Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәнінің мұғалімдеріне арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

«Желілік қоғамдастық – оқыту

қоғамдастығында жүріп жататын

ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің

тәжірибесі мен жұмысының

мазмұнын арттырып, оған тартылған

адамдарды өзара тығыз байланыстырып,

олардың сырт көзге көрінбейтін,

күнделікті жұмысына түр береді»

Энн Либерман

Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылып, жаңа жобалар іске асырылуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқарас танытуға педагогтарымыз үнемі дайын болуы шарт. Ол үшін мектептің көшбасшылары бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасаулары қажет.

Педагогтердің ынтымақтастығы – бұл мамандардың бірлескен жұмыс процесі, білім беру тиімділігін арттырудың кепілі. Ынтымақтастық ұзақ мерзімді және ең бастысы әр түрлі өзгерістерге ұшырайтын үздіксіз процесс. Ол жағымды қарым - қатынас орнатуды көздейтін әріптестермен жақынырақ танысып, зерттеу мәселесін бірге талқылап, достық және сенімді атмосфераны қалыптастырып, жоспарланған нәтижеге бірге қол жеткізу болып табылады.

Мұғалімдер ынтымақтастыққа қаншалықты қызығушылық танытса, бірлескен жұмыс соғұрлым нәтижелі болмақ. Ал, табысты болуы үшін топ мүшелерінің бағыты мен мақсаттары ортақ мүддені көздеуі қажет. Осы орайда мектеп мұғалімдерінің кәсіби мәселелерді бірлесіп шешу дағдысын сауатты ұйымдастыру маңызды.

Қазіргі таңда педагогтерге ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауының өзектілігі неде?

Педагогтер бірлесе жұмыстанғанда: ақпаратпен, ресурстармен, идеялармен бөліседі, оқу мен оқытудың жаңа әдістемесі жетіледі, педагогтер өздері эмоционалды қолдауға ие болады, білім алушылардың білім сапасы артады, тәжірибеге сәйкес білім беру процесі қолжетімді әрі тиімді болады.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында «желілік қоғамдастық» ұғымы кеңінен таныла бастады. Бірлескен жұмыс біздің тәжірибемізге сабақты зерттеу жобасы /Lesson Study/ арқылы енгізіліп жатыр. Бұл тұлғааралық қарым-қатынасты мақсатты түрде құру үшін, мұғалімдер көмекті қабылдауға және көмек беруге ыңғайлы болған кезде іске асады және бірлесу қажеттілігін сезінген жағдайда дамиды. Сонымен қатар ұйымдастырушылық зерттеу тобының үйлесімді жұмысы педагогтердің кәсіби дамуын болжайды.

Бірлескен жұмыста педагогтер бірі-бірінің іс-тәжірибесінен хабардар болып, әр тарап өздерінің күшті және әлсіз жақтарын талдай алады. Жұмыла жұмыс жасау барысында мұғалімдер өздерін оқшауланғандай сезінбейді, керісінше, бірлесуде кәсіби шаршау ықтималдығының азайғандығын байқайды. Мұғалімдер сабақта шығармашылықпен сабақ өткізуге мүмкіндік алады. Нәтижесінде алдағы жұмыс қарқынының жүйелі жүруі жоспарланады.

Бірлескен мұғалімдер оқушылардың жеке – дара қабілеттері, оқуы жайлы ерекшеліктерді объективті түрде бағалап, бірлесу кезіндегі үрдістің жетістіктері мен сәтсіздіктері үшін бірдей жауапты болады.

Желілік қоғамдастыққа әдістемелік көмек ретінде ПШО тренерлері тарапынан кәсіби қолдау көрсетіліп,  зерттеу жұмысының  ілгерілеуіне ықпал етті. Нәтижесінде әр мектептен 6 зерттеу тобы құрылды.   Зерттеу тобын құруда төмендегідей негізгі критерийлерге сүйендік. 

1.Саналылық; 

2 Жауапкершілік; 

3. Коллобаративті орта қалыптастыру;

4. Шынайылық; 

5. Нақтылық.

Жетекші мектептердің ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкес серіктес мектептермен біріге отырып, бірқатар жұмыстар жүргізілді:

  • «Серпін» кәсіби қоғамдастықтың  WhatsApp, YouTube әлеуметтік желі парақшалары ашылды;

  • Талдықорған қаласы «Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейі», Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі және Ақсу ауданы «Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясымен» мектепаралық әдіс алмасу мақсатында «Әдістемелік десант» жұмысы жүргізілді;

  • Барлық топ мүшелері үшін ақпаратқа ыңғайлырақ қолжетімділікті қамтамасыз етті. /Google Classroom платформасы ашылды/

  • Бірге тиімді жұмыс істеу үшін топ мүшелері zoom платформасында қашықтық форматта бірлесіп сабақ жоспарлау, бақылау, сабақтан кейінгі талқылау, қайта жоспарлауды жүзеге асырды;

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Сабақты зерттеу (Lesson study): Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» әдістемелік – тәжірибелік онлайн конференциясы және «Жетекші мектеп – педагогикалық қоғамдастықтардың ынтымақтастық серіктестігінің интеграторы» форумына мектептер бойынша сындарлы оқыту теориясының негіздерін 24 педагог жұмыстан қол үзбей тәжірибелік курстан өтуіне жағдай жасалды.

Желілік қоғамдастықтағы барлық мәселелерді шешуде құрамдағы мектептер ең бастысы ынтымақтастық сенім негізінде бірлесіп жұмыс атқарды. Мұндағы негізгі мақсат жеке дара оқшауланып қалып қоймай, білім ресурстарын ортақ пайдалану болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған желілік қауымдастық мұғалімдерді өзара оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Кәсіби ынтымақтастықта дамыту балалардың өмірі мен біліммен түрлендіруші өзгеріс енгізудің дара жолы болып табылады.

Әкімшілік тарапынан әр уақытта мұғалімдердің қызметін бақылау және бағалауға, коучинг, семинар, вебинар процестерін жүргізуге, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлауға, бірлескен жұмысты оқып – үйрену және ынталандыруға, сенімді қарым - қатынас орнатуға жағдай жасау қажет.

Жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, кәсіби шебер  бірнеше құзіреттілік  түрін  игерген, нақты  шешім шеше алатын  мүмкіндігі бар  ұстазды керек етуде.  Сондықтан  уақыт пен заман тынысына сай білім беруді ұйымдастыру,  елімізде ұстаз шығармашылығын өрістетуде ізденіспен жұмыс істеп, инновациялық жобаларды жүзеге асыру деп білеміз.  



Физика пәнінің мұғалімі: Ахмадиева Ж.Б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі