"Ыбырай Алтынсаринның педагогикаға қосқан үлесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ыбырай Алтынсаринның педагогикаға қосқан үлесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар, студенттер, оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтініш

Педагогтың аты-жөні

Саткынбаева Гулим Даулеткелдиевна

Мекен - жайы

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Аккент, 27 үй,68 пәтер

Білім беру мекеменің атауы

МКҚМ №164 бөбекжай балабақша

Телефоны, Поштасы

87078999208, gogee@mail.ru

¾ фотосы

Picture 1



ЭССЕ

Ыбырай Алтынсаринның білім саласына қосқан ерен еңбегі.

Қазақ халқының ең алғаш ұстаздарының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин десе, әрине, бәріміздің есімізге бірден «Кел, балалар,оқылық!» деген өлең жолдары түседі. Себебі, мектептің табалдырығын алғаш болып аттағанда, мектептің тақтайшасында оқитын жазуымыз, осы өлең жолындағы «Кел, балалар, оқылық!» деген жолы, осы өлең жолы арқылы бүкіл қазақ даласының балаларын білімге шақырып тұрады.

Қазақ даласына алғаш мектеп салып, жастардың білім алуына негіз болған-ағартушы, педагог, фольклор. Иә, білім саласында ХІХ ғасырдың екінші ширегінде ат салысқан ағартушылардың бірі. Алған білімдерімен бөлісіп, ізденіп, шығамаларымен таныстырып, бірі мектеп салса, бірі әліппе құрады, бірі жастарды оқуға, білімге шақырды. Ыбырай Алтынсаринның қазақ даласында ғана емес, егеменді Қазақстанның жастарын да білім суымен сусындатты. Сонау Торғай даласында салынып басталған мектеп, қазіргі кезде әр бір ауылда, қалада бар. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздар қауымы қазіргі кезде мәртебесі биік тұлға. Кезінде із салып, негізін қалаған ағартушыларға мың алғыс.

Патша үкіметінің қазақ даласының жастарының білім алуына кедергісіне қарамастан, жастарды білімді болуға шақырған. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің өзі мал жинаған емес, білім жинаған адам озатынын айдан анық көрсетіп отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл, 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылдық. Яғни, бұл дегеніміз ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыздың еңбектерінің жемісі.

Ыбырай Алтынсаринның барлық шығармалары еңбекке, мейірімділікке, қамқорлыққа, адалдыққа шақырады. «Әке мен бала», «Жамандықпен жақсылық», «Мейірімділік», «Екі дос», «Таза бұлақ» тағы да басқа шығармашылықтарын мысалға келтіруге болады. Мектеп жасындағы балалар ғана емес, мектепке дейінгі балаларға да түсіну, талдау, әңгімелеу өте жеңіл. Мағынасы терең.

Ыбырай Алтынсарин өзінің алған білімімен бөлісіп қана қоймай, іздене отырып, тарихта қаларлықтай шығармаларды ұсынды. Шығармаларының өзіндік орны қазақ әдебиетінде ерекше.

Ол неғұрлым көп білім берсем деп армандады. Қазіргі Тәуелсіз елдің балалары білімділердің заманында өмір сүріп отыр. Міне, білімді тәуелсіз ұрпақ осы Ыбырай, Абай, Міржақып, Әлихан, Әлияс, Сәкен,Сұлтанмахмұд, Ахмет аталарымыздың салған жолдармен сусындап, нәр алса, нағыз елін, жерін сүйетін Отанына қызмет етіп қоймайтын ұрпақ болады. Сондықтан, мектеп қабырғасынан емес, мектепке дейінгі ұйымдарда да Ыбырайдың шығармаларын оқулықтарға қосып білім беру керек.

Ең алғаш мектепті салып қана қоймай, Ыбырай Алтынсарин ең алғашқы қол өнер мектебін де ашып, қазақ балаларын оқытты. Және оны мақтан етті. Алғашқы қазақ тіліндегі оқу құралын да шығаруды жоспарлады. Өз елін, жерін ерекше жақсы көрді. Сондықтан мол сеніммен қарады. 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Сырдарияда басылып шықты. Ана тілімізде шыққан тұңғыш оқулық білімі терең, тарихта қалған, әдебиетте орны бар оқулық болып қала берді.

Қазіргі таңда, Ыбырайдың шығармасыман таныспаған, өлеңін жаттамаған адам жоқтың қасы. Міне, Ыбырай атамыздың шағын әңгімелерінің астарында оқу, білімге шақырып қана қоймай, еңбек пен адалдықты, мейірімділікті, достықты ту етеді. Бұл өмірде сарқылмайтын ол, білім. Ал білімге жетудің басты жолы – ол еңбек ету. Яғни, оқу, іздену, қажымай тер төгу.

«Мен жастарға сенемін...» деп Міржақып Дулатов айтпақшы, білімді ұрпақ ол тарихтағы із қалдырған тұлғалардың еңбегінің жемісі.

Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын. Мақтан етемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2021
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі