2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ыстық және салқын сусындар

Ыстық және салқын сусындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге сусын түрлерін таныстыру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Ашық сабақтың жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ыстық және салқын сусындар

Әдістемелік мақсаты: Жаңа тақырыпты бекіту кезінде ойын технологиясын тиімді пайдалану.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге ыстық және салқын сусындар олардың түрлері олардың дайындалуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Студенттерді пәнге және ыстық және салқын сусындар дайындауға деген қызығушылығын, құштарлығын ояту, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерлігін дамыту мақсатында ыстық және салқын сусындар дайындау технологиясын меңгерту.

Тәрбиелік: Студенттерді жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:Өндірістік оқыту «Ыстық және салқын сусындар», 2 курс.

Өмірмен.

Сабақтың көрнекілігі: Сәйкестендіру тест, Жарналамау (А4 қағаз, маркер)

сусындар суреттері, техникалық қауіпсіздік ережесі,

1- 29 слайдтар


Сабақтың жүрісі:


І. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, білім алушылардың

назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Студенттерге сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы

тексеріледі

1.Сусындар оларды қандай топтарға бөлеміз?

2. Жоғары сапалы табиғи шикізаттарды өндеу кезінде алынған сусындар?

3. Сақтау, тасымалдау кезінде бұзылмас үшін қосылатын қоспалары бар сусындар?

4.Құрамында қант немесе басқа қоспалары бар табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындар?

5.Жасанды сусындарға қандай сусындар жатады?



ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту:Қорыту сұрақтарының жобасы:


1.Сусындар — ертеден сусындарды екі топқа бөлген: (алкогольсіз)

салқындатқыш, сусынды қандырғыш немесе алкогольді. Ғылыми және аспаздық-тағамдық түрде құндылығы бірдей емес. 

Табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындар:

Табиғи сусындар: а) су, сүт, минералды сулар, балмен араластырылған сулар, ағаштардың балғын, көкөністердің, жеміс-жидектердің, кокос жаңғағының шырындары; б) ерекше өңдеу арқылы алынған толық табиғи сусындар (қымыз, чал, айран, шұбат, тарақ, шай, кофекакаоматеморстар, квас, қышқыл щилер).

2.Жоғары сапалы табиғи шикізаттарды өндеу негізінде алынған сусындар

а) құрғақ жүзім шараптары, үй жағдайында дайындалған сыраның ұлттық түрлері, бал және жеміс сусындары;

ә) жоғары сапалы тамақ шикізаттарын (жүзім, алма, қара бидай, арпа, күріш, тұт, қант құрағы) көп рет айдау арқылы алынған алкогольді ішімдіктер (француз коньяктары, арақ, виски, кальвадос, тутовка, саке, ром).

Бұл сусындар мен ішімдіктер шағын мөлшерде тағамдардың дәмін, консистенциясын келтіруге, аспаздық мақсатқа да пайдаланылады. Аспаздық өңдеуде тағам жоғары температураға дейін өнделінетін болғандықтан, оған қосылған алкогольді ішімдіктің құрамындағы спирт буға айналып кетеді.

3.Сақтау, тасымалдау кезінде бұзылмас үшін қосылатын қоспалары бар, табиғи шикізаттардан дайындалынатын алкогольсіз сусындар:

а) өндірісте шығарылған көкөніс және жеміс шырындары;

б) лимонадтар.

4.Құрамында қант немесе басқа қоспалары бар табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындар:

а)жүзім шараптары, көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіршікті шампан шараптары; б) сапасын тұрақтандыру үшін спирт қосып күшейтілген ішімдіктер (барлық асханалық, десерттік, маркалы немесе жай жартылай құрғақ және тәтті шараптар);

в) құрамында қанты бар жеміс-жидек шырын- дарынан дайындалған құймалар, тұндырмалар, ликерлер;

г) барлық арманьяктар, брендилер, екінші сортты коньяктар және "Столичная" арағы;

д) құлмақ, мальтоза қосылған дәндерден дайындалған сыралардың барлық түрі.

5.Жасанды сусындар. 1. Жасанды қоспалар көп мөлшерде қосылған сусындар: а) хош иістік альдегидтер эссенциялар негізінде дайындалған газды сулар;

б) осы эссенциялар пайдаланылған жеміс сулары; в) табиғи уыт қоспай дайындалған алкогольсіз сыра түрі, "Кока-кола", "Пепси-кола", "Фанта". 2. Күрделі жасанды араласпалар қосылған алкогольді сусындар: а) арзан шараптар, портвейндер, вермуттар, жасанды херестер; б) төмен сортты өнімдерден дайындалған арақ, ром, джин, виски, ханшина, Араласпа (купажные) сусындар. ішер алдында әр түрлі компоненттерді араластырып дайындалған сусындар: коктейльдер және т.б.


ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

(Студенттерге технологиялық нұсқау картасы бойынша

қауіпсіздік ережесін еске түсіру)

  • Электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен ұстаңдар.

  • Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусыз қалдырмаңдар.

  • Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралдарын сөндіріңдер.

  • Қайнап тұрған кәстрөлдің қақпағын арнайы қолғаппен өзіңе қарай ашыңдар.

  • Пештің қызғанын қарау үшін қолдын сыртымен қарау керек.


1. Салқын сусындар олардың түрлері.

1. Салқын сусындарға айран, қымыз, шұбат, шалап, ашыған

көже т.б. болады.

1.1.Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де,қаймағы

алынбаған сүттен де ашыта беруге болады. Ол үшін 5-10 минут сақылдатып қайнатылып, қанжылым қалыпқа түскенше суытылады. Сонан соң ұйытқы қосып араластырады да, ыдыс тұмшаланып тасталады. Ол 1-2 сағат аралығында ұйып болады.

1.2.Қымыз – биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып, баптау өте күрделі

жұмыс. Қымыздың сапасы тікелей оны пісіруге байланысты. Қымызды көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада, метен шелектерде ашытады. Оған 30-40 л қымыз сияды. Қымызды ашыту қорын сол қымыздың өзінен жасайды. Күзде сабадағы қымыз тұнған кезде ыдыстың түбіне қымыздың қою жиналады. Міне, сол қоюуын мата дорбаға құйып, салқын жерде келесі маусымға дейін сақтайды. Жаңа сауылған бір шелек бие сүтіне бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек.

Қымыздың дәмін келтіріп және күшейту үшін қослатын заттар:

Кепкен сүр қазы, қойдың еті, қойдың құйрығы, қалампыр, күшала, қант, бал, мейіз, кептірілген өрік, құйма күміс.Сонан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға пайдаланады. Қымыздың қырық шақты түрі бар. Солардың негізгі түрлері:

Саумал, уыз қымыз, бал, құнан, бесті, асау, жуас, қысырдың қымызы, сары қымыздар түрлері бар екен. Мысалға уыз қымыз дегеніміз - жаңа құлындаған биенің уызынан ашытылған қою қымыз.

1.3.Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл – әрі сусын, әрі тағам. Өйткені

бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландырып алса одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Тұтынушыға құйып берерде шайқап шайқап жіберсе жетіп жатыр.

1.4.Суық шай. Қара немесе көк шәйға лимон және қант қосылып әзірленеді.

Шайдың суығанын күтуге, не бірнеше кесек мұз қоссаңыз болады.

2.Ыстық сусындар. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады.

2.1.Шай – дәмділік қасиеттері жоғары сергектік сусын болып

табылады. Оның адам ағзасына тигізетін әсері мол. Сонымен қатар тамақтың сіңуіне, нерв жүйелеріне, зат алмасу және қан алмасу үрдісіне, мидың қан тамырларының кеңеюіне жақсы әсерін тигізеді және шөл қандырады. Шайды ең алғаш Қытай халқы пайдалана білген, сондықтан шайдың отаны Қытай болып табылады. Кейін Индия, Цейлон елдерде өсіріле бастайды. Ал бізде Грузия, Азербайджан, Краснодар өңірлерінде өсіріледі. Шайдың химиялық құрамы: су, кафейн, белок, органикалық қышқылдар, минералды заттар, дәрумендер, ферменттер, бояғыш заттар бар.Өндіріс технологиясына байланысты шай көк шай мен қара шай болып бөлінеді. Қара шай оралған, плитка тәріздес, тез еритін және концентрат болып келеді. Ал көк шай оралған, плитка тәріздес, кірпіш тәріздес және тез еритін болып бөлінеді. Шайларды аунату, бұрау, кептірк, сұрыптау арқылы алады. Жалпы шайлар хош иісті болып келеді. Сапасына байланысты қара шайды букет, экстра, жоғары, 1,2,3 сұрыпқа бөлінеді. Бұл шайларды жұмсақ немесе жартылай қатты қораптарға 25,50,75,100, 125 г каробкілерге және бір рет қайнатуға арналған қораптарға салады.

2.2.Кофе – Тропикалық мемлекеттерде өсетін кофе ағаштарының

дәндерін өңдеу арқылы алады. Өсірілу жеріне байланысты америка кофесі, азия және африка кофелері болады. Кофе жемісінің ішінде екі кофе дәні болады. Олардың әрқайсысы қабықшамен қоршалған. Түстері ашық сұрдан, көкшіл сұрға дейін. Өңдеу үшін дәндерді қабықтары мен жемістерінен ажыратып, біраз уақыт сақтайды. Шикі кофеде иіс болмайды, дәмі ащы, нашар қайнайды. Сондықтан кофені пайдалану үшін 200 градус С температурада қуырады. Қуырылған кофенің көлемі үлкейіп, хош иісті және татымды заттар пайда болады. Қуырылған кофенің құрамында: су, белок, майлар, минералды заттар, көмірсулар, кофейн, дәрумендер бар. Кофе жоғар және 1 сұрыпты болып бөлінеді. Кофелер ұнтақталған және қуырылған болып бөлінеді. Соңғы кездері кеңінен таралған тез еритін кофелерге Нескафе, Классик, Маккофе жатады. Қуырылған кофені 50-120 г қағаз коробкілерде, полимер пакеттерге салады. Тез еритін кофені қаңылтыр немесе шыны банкілерге салып 3,5,6 ай мерзімдерге сақтайды.

Кофе қасиеті «Түн секілді – қара, от секілді - ыстық, періште секілді - таза, махаббат сүйіспеншілігіндей – тәтті» деп атаған екен.

2.3.Компот. Кішкентайымыздан дәмі таныс, кептірілген жемістерден

әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылып әзірленеді. 

2.4.Кисель. Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не

жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Топтық жұмыс. 1 топ «Салқын сусындар» тобы

2 топ «Ыстық сусындар» тобы

1.Қатесін тап (Сәйкестендіру тест)

Сұрақтар

Жауаптары

А. Оны қаймағы алынған сүттенде, қаймағы алынбаған сүттен де ашытады

1.Уыз қымыз

Б.Ыстық сусындарға жататындар

2. Айран

В. Жаңа құлындаған биенің уызынан ашытылған қою қымыз

3.Жылқы терісінен жасалған саба, метен шелектен

Г.Қымызды қайда ашытады?

4. Кофе, шай, како

Д.Түн секілді қара, от секілді ыстық, періште секілді таза, махаббат пен сүйспеншіліктей тәтті

5. Компот

Е.Дәмі таныс, кептірілген жемістерден әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылады

6. Кофе

Жауаптары

А.

2

Б

4

В

1

Г

3

Д

6

Е

5







2. Схема құрастыру (берілген айран және кофе сусындарға дайындау технологиясын құру)1. Салқын сусын - айран

Сүт




Shape1

5-10 мин қайнатамыз


Shape2

Суытамыз


Shape3

Ұйытқы құйып араластырамыз


Shape4

Ыдысты тұмшалаймыз



Shape5

1-2 сағат тұру керек

Shape6


Айран




2. Ыстық сусын – кофе

Кофе жемісі



Кофе жемісінен дәнді ажырату

Shape7


Shape8

Дән қабығынан аршу, сақтау


Shape9

200 градус С температурада қуыру



Shape10

Кофе



3.Жарнамалау (Ыстық және салқын сусындарды жарнамалау)

4. Кезбе тілші (Сырттан бір оқытушы келіп тақырыпқа сай сұрақтар қою)

1.Қазақтың салқын сусыны шұбат туралы не білесіз?

2.Ыстық сусынға қандай сусындар жатады соның ішінде біреуіне тоқтала кетсеңіз?

3.Шай қасиеті туралы не айтасыз қандай пайдасы бар деп ойлайсыз?

5. Қысқаша конспект жазу.

VІ. Сабақты қорытындылау:

1.Студенттердің білімін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, бағалау, оны хабарлау

2.Үйге тапсырма беру.«Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары» авторлары:Б.Күзембаев, Е.Күзембаева 358 бет



28 Мамыр 2018
3713
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі