400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заман талабына сай-топ 5 мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектерге актуалды мамандықтардың тізімін көрсетіп, қоғамдағы маңыздылығын айқындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заман талабына сай - ТОП 5 мамандық

Мамандық таңдау- маңызды қадам.Сіз өз салаңызды таңдау арқылы өзіңізді жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайсыз.Егерде сіз , әлі күнге дейін дұрыс шешім қабылдай алмай жүрген 10-11 ші сынып оқушысы болсаңыз , назар салуыңызды сұраймын!

Өйткені , мен қазір сіздерге «мамандық таңдауда нені ескерген жөн?» деген сұраққа жауап бермекшімін.

Жалпы мамандық таңдамас бұрын , сол саланың қоғамдағы өзектілігіне мән беруіңіз қажет.Себебі , сіз қолыңызға ЖОО-ның дипломын алғаннан кейін, жұмыс табу қиындығын тудырмас үшін , бұл маңызды. Яғни алдағы уақытта сұранысқа ие болатын мамандық таңдау керек. Әлем түрленіп , дамуына байланысты болашақта тапшы әрі керек мамандардың тізімін жариялады. Дәл қазір мен профориентологтардың дерек көздеріне сүйеніп, заман талабына сай-5 мамандықты ұсынамын.

1 « IT маманы –заман талабы»

IT (ақпараттық технологиялар) – бүгінгі күнде сұранысқа ие мамандықтардың алдыңғы қатарында. Бұл жалпы әлемге қажет сфера. Себебі ол технологияны дамыту, қауіпсіздік ,білім беруге негізделген көп жақты сала. Соңғы 5 жылда сұраныс 74% - ға артқан. Статистика деректерін ескере отыра IT мамандарына мұқтаж екенін аңғаруға болады.

2 « Табиғат жанашырлары - экологтар»

Эколог-табиғи ресурстарды зерттеп әрі түрлі қоршаған ортаға байланысты мәселелерді шешетін мамандар. Сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың табиғатқа зиян тигізбеуін қадағалайды. Бұл салаға деген сұраныс 41% құрайды. Әлем қашан да, табиғат жанашырларын қажет ететінін ұмытпағанымыз жөн.

3 «Өндірісті дамыту-инженерлердің қолында»

Инженерия-әртүрлі бағытты қамтитын технологиялық мамандықтар. Ол құрылыс, электр, энергетик , химия инженериясы болып бөлінеді. Көріп отқандарыңыздай инженерлік мамандықтар өте көп саланы қамтиды әрі өте тапшы десекте болады.

4 « Коммуникация мамандарына айналған-Digital marketing»

Digital marketing-мақсатты аудиторияға негізделеді. Жалпы ол цифрлық арналарды қолдана отырып ,өз тұтынушысын онлайн және офлайн түрле таба алады. Бұл мамандарға бизнес компаниялар толассыз ұсыныс тастайды. Өйткені олар брендтің танымал болуына үлкен үлес қосады. Бүгінгі қоғамда осы сала иелеріне деген сұраныстың артқанын алға тартуда.

5 «Логисттер-әрбір компанияға қажет»

Логистика маманы – тауарды аз уақытта , аз суммамен А нүктесінен В нүктесіне тасымалдауды қадағалайды. Сонымен қатар жеткізуші мен көлік нарығын есептеп сату бөлімімен үйлестіреді. Бұл салаға деген сұраныс 22 % құрайды.

Құрметті жас түлектер, жоғарыда бөліскен тың деректер сіздерге пайдалы болды деген ойдамын. Сондықтан сұранысқа ие мамандықтарды таңдауларыңыз қажет. Бұл аталмыш салалар алдағы уақытта өзектілігін жоғалтпайды.

Шымкент қаласы

Ж.Аймауытов атындағы

№64 мектеп-гимназиясының

11 «В» сынып оқушысы

Ғабиденқызы Балым

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
77
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі