Ыдыс дизайны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыдыс дизайны

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ыдыс дизайны жайлы мағлұмат бере отырып, оның жасалу жолын үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту. Эстетикалық талғамын, түр-түсті ажырата білуге, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.Ұжыммен бірге әрекет жасауға ұйымдастыру.

Сабақ түрі: понарамалық сабақ. Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс. Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика. Көрнекілігі: дизайнерші мамандығына байланысты суреттер салынған плакат, әр түрлі түстер, үй жиһаздарының ,автомобильдердің суреттері, үй схемалары, белгілер.т.б.

Еңбек нысаны:Қағазға құманның сызбасын түсіру.

Құрал-жабдықтар: қалам, сызғыш, өшіргіш, түрлі-түсті қаламдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабаққа даярлау

  • Шаттық шеңбері

II.Үй тапсырмасы

Ыдыс-аяқтарға байланысты ребус құрау

Жұмбақтар жасырып келу.

Shape3 Shape2 Shape1 Ыдыс

Ағаш металл тері

ІІІ. Жаңа сабақ. Ыдыс дизайны

Дизайн галереясына саяхат

Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. 
Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған. 

Дизайн дегеніміз - кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.







Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Дизайн өндірістік, графикалықҚазіргі күні ыдыс таңдауда да біршама қиындыққа тап болатынымыз жасырын емес. Дастарханның сәні болар ыдыс-аяқтың дизайны мен әдемілігі бір-бірінен өтетіні өз алдына.Музей қорында заман дамуының әр түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін жиһаздар мен ыдыс түрлері өте көп. Олардың ішінде қыш құмыралар, шыны , фарфор, фаянс, күміс ыдыстардың әр түрі бар. Мұның бәрі сол кезеңдегі қолөнер шеберлерінің жұмысы.

Жалпы қолөнер-ерте заманнан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан өнер түрі. Әр түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ түрлері сан ғасырлар сынынан өтіп, сомдалған қолөнердің озық үлгілері болып табылады.Сондықтан қолөнердің заман, өмір ағымымен қашан да бірге туындап, дамып отырғанын бүгінгі көрме жәдігерлері дәлелдейді. Егерде тас, қола дәуірлеріндегі ыдыс түрлері негізінен қыштан, қоладан жасалған болса, ғасырлар өте адам баласы оларды күмістен, фарфордан, фаянстан сәнді етіп жасауды игерген.Иә, заман жаңарып, қоғамға елеулі өзгерістер ене бастады десек те, қолөнер бұйымдары мен оны жасаушы шеберлер өнері күні бүгінге дейін бәрімізді таңқалдыруда.Өйткені мынандай сәнді ыдыстар тек қана нағыз шеберлер- зергерлердің қолынан шыққан туындылар екені анық. Ал қолөнердің зергерлік түрі күрделі де, бейнеті мол сала. Ол біріншіден, үлкен икемділікті, сонымен қатар шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін сала. Зергер ұста өз туындыларына кіріспестен бұрын қашан да металл қасиетін, оған бедер түсірудің барлық мүмкіндігін тексеріп алып отырған.Сондықтан осынау көрмеге қойылған күміс, фарфор, фаянс ыдыстары арқылы, біз сол кезеңдегі зергерлердің шеберлігіне үңіліп, ыдыстардың сырына қанығамыз..Ыдыс-аяқ жасаған кезде металды көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістері: соғу, құю, басу, қалыптау, оюлау, қара жүргізу, эмальмен әсемдеу, заттың жиегіне айнала өрнектеу, зерлеу, темірге күміс қақту, алтын жалату қолданылған. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен формасымен үйлестірілген Зергер еңбегінде көлемге қалай да шек қойылған. Гобелен тоқу сияқты, қалаған мөлшерін, таңдаған өрнегін металл бұйымдарына келісе бермеген.

Қазақстанда фарфор, фаянс ыдыстарын Ақмола облысындағы «Целфар» АҚ фарфор зауыты мен Қапшағай фарфор зауыты шығарады. Бұл зауыттарда шығыстық үлгідегі шыны-аяқтар, табақтар, құмандар, кеселер, кофе сервиздері, бір сөзбен айтқанда ыдыс комплектілері шығарылады. Дизайн бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т. б.)
- тұрмыс бұйымдарын; электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б. жобалау,
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фотодизайн.
Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады.

- Интерьер  деген не? Қасбет деген не?

- Бөлменің тұтас  ішкі көрінісін (бүкіл жиhазымен) интерьер деп атайды. Интерьер дизайнершінің міндеті үйдің ішіндегі бөлмелерге қолайлы түстер тауып, үй жиhаздарын қолайлы, әрі әдемі етіп орналастыру.  Жиhаздардың бөлмелерге лайықты, бүкіл жиhазымен үйлесімді болуын қадағалау. Үйдің сыртқы бетін қасбет дейміз(фасад)

Дәптермен жұмыс

Дизайн дегеніміз - кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз.

ІҮ.Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесі

Оқушылар құманның сызбасын қағазға түсіреді.

Сергіту сәті . Жұмбақты шешу.

Жұдырықтай қамырды,

Жаулықтай ғып жаяды. (оқтау)

Жұдырықтай қамырды,

Жаулықтай ғып жаяды. (самауыр)

Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды. (қазан)

Ү. Бекіту сұрақтары

  • Дизайн дегеніміз не?

Дизайн өнері қандай жерлерде кездеседі?

ҮІ. Үйге тапсырма

  • Ыдыс-аяққа байланысты

Мақал-мәтелдер жазып келу.

ҮІІ. Бағалау

Оқушыларды жұмыстарына қарай бағалау.

Жамбыл атындағы орта мектеп



Shape4

Тақырыбы:

Shape5



Picture 3 Picture 2

















Көшек батыр ауылы




Дизайн өнері

Республика Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3

Учитель изобразительного искусства и черчения

Алшагиров Тулеген Шукирбаевич

Сабақтың мақсаты:

1.Бейнелеу өнеріндегі алған білімдерін тексеру, дизайн туралы тереңірек мағлұмат беру. Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың  қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу

2. Оқушылардың шеберліктерін дамыту.

3. Бейнелеу  өнері   арқылы оқушыға эстетикалық тәлім-тәрбие беру.Шығармашылық ізденістерін арттыру,өнерді қабылдау.

Дамытушылық:             Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс  жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

 Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

  жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,  әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

       Қызығушылықты ояту

Сергіту, топқа бөлу

        Ой қозғау стратегиясын қолдану арқылы оқушыларға сұрақ қойылады.

-Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз?

-Графика, сыршырай, мүсін, қолөнер сәулет, дизайн.

-Дизайн деген не?

Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері.Жаңа нәрселерді ойлап шығару және өмірге енгізу, , автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді

ІІ. Мағынаны тану

        Топтастыру стратегиясын пайдалану арқылы сұрақ қойылады:

-         Суреттер бір-бірімен қандай маман арқылы байланысты?

-         Дизайнерші маман арқылы.

 (Слайдтардан дизайнершімен байланысты суреттер көрсетіледі.)

 



 

Автокөлік                                                     Интерьер

                                                                Ыдыс-аяқтар

-         Дизайнершінің осы суреттерге қандай қатысы бар?

-         Осы нәрселерді ойлап шығарып, әсемдейді.

Алдымен ол суретші болу керек.
-Дизайнның түрлері:

1. Өндірістік дизайны- өндірістегі механизмдер көліктер, ыдыстар, киімдер және т.б

2.  Графикалық дизайн- газеттер, журналдар, кітаптар,сыйлық кәде,кондитерлік тәттілердің қорапшалары т.б

3.  Интерьер дизайны – тұрмыстық үйлер, қоғамдық өндірістік мекемелер.

- Интерьер  деген не? Қасбет деген не?

- Бөлменің тұтас  ішкі көрінісін (бүкіл жиhазымен) интерьер деп атайды. Интерьер дизайнершінің міндеті үйдің ішіндегі бөлмелерге қолайлы түстер тауып, үй жиhаздарын қолайлы, әрі әдемі етіп орналастыру.  Жиhаздардың бөлмелерге лайықты, бүкіл жиhазымен үйлесімді болуын қадағалау. Үйдің сыртқы бетін қасбет дейміз(фасад)

ІІІ. Ой толғаныс.

Бүгін сендер  дизайнер баласыңдар. Оқушылардың мақсаты:

  1. Үйді бірнеше бөлмелерге бөліп, әр бөлменің атын жазады да, әр бөлмені сәйкес түстермен  бояйды.

  2. Үйдің сыртқы қасбетін эстетикалық талғаммен безендіреді.

  3. Әр топ жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.

Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа үйдің горизанталь тіліктегі көрінісін, үйге  қажетті жиhаздар мен санитарлық құбыр қондырғылардың суреттері үлестіріледі.

 Сабақтың аяғында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

V.Сабақты бағалау.

Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

                       Үй жұмысына тапсырма беру. Өз үйлерінің ішкі көрнісін салып келу.      

    VІ.Сабақты бекіту.









































Ыдыс-аяқ[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ыдыс-аяқ

Ыдыс-аяқтың жасалған материалы бойынша түрлері[өңдеу]

Ыдыстардың металданкерамикаданшыныданпластмассадан жасалынған түрлері бар.

Металл ыдыстар[өңдеу]

Металл ыдыс-аяқ шойыннан, алюминийден, жезде т. б. жасалынады.

  • Алюминий ыдыс.

    • Алюминий ыдыс белгілі бір соқпа қалыппен және құйма әдіспен жасалады. Соқпа

    • қалып ыдыстары пайдалану мақсатына қарай түбінің қалыңдығы әр түрлі болып шығарылады (жеңілдеуінде—1,5 мм орташасында —2 мм, ауырынікі—2,5 мм). Құйма ыдыс-аяқтар (таба, кастрюль, қазан т. б.) негізінен қою тамақтарды қуыруға, бұқтыруға және

    • пісіруге арналған.

    • Алюминий ыдыс-аяққа әр беру үшін оған күміс, хром жалатып түрлі түсті бояулармен бояйды.

    • Алюминий ыдыс ыстыққа өте төзімді (алюминийдің балқу температура 6580С), температураның күрт (кенеттен) өзгеруі де қауіпті емес.

    • Алюминий ыдыста пісірілген тамақтық дәмі, түсі, исі бұзылмайды. Мұндай

    • ыдыстарда кез келген тамақты, оның ішінде көбірек тұздалған және құрамында органикалық қышқылы көп тамақтарды да пісіруге болады.

    • Алюминий ыдыста тамақты 2 тәулік -тен артық сақтауға болмайды; тұздалған қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр береді.

    • Алюминий ыдысты алғаш рет пайдаланар алдында ішіне май жағын, су қайнату не сүт пісіру керек.

Мырыштан жасалынған ыдыстар[өңдеу]

  • Мырышталған ыдыстар алдын ала мырыш жал атылған темір табақтарынан болмаса

  • қара темірдің өзінен жасалады. Кейінгісіне мырыш ыдыс дайын болған соң жалатылады.

  • Мырышталған ыдыста тамақ пісіруге, ауыз суды қайнатуға болмайды. Өйткені мұндайда пайда болатын мырыш тұзы адамға зиян. Мұндай ыдыстарда азақ-түлікті консервілеуге (мысалы, саңырауқұлақкапустаны т. б.) болмайды.

  • Мырыш жалатылған ыдысқа қышқылды, сілтілі ерітінділер (кір жуатын

  • порошок) ас тұзы әсер етіп, мырыш жалатпаның бұзылуын тездетеді.

  • Мырышты ыдыстарды кір жууға, кір қайнатуға, су, керосин сақтау үшін пайдалануға болады.

  • Тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды негізінен сұйық тамақ пісіруге (себебі түбі жұқа әрі ыстыққа төзімді келеді) және тамақты ұзақ сақтауға (тамақтық дәмі бұзылмайды) пайдаланады.

Жез ыдыстар[өңдеу]

  • Жезден жасалған ыдыстар негізінен су, қайнатпа (варенье) қайнатуға т. б. арналған. Оларды алюминий және эмальды темір ыдысқа қарағанда ұзақ пайдалануға болады.

  • Жез ыдыстарды ұзақ уақыт пайдаланбаса қарайып кетеді және бетінде жасыл жұқа қабат пайда болады.

  • Ыдысқа органикалық қышқылдар, сүтмай және көптеген тағамдар әсер етеді.

  • Тамақ пісіруге және ауыз суды қайнатуға арналған жез ыдыстың ішкі жағына міндетті түрде қола жалатады.

  • Қайнатпа қайнататын ыдыстың ішкі жағына қола жалатпайды. Өйткені жездің жеміс-жидектің құрамындағы органикалық қышқыл мен әрекеттесуіне қанттың жоғары концентраты кедергі жасайды.

  • ЬІдыстың сыртқы бетіне никель не хром жалатады.

Шойын ыдыстар[өңдеу]

  • Шойын ыдыстар қуырып, бұқтырылып пісіретін тамақтарға қолданылады.

  • Шойын ыдыстың түсі қара, көбінесе ыдыстың ішіне кейде екі жағына бірдей әйнек түсті эмаль жалатады.

  • Қара шойыннан жасалған ыдыстардың беті кедір-бұдыр болады. Сондықтан да оны тазалағанда ерекше ұқыптылық керек. Өйткені дұрыс тазаланбаған жағдайда оның бетін тат басады. Тат дайындалған тамақтың дәмі мен түсін бұзып, адам организміне зиянды әсер етеді.

  • Сонымен қатар темір тұздары витаминдерді жойып жібереді.

  • Эмальданған шойын ыдыстар органикалық қышқылдардың, тұздардың, сабын және сілтілердің өсеріне төзімді келеді.

  • Эмалы кеткен ыдысқа тамақ пісіруге болмайды.

Мельхиор және нейзильбер ыдыстар[өңдеу]

қалғандарына тек әсемдік қабат жалатылады.

  • Мельхиор және нейзильбер ыдыстардың сыртына күміс жалатып, ішкі жағын қалайылайды. Сыртын никельдеген кезде ішкі жағы қалайыланатын, іші мен сырты бірдей никельденетін ыдыстар да бар.

Керамикалық ыдыстар[өңдеу]

Керамикалық ыдыс көбінесе арнаулы керамикалық сырлармен әрленеді. Керамикалық ыдыстардың фарфорданфаянстанмайоликаданқыштанжасалынған түрлері бар.

  • Фарфор ыдыс түсі ақ, қышқылға (лимон, сірке қышқылына) төзімді, қатты көзе жалатылған жылтыр (пышақпен сызғанда да сызат түспейді) әрі жұқа болады. Фарфор ыдысты шерткенде одан сыңғырлаған әсем дыбыс шығады. Фарфор ыдыстың басқа керамикалық бұйымдардан ерекше тек өзіне тән белгісі — оның ақ түсті болатындығы, жұқа жерінен сәуле көрінеді. Фарфор ыдыс кейде алуан түсті болып не түрлі түсті көзе жалатылып та жасалынады.

  • Фаянс ыдыс кеуек, ылғал сіңірген, ақ түсті болады, ыдыстың жұқа жерінен де сәуле көрінбейді. Мөлдір көзе жалатылады. Шерткенде көмескі дыбыс шығарады. Фаянс ыдыстың беріктігі фарфор ыдыс қақарағанда шамамен 15—25%-ке төмен, әрі одан едәуір жеңіл. Ас үйде пайдалануға ыңғайлы - құмыра, азық-түлік салатын, сүт сақтайтын ыдыстар т. б.

  • Майолика ыдыс кеуектеніп келеді де сыртына қышқыл көзе (кейде темір түстес) жалатылады. Фаянсқа ұқсас ақ майолика ыдыстар да болады. Майоликадан негізінен құмыра, нансалғыш, май салғыш, конфет салғыш, гүл вазасы, күл салғыш сияқты заттар жасалады.

  • Қыш ыдыстарда кеуектеніп келеді (негізінен қошқыл күрең түсті), оның тамақ құйылатын іш жағына көзе жалатылады. Тамақ пісіру және ас сақтау үшін пайдаланылады.

Шыны ыдыстар[өңдеу]

Шыны ыдыстар екі тәсілмен жасалынады:

  • шойын не болат қалыптарда (формаларда) үрлеу;

  • престеу арқылы.

  • Әдетте үрленіп жасалған ыдыстың қабырғасы жұқа болады. Негізінен түссіз, мөлдір, қарапайым, барт не қорғасын қосылған шыныдай ішінара түрлі түсті шыныдай жасалынады. Үрленіп жасалған ьідысқа қарағанда престелген ыдыстың қабырғасы қалың болады: оны түрлі түсті шыныдай және аз мөлшердехрустальдан қалыптайды.

  • Ас-су ішетін шыны ыдыстардың түрлері көп (сусын, салаттарға т. б. арналған).

  • Шыны ыдыстардың ішінде ерекше орын алатыны — ыстыққа төзімді шыныдай престеліп , тамақ пісіруге лайықталып жасалатын ыдыстар. Олар ыстыққа төзімді металлдан жасалған ыдысқа қарағанда тез суы майды. Тамақтың дәмін, исін өзгертпейді. Мұндай ыдыстарды пайдаланғанда жалын көзіне металлтор қою керек; ыстық ыдысты ылғалды, салқын жерге қоюға болмайды, шытынап кетеді.

Пластмасса ыдыстар][өңдеу]

Ыдыс-аяқты тазалау барысы[өңдеу]

  • Алюминий ыдыс-аяқтарды ұнтақтармен және металл қылшақтармен (щеткалармен) тазалауға болмайды.Қышқыл мен сілтіден пайда болған қоңыр дақтарды асханалық сірке суына батырылып алынған мақтамен ұқыпты түрде сүртіл, содан кейін ыстық сумен жуады.

  • Темір ыдыстар эмаль, мырыш және қалайы жалатылған түрде шығарылады.

  • Эмальды ыдыстар органикалық қышқыл, тұз, сабын және басқа сілтілерге төзімді келеді. Мұндай ыдыстар оңай таз ал ан ады, онда тек тамақ пісіріп қана қоймай, тамақты ұзақ уақыт сақтауға да болады. Қою тамақтарды, әсіресе ботқа пісірмеген жөн, өйткені ыдыстың түбі күйіп, амалы бұзылады.Эмальданған ыдыстар мен құрал-жабдықтарды алюминий ыдыстарды тазалайтын заттармен тазалауға болады.

  • Никельденген мельхиор және нейзильбер ыдыстарды жиі пайдаланғанда 7 —10 күнде бір рет сабынды суға 10%-тік мүсәтір спиртін (1 л суға 1 шай қасық) қосып жуып тұру керек. Ылғалдан түскен дақты жылы сірке суымен жуып, содан кейін таза сумен шайып кетіруге болады.

  • Мельхиор бұйымдарды сабын мен таза бордың (тең мөлшерде) қоспасын пайдаланып жылтыратуға болады. Жылы суға сабынды езіп, оған бор қосып бірыңғай қоймалжың болғанша араластырады. Осы қоймалжынды ыдысқа жағып, құрғақ шүберекпен сүрте отырып жалтыратады.

  • Никельденген мельхиор және нейзильбер ыдыстарды жез ыдыстар сияқты тазал айды.

  • Шыны ыдыстарды қылшақпен (щетка), шүберекпіен не жөкемен жуу керек. Құм немесе сым жөкемен ысуға болмайды. Мойны жіңішке шыны ыдыстарды (шөлмекграфин) арнаулы щеткалармен жуады. Мұндай ыдыстардың ішіне жұмыртқаның, картоптың қабығын, ұсақтан жыртылған қағаз салып, үстіне толтыра су құйын жақсылан шайқап-шайқап жуып, шымшым сумен шаяды.

  • Хрусталь ыдыстарды ыстық сумен жууға болмайды. Өйткені жалтырауы күңгірт тартады. Мұндай ыдыстар жылы сумен тіпті салқын сумен де жақсы жуылады.

  • Өте кірленген пластмасса ыдыстарды ұнтақпен, пастамен тазалаудың әдістері: ылғал шүберекке не щеткаға порошок не пастаны шамалап салып, алдын-ала ылғалданған жерге (тазаланатын) жағын, ысқылап сүртіл, жақсылап жуады. Сұйық препаратпен жуу үшін шүберекті не губканы сол сұйықтыққа малып алып, содан кейін жуатын ыдыстың бетіне жағады да, 15—20 минут қалдырады. Осыдан кейін сумен жақсылап жуу керек.

























 




Қазіргі күні ыдыс таңдауда да біршама қиындыққа тап болатынымыз жасырын емес. Дастарханның сәні болар ыдыс-аяқтың дизайны мен әдемілігі бір-бірінен өтетіні өз алдына. Біз ыдыстардың денсаулыққа әсері жөнінде сөз қозғамақпыз.

Пластикке құмар болмаңыз

Пластикадан жасалған ыдыс­­тарды алушылар көктемде кө­бейеді. Өйткені ол табиғат­ аясына шығып серуендеуде жеңіл әрі қолайлы, арзан ыдыс түріне жатады. Дегенмен оның денсаулыққа зияны шаш-етектен. Оның құ­рамындағы түрлі зиянды қоспалар ағзаны уландырады. Егер бір реттік мұндай ыдысты бірнеше рет пайдаланса, онда салқын тағам сақтаса, құрамындағы улы заттар тағамға сіңе бастайды. Осылай ауыр металл ағзаға еніп, асқазан жарасын, жүрек ауруларын үдетіп, қан тамырларының тарылуына жол ашуы мүмкін.

Пластиктен жасалған бір реттік ыдыстар ыстық және салқын тағам салатын, микротолқынды пештерде тамақ ысытуға арналған болып түр-түрге бөлінеді. Оларды осы қажетіне қарай дұрыс қолдану керек. Ал орындары ауысып кетсе, ағзаңыз­ға өкпелемеңіз.

Сынған, шеті жырылған ыдысты пайдалану да­ зиян. Мұндай ыдыстан зиянды қоспалар көбірек бөлінеді. Сондықтан ыдыстың бүтін болуына да мән беріңіз.

 

Бір сағатқа ғана жарайды

Ішкі бөлігі фарфор, сыртқы көрінісі пластмассаға ұқсайтын мұн­дай ыдыс­тарды біздің елде кез келген үйдің асха­насынан кездестіру­ге болады. Ал еуропалықтар мұндай ыдыстан әл­деқашан бас тартқан.­ Өйткені меламин ыдыстардың құрамындағы қоспалар денсаулыққа өте зиян болып шықты. Мұн­дай ыдыстардан формальдегид бөлінеді екен. Ол аллергиялық ау­рулар тудыратын ауыр металл.

Меламиннің зияны ол ғана емес. Оның құрамын­дағы қорғасын, марганец, кадмий секілді химиялық заттар тыныс алу жолдары, бауыр, асқазан, көз жә­­не тері ауруларын қоздырады. Сондықтан пайдаланған күнде де оған тек салқын тағам салуға болады. Оның өзі бір сағаттан артық тұрмау керек.

 

Тоңазытқыш үшін жаралған

Қазір жұқа, жеңіл әрі төзімді, жылтыр ақ түсті металдан жасал­ған ыдыстар да үлкен сұ­ранысқа ие. Бірақ оны да жүз пайыз қа­уіпсіз дей алмаймыз. Мұндай ыдыстардан никель мен хром бөлінетіні анықталып отыр. Сондық­тан оған қышқыл тағамдарды салуға, сақтауға да мүлде болмайды. Дегенмен салқын тағамдарды сақтау үшін тоңазытқышта ұстауға болады екен.

 

Ең қауіпсіз ыдыс осы

Эмальданған ыдыстарды ең қауіпсіз және адам ағзасына зиян келтірмейтін біре­гей зат деуге болады. Оған тамақ дайындауға да, сақтау­ға да болады. Кейбір эмаль ыдыстардың көркін келтіруде түрлі бояулармен әрлеп жатады. Сол кезде артық қосыл­ған бояулардан денсаулыққа зиян келуі мүмкін. Бірақ оның ақ, көгілдір, қара, көк, сұр түстілерінен қауіп­тен­беңіз. Ең маңыздысы, жапсырмасында «ГОСТ» белгісі тұрсын, бұл ыдысыңыз «подделка» емес деген сөз.

 

Одан уланатындар көп

Нан жабу, пирог пі­сі­ру кезінде аллюминийден жасалған ыдыстарды пайдаланатындар көп. Де­сек те бұл ең зиянды ыдыс болып табылады. Өйткені қыздыра бастағаннан-ақ одан улы заттар бөлініп шыға бастайды. Ондай ыдыстарға тамақты қуыруға, қайнатуға, сүт пісіруге, сақтауға, тіпті су құйып қоюға болмайды. Күнделікті өмірде аллюминий ыдысқа пісірілген астан уланғандар көп кездесетіні жадыңызда жүрсін.

 

Тек дайын асқа арналған

Фарфор, керамика жә­не берік металдан жасалған ыдыстардың зияны жоқ, дегенмен кейде олардың күн­делікті қолданыста ың­ғай­сыздық тудыратын кездері бар. Мысалы, фарфор мен керамика ыдыстарды отқа қойып, тамақ пісіре алмайсыз. Ол тек дайын асты салуға арналған.

Егер фарфордан немесе керамикадан жа­салған ыдысыңыз қанық бояумен боялған болса, одан қорғасын мен сынап бөлінуі мүм­кін. Сондықтан бояуы ақшылдау, әлсіз түсті ыдыс­ты таңдауға кеңес береміз.

Міне, ыдыстардың осындай зиянды жақтары бар. Дегенмен асханаңызды ыдыстардан босатуға асықпаңыз. Тек оларды орнымен пайдалануды үйреніңіз. Мәселен, асты металдан жасалған ыдыста пісіріңіз де, дайын болғанда эмальді кастрюльге құйып алыңыз. Ыстықта ауыр металл бөлетін ыдыстарға тек салқын салат қана салуға болады. Осындай ережелерін ұстансаңыз ыдысыңыз да аман, деніңіз де сау болмақ.




Дизайн өнері

Республика Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3

Учитель изобразительного искусства и черчения

Алшагиров Тулеген Шукирбаевич

Сабақтың мақсаты:

1.Бейнелеу өнеріндегі алған білімдерін тексеру, дизайн туралы тереңірек мағлұмат беру. Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың  қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу

2. Оқушылардың шеберліктерін дамыту.

3. Бейнелеу  өнері   арқылы оқушыға эстетикалық тәлім-тәрбие беру.Шығармашылық ізденістерін арттыру,өнерді қабылдау.

Дамытушылық:             Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс  жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

 Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

  жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,  әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дизайнерші мамандығына байланысты суреттер салынған плакат, әр түрлі түстер, үй жиһаздарының ,автомобильдердің суреттері, үй схемалары, белгілер.т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

       Қызығушылықты ояту

Сергіту, топқа бөлу

        Ой қозғау стратегиясын қолдану арқылы оқушыларға сұрақ қойылады.

-Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз?

-Графика, сыршырай, мүсін, қолөнер сәулет, дизайн.

-Дизайн деген не?

Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері.Жаңа нәрселерді ойлап шығару және өмірге енгізу, Дизайн дегеніміз - кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді

ІІ. Мағынаны тану

        Топтастыру стратегиясын пайдалану арқылы сұрақ қойылады:

-         Суреттер бір-бірімен қандай маман арқылы байланысты?

-         Дизайнерші маман арқылы.

 (Слайдтардан дизайнершімен байланысты суреттер көрсетіледі.)

 



 

Автокөлік                                                     Интерьер

                                                                Ыдыс-аяқтар

-         Дизайнершінің осы суреттерге қандай қатысы бар?

-         Осы нәрселерді ойлап шығарып, әсемдейді.

Алдымен ол суретші болу керек.
-Дизайнның түрлері:

1. Өндірістік дизайны- өндірістегі механизмдер көліктер, ыдыстар, киімдер және т.б

2.  Графикалық дизайн- газеттер, журналдар, кітаптар,сыйлық кәде,кондитерлік тәттілердің қорапшалары т.б

3.  Интерьер дизайны – тұрмыстық үйлер, қоғамдық өндірістік мекемелер.

- Интерьер  деген не? Қасбет деген не?

- Бөлменің тұтас  ішкі көрінісін (бүкіл жиhазымен) интерьер деп атайды. Интерьер дизайнершінің міндеті үйдің ішіндегі бөлмелерге қолайлы түстер тауып, үй жиhаздарын қолайлы, әрі әдемі етіп орналастыру.  Жиhаздардың бөлмелерге лайықты, бүкіл жиhазымен үйлесімді болуын қадағалау. Үйдің сыртқы бетін қасбет дейміз(фасад)

ІІІ. Ой толғаныс.

Бүгін сендер  дизайнер баласыңдар. Оқушылардың мақсаты:

  1. Үйді бірнеше бөлмелерге бөліп, әр бөлменің атын жазады да, әр бөлмені сәйкес түстермен  бояйды.

  2. Үйдің сыртқы қасбетін эстетикалық талғаммен безендіреді.

  3. Әр топ жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.

Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа үйдің горизанталь тіліктегі көрінісін, үйге  қажетті жиhаздар мен санитарлық құбыр қондырғылардың суреттері үлестіріледі.

 Сабақтың аяғында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

V.Сабақты бағалау.

Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

                       Үй жұмысына тапсырма беру. Өз үйлерінің ішкі көрнісін салып келу.      

    VІ.Сабақты бекіту.

-Сабақ  аяқталды,

 Сау болыңыздар!




















Ермексаздан ыдыс жасау


2012-08-21, 11:31 PM

Ермексаздан ыдыс жасау 

Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету, 

Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту; 

Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: жаңа сабақ. 

Әдіс-тәсілдер: сарамандық жұмыс. 

Ұйымдастыру кезеңі. 
Жаңа сабақ. 
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді? 
Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы? 
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік. 

Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау. 
1) Қол сүртетін орамал әкелу. 
2) Партаға төсеніш төсеу. 
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек. 
- Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін: 
Қазан қайнап тұрса, 
Ақыл сайрап тұрады. 
Ыдысын көріп – асын іш. 
Қарны ашқан қазанға қарар. 
Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер. 
Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. 
Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған. 
Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады. 

Сергіту сәті. 
Ал, енді балалар, сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік. 
Жұдырықтай қамырды, 
Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау) 
Төбесінен бу шығады, 
Аузынан су шығады. (Самаурын) 
Танауы шуылдап тұр. (Шәйнек) 
Тым үлкен беті өзге денесінен, 
Бір түсіп, бір шығады кемесінен. 
Ішіне уыс-уыс ас толтырып, 
Сүңгиді ыстыққа да денесімен (Ожау-шөміш) 
Ең үлкен қазанның бетіне не сыймайды? (Өзінің қақпағы) 
- Балалар, енді өзіміз дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік. 
- Ең алдымен дастарханға не қойылады? 
- Дұрыс айтсағдар, ең алдымен, дастарханға нан қойылады. Ал енді өз беттеріңмен дастархан мәзірін жасаңдар. Дастарханға қандай ыдыстар қажет? Шәугім, шәйнек, нан салғыш, нан тағамдарын, жеті шелпек бауырсақ, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал енді тағы дастарханға не қоюға болады? Жеміс жидектерді жасайық: алма, алмұрт, жүзім. 

Сабақты қорытындылау. 
Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру. Дастархан мәзірін, әр оқушы өзі жасаған жұмыстарын әңгімелеп қорғап береді. 

Үйге тапсырма: Ермексаздан ыдыс жасау жұмысын аяқтап келу.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі