытқы болатынын айта келіп, Ыбырай қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрінің үлгі-өнегелік жағын ашып көрсеткен.

Ыбырай Атынсаринның өмірлік мақсатпен жазған тағы бір еңбегі «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» деп аталады. Бұл еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әріпімен жарық көрген соң, қайтып басылмайды, аттар ғасыр бойы архивтің қараңғы қоймасында сақталады.

Ыбырай Алтынсаринның «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегін жазуға өз заманының екі жағдай себепші болды. Біріншісі: Ыбырай ашқан мектептерде міндетті түрде дін сабағы өтуі тиіс еді. Бұл талапты орындауда Ыбырай ағартушылық бағытынан жаңылмай, ислам дінінің мән-мақсатын таныстыра отырып, негізінен адамгершілік тәрбиесі мәселесіне баса ден қойған. Мұнысы үшін кезінде «...балаларға ислам дінінің ақиқаттығын дәлелдейтін негізгі түсінік бере алмайды.» деп сыналаған болатын.

Кітаптың жазылуына себепші болған екінші жағдай:сол кездегі енді орныға бастаған жазба мәдениетімізге араб, парсы сөздерінің енуі елінің ертеңін ойлаған Ыбырай сияқты азаматты бейтарап қалдыра алмады. Тек Ыбырай емес, сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу зиялыларының қайсысы болса да қазақ әдеби тілінің таза күйінде орнығуына айрықша көңіл бөліп,халық тілінің шұбарланып бара жатқанын уайым етті. Бұл жайында: «Орыс халқының византиялық дәуірді өткені тәрізді, татар дәуірін бастан кешіру сияқты қатерлі белес тұр»,-деп жазды Шоқан Уәлиханов.

Ыбырайдың өзі «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегін жазудағы мақсаты жөнінде былай деді: «...біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін,ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеуі үшін мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім.

Ыбырайдың бұл кітабының құндылығы, біріншіден,мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік берсе, екіншіден, діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуында, үшіншіден,ең бастысы, шариғат заңының өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдауында. Ол діннің өзін тәрбие құралы деп қараған.

Бұл кітап төрт бөлімнен. Бірінші-иман туралы, екінші-намаз туралы, үшінші-жақсылық-жамандық мінездер туралы, төртінші-намаз ішіндегі оқылатын дұғалардың қазақша мағынасы.

«Үйренушілерге қашанда иман мен діннің мәнісін осы ретпен үйрету керек. Бұлай үйретпей, мәселен, иманнан бұрын намаз, ораза мәнісін үйретсе, үйретуші кісі күнаһар болар», -дейді.

Ыбырай діннің мәнін жастарға ұғынықты тілмен түсіндіреді. Кітаптың бірінші бөлімінде: «Мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргеннен емес. Әуелі иманды болып, ол иман деген не екеніне түсініп, түсінген соң сол иман ішіндегі сөздерді шын көңілмен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, ол намаз болып табылмайды» , -деп адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол нәтиже бермейді деген қорытынды жасайды.

Осы кітаптің екінші бөлімінде намаз ішінде он екі парыз бар, оның алтауы сыртқы, алтауы ішкі парыз, сыртқы парыз тән тәрбиесіне, ішкі парыз жан тәрбиесіне арналады деп, намаз үстінде жан мен тәннің тәрбиелік бірлігі жүзеге асатынын айтады.

Кітаптың үшінші бөлімінде Ы.Алтынсарин аят пен хадисте білдірілген жақсы-жаман мінездерді сипаттайды. Жаман мінездер алпыс түрлі, бірақ сол алпыс түрлі мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден. Олар:

  1. Куфр-дінге сенбеу, дінсіздік.

  2. Бидғат-діннен бөлек өз ойынан шығар ән уағыз, шариғат.

  3. Кубр-менмендік, өзімшілдік.

  4. Рия-мақтану, өзін-өзі көрсету.

  5. Хасад- қызғаншақтық, күншілдік.

  6. Бухл-сараңдық.

  7. Исраф-дүние шашқыштық, ысырапшылдық.

Осыларға қарсы жақсы мінез жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. Олар:

  1. Иман - дінге сену.

  2. Самғия-әділдік.

  3. Ихлас-адалдық, ақ көңілділік.

  4. Тауадуғ-сыпайылық, момындық, шын берілгендік.

  5. Насихат-адал ниетпен берілген кеңес, өсиет.

  6. Сахауат-жомарттық, кеңпілділік, қайырымдылық.

  7. Машруғ-малды орынды, дұрыс жұмсау.

Дүниеде ешкім мәңгі тұрмайды. Адам баласының бұл дүниедегі жақсылықтары мен жамандықтары бірде болмаса бірде алдынан шығады. Егер дүниеде таза мінез бен қайырлы істер істесеңіз, о дүниеде ұжмақтың рахатын бөленесіз. Егерде дүниеде арам пиғылды болып, ұрлық істіп, өтірік айтсаңыз, мұның кесапатын, залалын көресіз. Әрбір іс бастан түзу болмаса, түбінде түзелуі де қиын. Ағашты жас күнінде қисығын түзесең, тзу болып өседі, әрі бір түзу болып өскен соң жаңадан қисаймайды. Ағаш ұлғайып, қатып кеткен соң түзеуге де көнбейді, сынып кетеді. Сол сияқты, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, сол әдет тура жолдан соңғы уақыттарда қандай қиындық көрсеңіз де тайдырмас, -деп жақсылық істесе де, жамандық істесе де , пайда –залалын өздері көретінін жастарға түсіндіреді.

«Жақсылық пен жамандық құдйдан деп иланбақтың мәнісі Алла ісіне сенуден туған наным... Бірақ Құдай Тағала ешкімді жамандық жолына бұрмады, мынау жақсылық, мынау жамандық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түсседе ықтияр береді» , -деп адамның жақсылық не жамандық әрекетін Алла Тағала істетті дейтін молдалардың жалған насихатына қарсы шығады.

Ыбырайдың жақсылық-жамандық туралы пікірлері Абайдың жиырма сегізінші қара сөзіндегі: «...Әуелі иманды түзетпей тұрып, қылған ғибрат не болады? Жақсылық жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдыратын құдай емес, ауруду жаратқан құдай, бірақ ауытқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бірақ бай қылған, кедей қылған құдай емес» , - деген пікірмен астасып жатыр. Бұл жерде Абай да, Ыбырай да адам тағдыры адамның өзінің қолында, талаптанып талпынуда, адал еңбек етуде деп терең философиялық қорытынды жасап отыр.

Халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсаринның ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра екені даусыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2018
2280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12