Ыбырай Алтынсаринның шығармалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсаринның шығармалары

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар, студенттер, оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС«БалДәуренШақ» балабақшасы









Ашық сабақ

Тақырыбы: «Әке мен бала»









Тәрбиеші: Усайнова А.С











Алматы қаласы, 2020-2021 оқу жылы





Білім беру саласы: Комуникация

Білім көзі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин

Мақсаты:Ы.Алтынсарин туралы мәлімет беру. Әңгімені тыңдауға, талдауға үйрету. Сөз қорлары молайту, Сұраққа жауап беруге дағдыландыру. Суретпен жұмыс жасай алу қабілеттерін машықтандыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойлау, қабылдау қасиеттерін дамыту. Еңбекке баулуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар, қолдарыңды бір – біріңнің иықтарыңа қойып, шаттық шеңберін құрайық!

Шаттық шеңбері:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.

Тәрбиеші: Балалар, білесіңдер ме, таңертең тұрып, көзімізді ашып, терезеге қарасақ алдымен арайлап атқан таңды, күннің нұрын көреміз. Бүгін көңіл – күйіміз осы күн сияқты керемет.

Бүгін біз ұлы ақын, ұстаз Ыбырай Алтынсарин атамызбен таныса отырып, Ыбырай атамыздың еңбек жайлы, адамның асыл қасиеттері жайлы ой бөлісеміз.

Тәрбиеші: Ыбырай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Балалар жауап береді.
Тақтаға Ыбырай Алтынсариннің портреті қыстырылады.

Тәрбиеші: Балалар, суретте кімді көріп тұрсыңдар? Ыбырайдың қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер? Балалар жауап береді.
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріне арналады. Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Бірінші рет қазақ әліппесін жасайды. Балалар әдебиетінің атасы. Қазақ даласында алғаш рет мектеп ашқан. Ағартушы, ұстаз, жазушы.

Әңгімені аудио жазба арқылы қою.

Ы. Алтынсарин. «Әке мен бала»
Әке баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатады. Жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп баласына айтады:
– Балам, анау тағаны алы жүр, – деді
– Бала әкесіне: – Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, – деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, өзі бір – бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетті. Артында келе жатқан бала шиені жерден алып аузына салады. Біраздан соң бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әкесі он шақты шие тастайды. Баласы оншақты рет жерден иіліп алады. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
– Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиені; жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, – деді.

Қорытынды. Сұрақ – жауап.

Суретпен жұмыс.
Тәрбиеші: Баланың істегені дұрыс па? Әке баласына қандай сөздер айтты? Баланың мінезі ұнады ма? Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма? Сендердің әкелерің қандай ақыл береді? Балалар жауап береді.
Дидактикалық ойын: «Адамның асыл қасиеттері»

«Адамның асыл қасиеттері» ағашына еңбекқорлық, имандылық, адалдық, әділдік, әдептілік, ізеттілік, жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, қанағат, менмендік, жалқаулық, қатыгездік, ашу, ызақорлық, инабаттылық, қарапайымдылық, сыпайылық, жауапкершілік сияқты қағаздардың керегін қыстырады.

Өлең жолын қайталау.

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпенен тоқылық.

Қорытындылау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі