Эссе.
Тақырыбы: «Замануи басшы: табыс
формуласы»
«Адамзат жетім болмайды-
халықтан болса панасы,
халық жетім болмайды- басшысы болса
данасы»
Сырым
Датұлы.
Басқару- ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге
асыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, талдау және
бақылау- бағалау үдерісі. В.Сухомлинскийдің айтуынша «Басқару-
адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жандүниесіне үңіле
білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер- даналықты
жүрекпен ұға білу».
Біздің қоғамымызда мектепті басқару жалпы басқару
жүйесінің бөлігі бола тұра оған ерекше міндеттер жүктелген. Өйткені
мектеп білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың
талаптарын ұштасыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында
қызметін іске асырады.
М Поташниктің айтуынша «Басқару - мектептің
қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын
қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс - әрекеті».
Олай болса, мектепті басқару іс-әрекетінде ең алдымен мақсат
қойылады. Мақсат мектептегі тұлғаның қалытасуымен тікелей
байланысты. Бүгінде мектеп халықтық тәрбие тағлымен игерген,
білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз
бетінше ойлайтын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Осындай түлек
мектептен үлкен өмірге аттанады. Сондықтан басқару мақсаты,
міндеттері осы жауапты, абыройлы іспен тікелей ұштасады.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы
бағдарламаларды іске асыру үшін мұғалімдерді біліммен,
дағдылармен қамтамасыз ету және олардың пікірлерін
өзгертуге ықпал ету жеткілікті емес екендігін көріп
отырмыз. Мектепке өзгеріс енгізіп, оны басқаруда
инновациялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажеттігі
туындады. Осы орайда, мектеп басшыларының алдында
«XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға
қалай дайындайды?» және «XXI ғасырда мектебімді табысқа қалай
жетелеймін?» деген сұрақтарға бірлесіп жауап іздеу мәселесі тұрғаны
айдан анық. Себебі, өткен ғасырдағы жүйе мен тәуелсіз қазақстандық
білім беру саласындағы айтулы айырмашылықтар туралы айтатын
болсақ, бұл Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде балаларды «қалай
оқыту керектігі» туралы өзекті мәселеге басымдық беру
қажеттілігін терең түсінуді көздеп отыр. Ал «XXI ғасырда
табысты болу үшін мектеп оқушысы қандай дағдыларды меңгеруі
керек?» деген сұрақтың жауабын еліміздегі білім саласында болып
жатқан жаңалықтардан іздегеніміз жөн болар. Жаһандану заманында өз
тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе
алатын, «өзгермелі өмірге икемді» бала оқытып, тәрбиелеу
жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы. Сондықтан
жаңартылған білім беру жағдайында директор көшбасшылығына
қойылатын талаптар да күшейіп отыр. !
Осыдан бұрынғы басшы мен қазіргі басшының
айырмашылығын салыстырсақ, қазіргі мектепті басқаратын адамды
басқару үдерісін кәсіби, сауаты жүргізуші, білікті басшы- менеджер
деп айтуға әбден болады.
Мектепті басқару мазмұны, құрылымы, жаңа
амалдары, жүзеге асырылуы және бүгінгі басшыларға қойылатын
талаптарға сәйкес мектеп директоры, менің ойымша, біріншіден-
басқарушы, ұжымға жетекшілік жасаушы.
Екіншіден- көшбасшы, өзінің
абыройы, жоғары кәсіпкерлігі, жағымды көңіл –күй қасиеттері
негізінде ұжымды ұйымдаструшы. Біздің мектепте ұстаздардың көбі жас
маман, болмаса тәжірибесі аз сондықтан, әрдайым көш бастап жүру
менің міндетім деп есептеймін. Былтырғы оқу жылында Педагогикалық
шеберлік орталығының базасында «Тәжірибедегі рефлексия» курсын
оқып, мектеп тренері қызметін атқарып келемін. Педагогтарға
оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау және
проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық
әдіс-тәсілдерді меңгерту бағытында жұмыстанудамын. Мектепте
деңгейлік бағдарламасын меңгерген тек 2 мұғалім болғандықтан және
жылма жыл мұғалімдер ауысып орындарына жас мамандар келуінің
салдарынан үнемі тренерлік жұмыстыбасынан бастауға тура келіп,
көптеген жоспарланған жұмыстарымыз кейінге ысырылып қалу қаупі
бар.
Үшіншіден – дипломат,
әріптестері мен жоғары басқару органдары, ата- аналар, қоғамдық
ұйымдармен байланыс орнатушы. Әрине ауылымыз аудан орталығынан
шалғайда және округ әкімшілігі де басқа ауылда орналасқандықтан,
үнемі екі араны жалғастырушы , байланыс орнатушы болу да үлкен
міндет.
Төртіншіден- тәрбиеші, ұжымды
қалыптастыратын және оның дамуына дұрыс бағыт беретін, жоғары
адамгершілік иесі. Осы бағытта үнемі алдыма келген жас мамандардың
бойларындағы қабілеттерін, жақсы қасиеттерін анықтап, оларға жұмыс
жасауға жағымды жағдайлар туғызып, тәрбиелеп, көмек көрсетуге
тырысамын. Сонымен қатар, оқушыларымның бойынан да жақсы
қасиеттерді анықтап, ұстаздық мамандықты таңдауға бағыт бағдар
беріп келем. Қазіргі таңда оқу орындарын тәмәмдап өз алтын ұясында
4 маман қызмет атқаруда. Жоғарғы, арнаулы орта оқ орындарында 5
оқушымыз ұстаздық мамандықты игеруде.
Бесіншіден- жаңашыл, қазіргі кездегі ғылымның
ролін түсінетін, бағалай алатын, білім беру үдерісінде үнемі
жаңалық енгізуші. Қазіргі таңда, мектепте 1,2,5,7 сынып оқушылары
жаңартылған бағдарламамен оқуда. 2014 жылы
1( бірінші) деңгей бағдарламасын оқып
сертификатқа ие болдым, 2016 жылының мамыр айында өз пәнім бойынша
білім беру мазмұнын жаңарту аясында білімімді жетілдірдім. Сонымен
қатар, Алматы қаласында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
шағын жинақталған мектептерді басқару курсынан өттім.
Алтыншыдан- болжаушы, білім ұйымының болашағын
ойлаушы, оның дамуын жүзеге асырушы. Осы мектебімнің болашағын
болжау менің ең басты бас ауруым деп айтсам қателеспеймін. Олай
дейтінім, қазіргі таңда мектепте біім алушылар, әуріемдеп, 41-ге
толса, ендігі жылы мектепалды даярлық сыныбына келетін тек 2 бала
ғана. Сонда болашақта мектепке келетін балалар саны азаяды. Жылда
алдағы 5 жылға болжам жасаймыз, мектепті сақтап қалуды үнемі басты
назарда ұстауға тырысамын.
Жетіншіден – қарапайым, жоғары білімді,
қабілетті, мәдениетті, адал, өз бетінше шешім қабылдайтын,
айналасындағы адамдар үшін тек үлгі болатын адам.
«Жақсы басшы анық нұсқаулар
береді және қол астындағылардың проблемаларға төтеп бере алулары
үшін, жігерлі әрі батыл болуларына көмектеседі», деп Мәсіх Көсем
айтқандай, алдыма келген ұстаздарға алғашқы күннен көңіл бөліп,
сабақтарына қатынасып дұрыс бағытқа жол сілтеу менің борышым деп
есептеймін. Өйткені олар жаңа ғана қиын да қызығы мол ұстаздық
жолға бет бұрған жас шыбықтар тәрізді. Шыбықты қалай исең , солай
өсетіні анық. Сондықтан, мен Мәсіх Көсем айтқандай тек жақсы басшы
атану үшін емес, алдымыздағы болашақ ұрпағымызға қиянат жасамайтын,
дұрыс білім, нағыз тұлға етіп қалыптастыратын жігерлі батыл
ұстаздар болуын қалаймын.
XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар
зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін,
жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де
білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер
қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын
болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық,
бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.Ол сонымен бірге
ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін
меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген,
әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын
ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам
дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір. Мұғалім – қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім –ана, бала
бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог,
жаңалықты дәріптеуші, таратушы.Сондықтан мектептерде мұғалімге
кәсіби шеберлігі, мәдениеті жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс
атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", -
дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын
алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл –
ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да,
батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай
болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте
уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму
тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып
шыққан.
Қасиетті қара шаңырақтың
білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға
жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген
ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын,
еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу
- жүректің батырлығы!
Қолданған материал немесе құралыңыз – табысқа
жетудің кілті емес. Шындығына келгенде, бәрімізде де кемшілік бар.
Біз соны түрлі сылтаулармен жасырғымыз келеді. Жұрт көзінен
жасырған кемшілігіміз өзімізге тіпті де ұмыт бола бастайды. Қашан
да өзімізге сұрақ қоя
білуіміз
қажет. «Бұл бір сылтау емес пе?..» міне осы
арқылы үздіксіз ізденуге болады. Өзіңе көп сұрақ қоя
білу – талантыңды жасырып тұрған «ең үлкен сылтаулардан» құтылудың
жолы. Өзіңе сұрақ қоюды ұмытқан күнің – табысқа жетуден
соншалықты алыстаудың
бастамасы.
Батыс
Қазақстан облысы Сырым ауданы
Жалпы
білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің орыс тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі Еркетлеуова Гульмира Жолаевна