«З» дыбысын қою

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«З» дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 1-сынып

Тақырыбы: «З» дыбысын дұрыс айтуға үйрету

Кезең: дыбыс қою

Білімділік мақсаты: «З» дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. «З» дыбысының орнын анықтау, дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: ой өрісін дамыту, қиялын, елестету қабілетін және фонематикалық есту қабілетін дамыту. Қызығушылығын ояту.

Түзетушілік мақсаты: «З» дыбысын анық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыны ұқыптылыққа, сыпайылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: айна, суреттер, «З» дыбысының профилі.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Психологиялық дайындық

II. Дайындық кезеңі

«З» дыбысының артикуляциясын еске түсіру, айту.

III. Артикуляциялық жаттығу

«Аңдар саябағындағы» қызықты оқиғалар

Баяғы заманда бір тіл болыпты. Бір күні оның аңдар саябағына барғысы келіпті. Тілмен бірге біз де аңдар саябағына барамыз. Тілге жолыққан аңдардың барлығын келтіреміз.

«Су сиыр» жаттығуы

Міне, тіл аңдар саябағына келді. Аузын кең ашып отырған тау сияқты суда отырған үлкен біреуді көрді. Бұл су сиыр. Бізде су сиыр сияқты аузымызды кең ашайық.

Жаттығудың сипатталуы: ауызды кең ашу, оны осы қалыпта 5-ке дейін ұстап тұру, сосын жабу, дейін ұстап тұру, сосын жабу, 3-4 рет қайталау.

Аузымызды кең ашайық.

Су сиыр боп ойнайық

Беске дейін санайық.


«Бақа» жаттығуы

Тіл су сиырды тамашалап болып, ары қарай жүрмек болғанда «бақ-бақ» деген бақаның даусын естиді. Бақалардың қалай жымиғанын келтірейік.

Жаттығудың сипаттамасы: еріндер жымиған, тақасқан тістерді көрсету. Еріндерді осы қалыпта 5-10-ға дейін ұстап тұру. Содан соң еріндерді қалыпты жағдайға келтіру. Жаттығуды 3-4 рет қайталау.

Бақаға біз еліктейік

Езу тартып күлейік

Шаршауды біз білмейік.


«Піл» жаттығуы

Тіл ары қарай жүріп келеді. Ой, осындай үлкен, тұмсығы ұзын бұл не екен? Иә, бұл піл емес пе? Пілдің тұмсығының қандай екенін көрсетейікші.

Жаттығудың сипатталуы: біріккен еріндерді алдыға созу және оларды осы қалыпта 5-10-ға дейін ұстап тұру. Қалыпты жағдайға оралу.

Тіл пілге қарап тұр еді, піл тұмсығымен су алып, өзіне және баласына су шашты.

Жаттығудың сипаттамасы: еріндерді алдыға созу және сораптап су ішкен сияқты жасау.

Пілге мен еліктеймін

Еріндерді созамын

Аузыма су толтырып

Балаларға шашамын.


«Жылан» жаттығуы

Пілге сүйсініп болғаннан кейін тіл келесі торға барады. Ол торда ешкім жоқ, тек қана ұзын арқан жатыр. Бірақ кенеттен арқан қозғалды. Тіл оның, жылан екенін көрді. Қане, жыланды келтірейік.

Жаттығудың сипаттамасы: жымиып, ауызды ашу, ауыздан тілді шығару, кіргізу. Жаттығуды 3-4 рет қайталау.

Жыланға біз еліктейік

Онымен тең келейік

Тілімізді шығарайық

Жылан болып ойнайық.


«Сағат» жаттығуы

Үйге қайтатын уақыт болған сияқты деп ойлайды. Сағаттың неше болғанын білу керек. Сағаттың қалай жұмыс жасайтынын көрсетші.

Жаттығудың сипаттамасы: жымиып, ауызды ашу. Тілді кезекпен оң және сол жақ апару. Жаттығуды 5-10 рет қайталау.

Сырт сырт соғады,

Уақыттан озады.

  • Жарайсың, Расул. Бұл жаттығуларды жақсы жасадың. Бірақ та «З» дыбысын айту үшін тыныс жаттығуларын да жақсы жасау керек. Ал, енді гүлдер алқабына барамыз.

  • Ой, мына жерде неткен гүлдер бар, тынысымызды терең алып, ұзақ шығарайықшы.


«Күзгі жапырақтар»

Бізде қандай әдемі жапырақтар бар. Міне сары жапырақ, міне қызыл жапырақ. Ағаштың жапырақтары қалай сылдырлайды екен? Кел, жапырақты үрлейік (балаға жапырақты үрлеу ұсынылады).

Өте жақсы. Мына жерде көп қояндар жүр екен. Сол қояндарға ұқсап секіріп, сергіту сәтін жасайық:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.


IV. Фонематикалық естуін қалыптастыру

«Дыбыс қайда тығылды» 
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын сөздер айтылады, ал балалар берілген дыбыстың орнын анықтауы керек. 

V. Дәптермен жұмыс

Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

VI. Сабақты қорытындылау

«З» дыбысы кездесетін сөздерді айтып шығу.

VII. Оқушыны мадақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2019
703
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі