жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Заманауи басшы" эссе
«Заманауи басшы: табыс формуласы»
«Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен қатар ғаламат сәті де еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын деген белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтан да еліміздің еңсесі биіктей түсетініне сенемін»
Н.Ә.Назарбаев
Арман... Үміт... Сенім... Кез келген жолдың, өмірдің үкілеген үміті болады. Тек жүрегіне терең бойлап, көңіліне берік орнаған сенімі болған жағдайда жол өз бастауын табады. Болашаққа деген нық бағыт алған да ғана жаңа өмірге жетелейді. Жаңаның соңынан, шексіз мүмкіндіктердің соңынан қалай еріп кеткеніңді байқамай да қаласың. Бұл сенің тұла бойыңнан, санаңның жаңалықты, өзгеруді, дамуды және қиял бостандығын қалайтынын анық көрінісі. Сенің ойың, сенің санаң жаңғыруда. Олар жарқын дауысты, жаңғырығы жер жаратын алыптылықты, шексіздікті қалайды. Себебі мүмкіндігі көп...
Жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – баланы өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі, әр адам қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал, ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші. Осы мақсатқа рухани күш – жігерін, прасат – пайымын салу керектігі айтпаса да түснікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға ғана тән қасиет.
Ұстаз- таудың сарқырап, толып- тасып аққан өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тарыдай домалатып, білімнің сары даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – жер әлемінің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн – Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр- сипатын құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқан.
Ауыр да ардақты мамандықтың қызығы мен қиындығына төзе жүріп, сыныптай сырғыған уақыттың көшімен, өзім жүріп өткен ұстаздар ұстаханасының ауыр жүгін арқалап жүргеніме де жеті жылдың жүзі болыпты. Ақын М.Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын «Алдыма бір кітапты қойып алып, желге бергенім жоқ. Тәрбие туралы ғалымдардың пікірін тыңдап алуға ұмтылдым.»- деп аңғартады. Мен де өз әріптестеріме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рхани қуат, мейірімділік пен шыдамдылық, кешірімділік, қызметтестермен тең дәрежеде сыйласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, олардың пікірімен санасу арқылы өз ұжымымның мәртебесін көтере алатындығыма сенемін. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, ынтымағы мығым ұжымның жүйелі жұмысы менің жұмысымның арқауы болары анық. Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өзгермелі өмірге икемді» бала оқытып, тәрбиелеу – жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы. Сондықтан, жаңартылған білім беру жағдайында мектеп көшбасшылығына қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Мектептегі өзгестерді басқарып, жетекшілік ету үшін мектеп басшысына негізгі үш талап, қойылады. Алғашқы: өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру, келесі: мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру және тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы мен адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру. Осы талаптардың жүйелі жүргізілуі өз жемісін берері сөзсіз. Менің басшы ретінде қағидам: Ұжымымдағы ұстаздарға сеніммен қарау, оларға барынша қамқорлық жасау, қандай да бір шешімді ұжыммен бірге қабылдау, кез-келген істе жаңашылдыққа ұмтылу, кемшіліктердің қай тұстан кеткеніне көңіл бөлу, дұрыс шешім қабылдай білу. Үлкен ұжымды басқару, оның әрбір ісіне зор жауапкершілік таныту, мектеп басқару мәлениеті, мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзімнің шығармашылық күш- қуатымды арнап келемін. Мектепті үлкен емен ағашына теңейтін болсам, ұстаздар сол ағашытың бұтағы, ал, оқушыларымды еменнің жапырағы дер едім. Қандай ағаш болмасын діңі мықты болса, ол еш уақытта мұқалмайды. Діңі берік елдің – ертеңі ерен болашағы зор.
«Мектеп жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана. Әрбір елдің келешегі – мектебінде» - деп, ХХ ғасырдың өзінде-ақ Мағжан атамыз айтып кеткендей, жаңа мектепті қалыптастыруда мұғалімдердің атқаратын рөлі ұшан теңіз. Олар педагогикалық ұжымның бірлесе мақсат пен міндет қоюы, талдау жасауы, жоспарлауы, педагогикалық үрдісті ұйымдастырып жүргізе білуі және оларды бақылап, бағалай білуі болып табылады. Басқару- тұтас педагогикалық күрделі жүйе. Мектеп басқару шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа байланысты басқару нысанын ұйымдастыру, қ адағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесін, қорытындысын шығару үрдісі болып табылады. Оқу- тәрбие үдерісінде ұжымда ынтымақтастық ахуал қалыптастырып, жігерлендіріп отырамын. Ізгілік атмосферасы қалыптасқан ортада басқару, реттеу, бақылау оңтайлы әрі нәтижелі болатынына көзім жетті. Нәтижелі іске үш нәрсе: дайындық, құлық, біліктілік себепкер болды. Ең бірінші- ұжымның жұмысын қалыпқа келтіру, ол дегеніміз – ұжымның әрбір мүшесінің өз жұмысын тиянақты жасауы. Екінші, мектеп әкімшілігінің ұжыммен тығыз байланыста болуы. Үшінші: Әрбір кадрдың ой- пікірін тыңдау.
Қорыта келгенде, педагогтардың кәсіби қалыптасуына шығармашылық деңгейлерінің өсуіне, білімдерін жетілдіруіне, жаңашылдыққа ұмтылуына мектеп басшысының ықпалы зор. Мектеп – білім парасат пен пайымның ортасы, тағылым табалдырығы. Оқу – тәрбие үрдісінің жүйелі жүргізілуі – ұйымдастыру ретінде байланысты болмақ. Жаңа технологиялардың жаңару жағдайында мектепті басқарудың бірден – бір жолы демократиялық стиль мен ынтымақтастық педагогикасы, ұжым мүшелерін жігерлендіре отырып, қоғам алдындапғы өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындауға жағдай туғызу. «Ұйымдаса білген - ұтады» деген халық даналығына ден қойсақ, менің еңбегімнің жемісі- ұжымымның ынтымағы мен үлкен нәтижелерге қол жеткізуі. Жұмысы жүйелі жоспарланған, межесі айқын жерде жеңіс болатыны белгілі. Толғансаң ойыңды толқынға ұластырар, қарасаң көзіңді сүйсінтер ұрпақтың киелі мекені – іргелі білім ордасының өркендеуіне бар жігерімді жұмсаймын.
Өмір – өзен, өмір – керуен. Бар салмақ білім кемесінің ауыр жүгін сүйреген көшбасшылар иығында бусана буырқанған уақытта жаңа тұрыптағы ұстаздар ұжымының жұмысын жүйелі үйлестіру, кәсіби шеберлігімді үздіксіз жетілдіру, тынымсыз іздену, өзімді –өзім үнемі дамыту – парызым деп білемін. Шәкірт күнімдегі әрбір сәттің куәсі болған алтын ұя мектебім – бүгінде ішінді кіргенде қуанып, шығарда қимасым болған - ыстық қызмет ордасына айналғаны өмірде жолымның болып, табысты көшбасшыға бастар баспалдағым екені анық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген