400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«З» дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 1-сынып

Тақырыбы: «З» дыбысын қою

Кезең: дыбыс қою

Білімділік мақсаты: «З» дыбысының артикуляциясымен таныстыру, дыбысты жеке айтуға, сөзде табуға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: артикуляциялық аппараттың қозғалғыштығын, бұлшықет тонусын жақсарту және дамыту; фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Түзетушілік мақсаты: «З» дыбысын өз бетімен дұрыс айта алуын үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: айна, суреттер, «З» дыбысының профилі.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсің бе, Расул!

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Оны қандай белгілерінен білдің?

  • Бүгін бізге қонақ келіпті. Бұл не? (қоңыз)

  • Бүгін қоңыз сенің қалай жұмыс жасайтыныңды, тапсырмаларды қалай орындайтыныңды көруге келіпті.

II.Мақсатын баяндау

-Бүгін сабағымызда «З» дыбысын дұрыс айтып үйренеміз.

Артикуляциялық жаттығу

Расул, біздің қонағымыз қоңызымызға «Тіл» туралы ертегіні айтып берейік.

Ертеде тіл болыпты (тілді көрсету)

Ол өзінің үйшік ауызында тұрыпты (бала аузын ашады)

Бір күні тіл таңертең тұрып сағатына қарап (сағат жаттығуы)

Төсегінен тұрды.

Тіл бәліш пісіргісі келді (бәліш жаттығуы).

Бәлішке тойып алып, далаға шығады.

Тіл қоршаудың жанынан жүгіріп өтті (қоршау жаттығуы)

Әткеншекке барып тербелді (әткеншек жаттығуы)

Тіл ары қарай жүріп күркетауыққа кезікті (күркетауық жаттығуы)

Құстан қорқып үйіне кіріп кетеді (аузын ашып тілі кіріп кетеді)

Дауысқа арналған жаттығу

Енді қоңызымыз қалай дауыс шығарады екен? Оны біз ақырын және қатты дауыспен айтып көрейікші?( ыззз ззззз ззззз)

III.Артикуляциялық гимнастика

«Қоршау жаса» - езу тартып жымию, жоғарғы және төменгі тістер көрінуі керек. Осылай жасап, ерінді 1-5, 1-10 секунд осы қалыпта ұстау.

«Тістерді тазалау» - езу тартып күлу, тістерді көрсетіп, ауызды сәл ашып, тілдің ұшымен төменгі тістерді тазалау оңға солға, кейін жоғарғы тістерді тазалау.

Сергіту сәті

Тік ұста бойыңды.

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағыда.

Жеткіз жираф мойынына.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

IV.«З» дыбысының артикуляциясымен таныстыру.

  • Ерін жымияды, астыңғы тістер көрініп тұрады;

  • Тістер жақын, бірақ түйіспейді, 1-2мм қашықтықта;

  • Тілдің ұшы төменгі тістердің түбінде;

  • Тілдің арқасы жоғарғы тістермен қуыс жасайды;

  • Тілдің бүйір шеттері азу тістерге жабысып, науа тәрізді болып, тілдің ортасымен суық ауа өтеді;

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, мұрынға баратын ауа жолын, ауа ауыз арқылы шығады;

  • Дауыс пердесі дірілдемейді.

V.Фонематикалық естуін қалыптастыру

«Шапалақта» ойыны

Расул, мен саған дыбыстарды атаймын, ал сен З дыбысын естігенде шапалақтайсың.

Л д б з т а р е з н г о ы у з ж к з с б з

VI.Суретпен жұмыс: «З» дыбысы бар сөздерді тап.

Расул, мен саған суреттерді көрсетемін, ал сен маған «З» дыбысы бар сөздерді бір жаққа жинайсың.

Не жетіспейді ойыны?

Оқушының алдына 3-4 сурет қойылып, назар салып қарауы сұралады. Кейін көзін жұму ұсынылады. Содан кейін оқушы қай сурет жоқ екенін айту керек.

VIII.Үйге тапсырма

Артикуляциялық жаттығуларды орындау, дыбысты қайталау.

VII.Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не істедік?

  • Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?

  • Сабақ саған ұнады ма?

Оқушыны мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
2814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі