Ырыс алды
–ынтымақ
«Бірлік болмай-тірлік болмас»
деп Қазақ халқы бірліктің маңызы мен тіршіліктегі орнын осылайша
түйіндеген. Бірлікте болу- ұлт болып ұйып отырудың кепілдігі.
Ауызбіршілік пен ынтымақтың ел үшін өте маңызды екендігін еліміздің
хандары да жақсы білген. Көптеген шығармалар мен қазағымыздың
тарихында бірлік жайында өнеге аларлық істер жетерлік. Мысалы,
ғылыми еңбектер немесе тарихи шығармаларға сүйенетін болсақ,
бірлігі мен ынтымағы жоқ ел әр уақытта жеңіліске ұшырайды,
тоналады, тарих сахнасынан жоғалып, құрып кетеді. Яғни, кім-кімге
болмасын тиер кесапаты мол.
Ал, біздің қазіргі таңда
бейбіт өмір сүруіміз бірлескен әрекеттердің арқасында.Алғашқы
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың
- «Біздің жетінші бекем
тұсымыз-қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірілігінде жатыр. Біз
қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды тұрақтандыра
білдік, мұны мақтан етеміз!»,- деген сөзі анық дәлел бола алады.
Ынтымақты елдің озады, ынтымақсыз ел көш соңында қалады. Таудай
дүниелерге қарапайым ғана іс-әрекеттер бастау бола
алады.
Осы таңда, туып-өскен жерім
«Сүткент» ауылы туралы айтқым келіп отыр.Біздің ауылда орыс, татар,
шешен, иран т.б ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың көбі
дерлік, қазақ тілін өте жақсы меңгерген. Тіпті, байқауларда қазақ
өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, жүлделі орындарды иеленуде. Бұны,
ана тілімізге деген «үлкен құрмет» деп
білемін.
Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта
мектепте өзге ұлтты достарымызбен бір атаның балаларындай
араласамыз. Бір-бірімізге ұлттық құндылықтарымыз туралы мәліметтер
айтып, ақпараттар бөлісеміз. Мерекелерді мен көптеген қызықты
сәттерді бірге өткіземіз.Мен өзге ұлттардың мәдениеті, өмір сүру
салты туралы білуге қатты құмартамын. Сол себепті, олармен дос болу
мен үшін үлкен қуаныш.
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлағатты
сөз айтты.
Қазіргі заманға оралсақ,
Қазақстан Республикасында 130 дан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір
сүруде «Ұлттар көп, ал жер жалғыз. Ендеше басқалардың заңымен
белгіленген құқықтарына құрметпен қарап, барлық ұлттардың толық
дамуыңа кең мүмкіндертер берілуі қажет!»
Абай атамыздың «Адамзаттың
бәрін сүй, Бауырым деп!», атты сөзін санамызға тоқуымыз қажет.
Бірлігі мықты елдің алар асуы да биік
болмақ.
Абдула Аснурия
Темірқызы
Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта
мектебі
11 «А» сынып
оқушысы