Материалдар / Ынтымақты жанұя
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымақты жанұя

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған "Ынтымақты жанұя" атты сайыс. Ата- ана мен балабақша арасында болатын ойын түрі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2022
447
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы
Құрметті ата - аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер бүгінгі отбасы күніне арналған «Біз бақытты жанұя» атты спорттық эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Отбасы күніне байланысты шаралар еліміздің барлық жерлерінде тойланып өтеді
. Сондай - ақ бүгін біздің балабақшамызда тойланбақшы.

Ендеше құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі -----------------------------------беріледі.

Жүргізуші:

Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Cайысты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын отбасыларды,
Арнайы ықыласпен шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1___________________
2___________________
3___________________
Спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

Жүргізуші:

Бақшада бүгін басталған
Дайын бол жарысқа
Жүгір, секір қалыспаң,
Бір - бірімен жарыста.

I - бөлім « Кім шапшаң» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіріп, кедергіден айналып қайту. Құралдары: (Қапшық - 4, кедергі - 4).



Жүргізуші:

Әділқазылар алқасы 1 - бөлімнің бағасын берейік.
Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойнайды.
Бала өсірген ата - ана,
Бала болып ойнайды - деп II - бөліміміз «Епті отбасы» сайысын бастаймыз.

II - бөліміміз «Епті отбасы» сайысын
Ойын шарты: Топ мүшелері кругты кеглилер арасымен домалатып жүріп, кедергіден айналып қайту. (Құралдары: кругтар - 4, кеглилер, кедергі - 4).
Әділқазылар алқасы «Епті отбасы» сайысының бағасын берейік.

Жүргізуші:

Уақыт, уақыт куәсің сен бәріне!
Нұр төгеді мына әлем біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Шынығайық әр кез біз спортпен дей келе

Ш - бөліміміз «Кішкентай қонжықтар»сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Әкесі мен анасы кезекпен - кезек балаларын арқалап межедегі тудан айналып жүгіріп қайту.
(Құралдары: Ту - 4).
Әділқазылар алқасы осы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа - деп IV - бөліміміз «Ойлан тап» сайысын бастаймыз.

IV - бөліміміз «Ойлан тап»
Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, кеглилер арасынан жүріп, межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту. Ал балалары кеглилер арасымен жүгіріп, шығарылған есепті алып, әділқазыларға апару.
(Құралдары: Доптар - 4, кеглилер, есептер)

Жүргізуші:
Әділқазылар алқасы 4 - бөлімнің бағасын берейік.





Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Отбасы деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса – деп ең соңғы «Шапшаң отбасылар» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: 1 - ші әкесі кеглилер арасынан жүгіріп барып, межеде шашылып жатқан, геометриялық пішіндерден үйдің қабырғасын қойып, кері жүгіріп қайту. Ал анасы кеглилер арасынан жүгіріп келіп, үйдің шатырын қойып, кері жүгіріп қайту. Әр топ өз үйлерін құрастырады. Сол құрастырған үйге, ата - анасы қолдарын айқастырып алып, баласын отырғызып сол үйге апарады.
Құралдары:( кеглилер, геометриялық пішіндер)

Жүргізуші Әділқазылар алқасы соңғы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей,
Тараса бізге жарады - демекші сайысымызддың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттау сөзін әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші:
Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір - салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Ендеше денсаулықтың – кепілі спорт демекші спортпен шұғылданайық. «Біз бақытты жанұя» атты эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан отбасыларға көп - көп рахмет. Жақсылықта кездескенше қош сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!