Ю әріпінің жазылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ю әріпінің жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Өзім туралы»


Мектеп: №42 «Ақ ниет» гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні: тоқсан 1

Сынып:2

Сабақ 16

Сабақтақырыбы

Ю әріпінің жазылуы

Оқу мақсаттары

2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни й у дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерилері

я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазады

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады

Сөздік қор

Сезім мүшелерінің атаулары.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Әңгімені мазмұндай алды.Ертегілерді құрастыра біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы


3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.


ІІ.Қызығушылықты ояту

-Балалар не көріп отырсыңдар?

-Бір сөзбен не дейміз?

- Я қандай дыбыс?
- Я қандай дыбыстардан құралған.
- И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
-И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Слайд




Сабақтың ортасы



3 минут














4 мин








10 минут









5 минут









5 минут








5минут


(МҚ,Ұ)

ЙУ»,»Ю» дыбысы бар сөздерн оқудаі оқушылар көп шатасады. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатындығы туралы айтылады.

  • Балалар, мына сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады. 

  • күшей - у

  • молай - у

  • той- у

  • көркей- у

  • тыңай- у

. Сөздерді көп нүктенін орнына «йу», «ю» әріптерінің тиістісін кқшіріп жазып, неліктен сол әріпті қойғандығынды дәлелде.

  • Үлке…, шалқа…, есе…, сарға...

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.



дыбысы кездесетін сөзді ата.

дыбысы қалай естіледі?


Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?




Ю қандай дыбыс?

Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАР


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына артық әріпті (ю) қойып жаз. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?

Аю, ою, ұю, жаю, тою, көркею, үлкею, шалқаю.

б) Мұғалімнің түсіндірмесі (толықтыруы).

в) Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың

Жүрісін салып көрейін

Қошқар мүйіз оюдың

Үлгісін салып көрейін

а)«Қиындыны құрастыр» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың тапқырлығын және қисынды ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: оқушылар 3 топқа топтасады. Қиындылары таратылып беріледі. Құрастырғанда мазмұнды сурет шығады. (Мұғалім тақтаға іледі.)

Тапсырмасы: 2-жаттығу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Ю дыбысы кездесетін сөзді ата. Ю дыбысы қалай естіледі?

б) Жады – ережені жаттату:

Ю – қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады: ою, қартаю.

в) Жұптық жұмыс:

3-жаттығу. Берілген сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады?

Той+у=тою, үй, есей, кеңей, қартай, сарғай.

Ю әрпі қандай дыбыстардың орнына қолданылғанын айт.

Есею сөзін тағы қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?

4-жаттығу. Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта. Ю әрпінің астын сыз.

Ұю, жаю, күю, сою, жантаю, еңкею, молаю, құю, түю.

(Ұ, Ө) «Өз жұбыңды тап» ойыны

Оқушыларға қима сөздер беріледі. Олар әр сезім мүшесінің ерекшелігін анықтап, табуы керек.

- көз–көру мүшесі;
- құлақ –есту мүшесі;
- мұрын –иіс сезу мүшесі;
- тіл–дәм сезу мүшесі;
- тері–ыстық пен суықты сезетін сипап сезу мүшесі;

(Ұ, Ө)Оқулықпен жұмыс

1/Өлеңді оқу

Сөздік жұмыс: Оқушыларға бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру:

щипалы-

дәмі тіл үйірер-

татымды-

-Өлең не туралы?

Балалар өздеріңнің жақсы көретін тағамдарын «өрік» сөзінің орнына қойып, оқиды.


(Ұ, Ө)Өлеңмен жұмыс

Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.


-Балалар, өлең не туралы?

-Әр сезім мүшесі туралы не айтылған?

-Не қосар едіңдер?

Оқушылар өздерінің пікірлерін айтып, өлеңді жалғастыруға болады.

Сергіту сәті «Күз» көзге арналған сергіту сәті


(Ө,Қ)Проблемалық сұрақ

-Балалар, өлеңді мұқият тыңдап, не туралы екенін айтыңдар.

-Балалар, өлең не туралы?

-Жемістер мен көкөністердің қандай пайдасы бар?

-Қандай атауларда я әрпі кездеседі?

Қияр, пияз сөздерін жазу емлесін түсіндіру.

-Қандай жемістер мен көкөкністерді білесіңдер?


(Ө,Қ)Өздік жұмыс.

Оқушыларға кесте таратылады. Оқушылар өздері атаған жемістер мен көкөністердің атауларын дәмі бойынша кестеге орналастырып жазады.


Тағамның дәмі

тағамдар

тәтті


ащы


қышқыл


Кестелермен ауысып, бірін-бірі тексереді.


Слайдпен жұмыс







Жұмбақтар











Қима сөздер




оқулық

















оқулық












https://www.youtube.com/watch?v=OJSi7LiKsrY&index=4&list=PLDhl_FWG5EdxdWGQYxq27-buQhA8-bq6i






















кесте





Сабақтың соңы

5 минут

Бес жолды өлең құрастыру.

1. Не?

2. Бұл не?

3. Бұл қандай дыбыс?

4. Ол не істей алады?

5. Ю әрпі бар сөйлем құра

Рефлексия:

-Мен бүгін ........ білдім.

-Мен бүгін ...... үйрендім.

-Маған ....... қиын болды.


Сезіміңді анықта! (сабақта қандай сезімде болдың?) Оқушылар өз сезімін анықтап, жанына белгі қояды, түсіндіреді.

Қуаныш

Сенім

Қорқыныш

Білім


Үлестірмелі материал


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар өлеңдерді өз бетінше құрастыра алады.


Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын.


Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі