Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ырзамыз барлық ісіңе, Періште қара көздерім!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ырзамыз барлық ісіңе, Періште қара көздерім (Сағи Жиенбаев)
Сабақтың мақсаты: Отан қорғауға аттанған Шығыстың қос шынары – Әлия мен Мәншүкпен қатар осы күнге дейін аттары аталмаған қазақтың басқа да батыр жауынгер қыздарының есімдерін паш ету. Жиі айтыла бермейтін патриоттық әндерді болашақ ұрпақтың санасына сіңісті ете отырып, сол патриоттық әндердің ғұмырын ұзарту, қайта жаңғырту. Болашақ ұрпақты елін, жерін сүйетін, адал патриот етіп тәрбиелеу.
Орындалатын әндер: 1) М. Мақатаев, Т. Әбілхатин «Соғыстан қайтқан солдаттар», 2) Ғ. Мұстафин, Р. Елебаев «Жас қазақ», 3) А. Лекеров, М. Төлебаев «Кестелі орамал», 4) Е. Брусиловский, Н. Баймұхамедов»Бейбітшілік туы берік қолда», 5) Н. Шакенов, Ә. Еспаев «Бейбітшілік сақталады», 6) Т. Молдағалиев, М. Маңғытаев «Солдат хаты», 7) С. Бәйтереков, Б. Тәжібаев «Әлия», 8) А. Шамкенов, Ж. Сейілов «Ана туралы баллада».
Сабақтың түрі: Әдеби - сахналық қойылым.
Көркемделуі: плакаттарға жазылған сөздер, өлең жолдары.
Сағынышты қам көңілмен ұласып, Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық. Қыршын қазақ отыр окоп ішінде Ән серігі домбырамен сырласып.
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі, Сағынғаны Алатаудың өркеші. Сағынғаны Ақ Жайықтың толқыны, Сағынғаны кербез сұлу еркесі. (М. Әлімбаев «Бір жас қазақ»)
Ырзамыз барлық ісіңе, Періште ... қара көздерім. От пенен судың ішінен, Бізді алып шыққан өздерің. Қызықтың бәрін құрбан ғып, Біз үшін күйіп-жандыңдар. Бізді ойлап жүріп жылдардың, Өткенін білмей қалдыңдар. (С. Жиенбаев «Қазақ әйелдері»)
Мен өзім үшін емес, туған жерім, елім үшін, соңымнан ерген бауырларым үшін алаңдаймын. Сондықтан да сұм фашисті жеңу үшін соғысқа аттанып бара жатырмын. (М. Маметова)
Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүрегімді билеген бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол өзім туралы емес, сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. (Ә. Молдағұлова)
Ұлы Отан соғысының күнтізбесі: (слайдтар)
1) Ұлы Отан соғысының басталуы – 22 маусым, 1941 жыл; 2) Брест қамалын қорғау - маусым, 1941 жыл; 3) Ленинградты қорғау – 1941-1944 жж. 4) Москва үшін шайқас – 30 қыркүйек 1941 ж.- 20 сәуір 1942 ж. 5) Сталинград үшін шайқас -17 шілде 1942 ж. – 2 ақпан 1943 ж. 6) Курск шайқасы – 5 шілде – 23 тамыз 1943 ж. 7) Днепр үшін шайқас – тамыз – желтоқсан 1943 ж. 8) Берлин операциясы – 16 сәуір – 8 мамыр 1945 ж. 9) Жеңіс күні – 9 мамыр 1945 ж.
Қазақ батырлары (слайдтар, буклеттер) Бейне көрініс «Соғыс жылдары». Винтовка, граната және т.б. заттар.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: - Отан! Жау! Олар қорқақтар сияқты түнде басқыншылықпен, бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл 1941 жылдың 22 маусымы еді ... (диктор соғыстың басталғаны туралы хабарлайды) 2-жүргізуші: Иә, кешегі 18 бен20 жас аралығындаы, әлі жігіт сүйіп те үлгермеген, күні кеше қос бұрымы желбіреп, ертеңгі болашаққа балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар, балтырын сыздатқан ауыр етік киіп, гүл құшуға ғана арналған сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
С. Мауленовтың «Ант» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші: - Елге қатер төнді. Бейбіт халықтың жүрегі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша елеусіз. Көп зұлымдық, көп зорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде. Сол бір сұрапыл соғыс басталғалы бері талай жылдар өтсе, халық халық жадындағы ауыр күндер ешқашан ұмытылмақ емес. 2-жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол болмады.Соғыстығң әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық ерлігі ұрпақ жадында. 1-жүргізуші: - Апа, қалай қуаттысыз ба? Жағдайыңыз жақсы болар? Менің денім сау. Көңілім қош, апа. Сіз майданға шығарып саларда: «балам, қоян жүрек болмай, батыр бол! Бар жігер, күш-қайратыңмен Отанды қорға» - демеп пе едіңіз. Бұл сіздің бүкіл ел атынан тапсырған аналық тапсырмаңыз еді ғой. Мен ана тапсырмасын абыроймен орындаудамын. 2-жүргізуші: - Бұл майданнан жазған жауынгер хаты. Ол мыңдаған Отанын қорғаған солдат сияқты майдан шебінде қайтыс болған. 1-жүргізуші: - «Адам өлтіру әйел адамның үлесі емес»-деген екен соғысқа қатысқан майдангер әйел. Екіншісі Рейхстаг қабырғасына «Мен Берлинге соғысты өлтіру үшін келдім» деп жазыпты.
Ж. Саин «Тұрды ажалдан жоғары» өлеңі оқылады.
2-жүргізуші: - Соғыс жылдары майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан астам әйел азаматы болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы болмаған екен. Сонымен 1941 жылы соғысқа аттанған қыздарымыз қандай еді. (Сахнаға бірінен соң бірі ақырындап 8 қыз бала шығады)
Ж. Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші: - Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әкима Ақжолаева есіне алады: 1-ші қыз бала – «Майданға жету, қалай да жаумен бетпе-бет келіп, кек алу біздің бар ой-арманымыз болатын. Әлі күнге жүрегімнің түбінде сақтап келген сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа барып, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке жібереді екен дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен Ленинград қаласынан бірақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін айтуға ұяламын. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген асыл ойдан туған еді». 2-жүргізуші: - Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар, патриоттық сезімі мол, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей. 2-ші қыз бала: - «Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармады. Тек кейде ауырып қалам ба деп қорқамын. Мен өзімді өзім мүлдем өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Мен олардың бәріне бірдей жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салыам командирлік міндеттің рорындалғаны ғой деп ойлаймын». 1-жүргізуші: - Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Маметованың майданның алғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.
М. Хәкімжанова «Мәншүк» поэмасынан үзінді.
2-жүргізуші: - Мәншүк Маметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық советі атқару комитетінің 1-ші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін және Торфяной переулогін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Маметованың есімімен атауға шешім қабылдады. Бұл 1943 жылдың 25 қазаны еді. Біраздан кейін М. Маметоваға Кеңестер одағының Батыры атағы берілді.
Ән «Кестелі орамал». А. Лекеров.
3-ші қыз бала: - Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз. Бүгін сірә, көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын. Қайда бет алғанымды өзің де білесің ғой деп ойлаймын. Бірақ сеннен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін. Неге десең мектепте әлде де болса, бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттануым керек. Өмірімде еш өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқа ой бар. Ол өзім туралы емес, сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным ... . Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты окопта отырып жазудамын. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белмде граната, ал қолымда винтовка бар. 1-жүргізуші: - Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін болғанкескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Әлия 5 айдан соң 19 жасқа толар еді. Кеңес Одағының батыры атағын алған Әлия Молдағұлова тамаша соғыс шеберін меңгерген, барлаушы, снайпер, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир қызметін де атқарған. Сол ерлігін қастерлеп, жауынгер достары да оны батырдың батыры деп атаған.
Ән «Әлия». Сөзі: Б. Тәжібаев, әні: С. Бәтереков.
4-ші қыз бала: - Ең бірінші әскери тапсырманы Краснодонда алып, жаудың күші мен техникасын жоюға біз аспанға көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Тек сонау төменде айқұ-ұйқыш атылған оқтардың, жерге түскен бомбалардың жарқылы көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап, ұшып келе жатқанымызда, кенет айналаның бәрі анық көрінді.Сөйтсек, жау әскерлері өз шептеріне өткен біздерді байқап қалып, жүздеген прожекторларын жаққан екен. Сол-ақ екен айналаның бәрі астан-кестең болды да кетті. Командирдің таста, таста деген бұйрығына қарамастан, нысананың дәл келуін күтіп, әбден бағдарлап, бомбаны тастап-тастап кеп жібердім. Пулемет лентасында, ұшақ бортында, маған да бір оқ қалған жоқ. Жеңіс құрметіне аспанға оқ атып, салют бердік. Үйге қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Рейхстагты аралап жүргенде бір топ неміс әйелдері маған таңырқай қарап: -«Оу, офицер азиейшн!»-деді. Мынау азиялық офицерлер деулерінен мені сөз етіп тұрғанын сезіп, тәкәппәр күймен түсінік бердім. Жай ғана азиейшн емес, Қазақ офицері екенімді айттым. 1-жүргізуші: - Бұл қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова Хиуаз апамыздың «Берлиндегі жеңіс күндері естелігінен». Жауынгерлік ерлігі әділ бағаланып, Халық қаһарманы атағы берілді.
Ж. Молдағалиев «Солдат сыры» өлеңі оқылады.
2-жүргізуші: - Пулеметші София Шияпованың естелігін тыңдап көрелік.
5-ші қыз бала: - Будапешт үшін сұрапыл соғыс жүріп жатқан. Біз бекінген үйге қарай шамамен бір ротадай неміс солдаттары келе жатты. Мен пулеметтен оқ жаудырдым. Бұл жағдайды күтпеген немістер сасқалақтап қалды. Осы кезде жауынгерлер келіп, селоны жаудан тазартты. Бұл ерлігім үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталдым. 1-жүргізуші: - «Н» бөлімінің саяси басшысының орынбасары, журналист Сұлтан Қожаниязовтың 1943 жылы қазақ қызы дәрігер Қайралапова туралы мақаласынан үзінді. (өкінішке орай дәрігердің аты жазылмаған) 6-шы қыз бала: - Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс 1418 күнге созылды. Жүздеген жауынгер жарақат алды, мерт болды. Нәзік жанды әйелдер бораған оқтың астында жүгіріп жүріп, жарасын таңды. Жарақат алғандарды арқалап, тылға тапсырды. «Кіп-кішкентай қазақ қызы қорқуды білмейтін не деген ер жүректі жан»-депжауынгерлердің бәрі таңданды. Анталаған жау екінші рет төнді. Жаудың күші бізден анағұрлым басым болды. Біз өте аз едік, небәрі 60-ақ жауынгер, 2 зенитшіміз. Пулеметшінің бірі оққа ұшты. Пулемет иесіз қалды. Қазақ қызы қолына пулеметті алды да, оқ жаудыра бастады.
С.Сейітов «Санитарка Әзиза» өлеңі оқылады.
Ән: Е. Брусиловскийй, Н. Баймұхамедов «Бейбітшілік туы берік қолда»
2-жүргізуші: - Қазақтың көрнекті ақыны Диқан Әбіловтың «Махаббат құдіреті» кітабында автоматты алға кезеп, оқ астында немістерді жусатып салғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ұсынылған деп сипаттайтын қазақтың қайсар қазақ қызы , зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева.
7-ші қыз бала: - Нағашыларым соғыста қаза болды. Бір кіндіктен бауырымыз екеуіміз ғана едік. Әскери комиссариатқа келгенімде жасымның кішілігін айтып, соғысқа алмады. Сосын жасымды үлкейтіп жаздырып, соғысқа іліктім. Кемерово қаласындағы ұшқыштар даярлайтын оқу орнына әйелдер полкінің құрамында бір жыл арнайы әзірлуктен өтіп, кіші маман болып шықтым. Кеңестер Одағының батыры, жаудың 67 самолетін атып түсірген эскадрилья командирі А. Сироткиннің зеңбірек оқтаушысы қызметін атқардым. Дихан ағамен соғыста үш рет кездестім. 1943 жылы Витебск түбінде түскі тамақ кезінде бір топ қазақ сау етіп кіріп келді. Осында қазақ қызы бар дегенді естіп, мені іздеп келген «Алға, жауға қарсы аттан» атты майдандық газеттің тілшілері екен. Оларды Дихан аға бастап келіпті. Ол кісінің алғашқы сұрағы: «Тым жас екенсің, мұнда қайдан жүрсің?» болды. Дихан аға соғыстан кейін де көмектесіп тұрды. 8-ші қыз бала: - Көп ұзамай-ақ ұшақпен ұшып жүріп, жау жағының маңызды обьектілерін суретке түсіруге тәп-тәуір машықтанып алдым. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылдым. Дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп, сол арқылы біздің әскерлердің алдыңғы іс-қимылдарының жоспары жасалып жататын. Әрине мұндай барлау сапарларының бәрі сәтті бола бермейтін еді. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқанымда ұшақты фашистер байқап қалып, оқ жаудыра бастайды, жау жағы оқты қарша боратады. Бір кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін будақтатып, зуылдай жөнелді. 9-шы қыз бала: - Өлім мен өмір белдескен осы бір сәтте Рахиланың көз алдына өзінің сүйікті Қарағандысы, ауылы, анасы до-жарандары келе қалғанды. Төменде орман.Аман қалған барлаушылар үш күн бойы немістерден бой тасалап, шаршап-шалдыға жүріп, ақырында орман арасындағы партизандар отоядына келіп қосылады. Солардың көмегі арқылы өз аэродромына аман-есен қонады. 1-жүргізуші: - Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан санаулы қазақ қыздарының бірі –барлаушы Рахила Ералинаның жауынгерлік ерлігінің бір ғана ұмытылмас сәтінен. 2-жүргізуші: - Қоршауда қалған жүз шақты жауынгерлерді шабуылда батырлықпен қорғап, жан-жақтан қусырған жау танкілерінің екеуін өртеген қазақ қызының ғрлігіне куә майдангер М. Левченко оққа ұшқан қазақ қызының ерлігін тебірене «батыр деуге әбден лайық»-деп еске алады. Қазақтың батыр қызы 20 жасар лейтенант, батальон комсоргі Алтынша Өскенбайқызы Нұрғожиева Кеңестер Одағының батыры атағына ұсынылып, белгісіз себептермен тапсырылмай қалған.
Ж. Саин «Тұрды ажалдан жоғары» өлеңі оқылады. 1-жүргізуші: - Соғыс аяқталды. Соғыстан аман қалған жауынгер қыздардың алдағы өмірі әрқилы болды. Әрине, сұм соғыс салған жан жарасымен қатар, бейбіт өмірге араласып кетуге көп кедергі болды. (қыздардың бәрі ортаға шығады) 1-ші қыз бала: - Соғыс олардың көбін ана болу бақытынан айырды. 2-ші қыз бала: - Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқуыма тиым салды. Өйткені сұм соғыстан алған жарақатым денсаулығыма қауіпті еді. 3-ші қыз бала: - Мен «соғыс» деген сөзден жиіркенемін. Өйткені соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді. 4-ші қыз бала: - Мен соғыстан кейін де барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске келмей қалады да, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна кетсем, қорыққаннан дірілдеп жатқанымды байқаймын. 5-ші қыз бала: - Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ өзімді құрбыларымның арасында егде тартқан қартаң әйелдей сезінуші едім. Құрбыларым көңіл көтеріп, өмірге қуанып жатқанда өзгеше ой тосатын да тұратын ... . 6-шы қыз бала: - Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, келер сұмдықты көздеп, соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен қыз бен жігіттердің үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік. Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс. 7-ші қыз бала: - Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып, қант-кәмпитті толтырып алдым. Сосын жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені мен соғыстың тез бітетініне сенімді едім ... . 8-ші қыз бала: - Мені анам майданға шығарып саларда, егіліп жылап, бір кішкене ораулы түіншекті беріп тұрып: «Бұл түйіншектің орауын ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың»-деп еді. Сондағы анамның бергені туған жерімнің бір уыс топырағы екен. 9-шы қыз бала: - Мен келешек ұрпаққа соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашан гүл ұстасын! 2-жүргізуші: - Соғыста жанқиярлықпен қайталанбас ерлік көрсеткен батыр қыздарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән «Бейбітшілік сақталады». Сөзі: Н. Шакеновтікі, әні: Ә. Еспаевтікі.
1-жүргізуші: - Соғыс және Ана. Отты жылдардағы жауынгер аналар бүгін де қатары сиреген. Қартайған әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді. 2-жүргізуші: - Ұлы жеңіс-барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталады. Келешек ұрпақтың бақыты үшін от кешкен ағаларымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етіп, бас иеміз! (қатысушылардың барлығы ортаға шығып, көрермендерге бас иеді).