Материалдар / Ынтымақ пен келісім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымақ пен келісім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынтымақ,бірлік, татулық туралы біледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
606
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арнайы тәрбие сағаты 29.04.2020ж



Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ынтымақ пен келісім

Тәрбие сағаттың мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Тақырыпқа сай слай көрсету

Мұғалім і: «Бірлік бар жерде бақыт бар»,«Ынтымақ-достық кепілі»

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, ынтымақ пен келісім - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Бүгінгі біздің балабақша бүлдіршіндері және тәрбиешілері бірге қатысып отырған тәрбие сағатымызда, бүлдіршіндеріміз шама - шарқына қарай төрт топқа бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен, өнерлерін көрсетпекші. Олай болса бастайық.

Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңқалдырған ғаламды- дей келе бүгінгі жиналған ұлт өкілдерімен танысып отырайық.

Ортаға татар ұлт өкілдерін шақырамыз(жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

Ортаға кәріс ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

Ортаға орыс ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

Ортаға қазақ ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

(Таныстырып ортаға шақырылған әр ұлт өздерінің таныстыруларын айтып, ұлттық тағамдарын, өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Республикам менің, Республикам менің, Айбатым!

Көркіңді көрсе-мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Ортаға Татар ұлт өкілдерін шақырамыз

(6 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Жер анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.- дей отырып ортаға Кәріс ұлтын шақырамыз.

(5 топ өздерінің өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан. – ортағаОрыс ұлтын шақырамыз.

(4 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)



Жүргізуші:

Ортақ бізге бір отан.

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы – деп ортаға Қазақ ұлтын шақырамыз.

(3 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)

Мұғалім :Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді. Міне бүгінгі мерекелік жиынымыз осының бір дәлелеі десек те болады. Бүгін біз осы төрт ұлт өкілдерінің салт дәстүрлерімен, өнерлерімен таныс болдық.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз -дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Мерекелік бас қосуды қолдарымызды жүрегімізге қойып Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранымен аяқтайық!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!