Материалдар / Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері

Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері
Авторы:
12 Ақпан 2025
53
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алматы қаласы,

Бостандық ауданы,

146 мектеп-лицей мұғалімі

Тұрсынбек Ләззат Пернебайқызы





Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің

теориясы және әдістері





Аннотация

Мақсаты: Қазақстан Республикасында білім ошақтарындағы білім берудегі заманауи инновациялық технологияларды білім беру процесінде тиімді қолданудың маңызын көрсету.

Міндеті: Жаңашыл пед- технологиялардың тиімділігін анықтау.

Зерттеу нәтижелері: Білім берудегі заманауи жаңашыл технологиялардың тиімділігі анықталды. Педагогикалық инновация-бұл қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге көмектесетін білім беру саласындағы жаңалықтар. Білім берудегі инновациялар деп педагогикалық технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығын жетілдіру процесі түсініледі. Бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің ел тірегі – білімді ұрпақ десек дұрыс айтқан болар едік, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған ең бірінші мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі - ғылым мен тәрбие қазіргі таңда Қазақстанымызда ғылым-білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім алмасып Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге, жаңа бағыттың дамуына жол ашты, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, соңғы үлгідегі цифрлық пед-технологиялар пайда болды.

Инновациялық технологиялардың тиімділігін анықтау барысындағы зерттеу нәтижелерінде Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялардың тиімділігін айқындап, анықтады. Педагогикалық инновация-бұл қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге көмектесетін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жаңалықтары екенін барлығымыз білеміз. Білім берудегі инновациялар деп педагогикалық технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығын жетілдіру процесі деп айтсақ болады. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық қызмет кез-келген оқу орнының білім беру қызметінің маңызды компоненттерінің бірі және бірегейі болып табылады. Бұл білім беру қызметтері нарығында белгілі бір мекеменің бәсекеге қабілеттілігін құруға негіз құрып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің кәсіби өсу бағытын, оның шығармашылық ізденістерін анықтайды және оқушылардың жеке өсіп-дамуына ықпал етеді.

Педагогикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар қоғамдағы жалпы тарихи процестерге, ғаламдық мәселелерге, жасанды интелектіні қолдануда, нейрондық желілер мен машиналық оқытуда, білімдер мен формалардың интеграциясына байланысты қазіргі таңдағы техниканың дамуындағы, цифрлық заманның қажеттіліктен туындаған, әлеуметтік болмыс болып табылады. Қазіргі кезеңде дәстүрлі мектептің білім, білік, дағдыларды беруге бағытталғаны барған сайын айқындала түсуде. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, оның инновациялық жұмыс режиміне енуі, шығармашылығының дамуында инновациялық педагогикалық технологиялар жетекші рөл атқарады.

Педагогикалық инновациялық білімдер, озық технологиялар, әдіс-тәсілдер, дарынды оқушы-бұл педагогика саласындағы биік шыңдағы инновация деп айтсақ болады, білім беру ортасына оның жекелеген компоненттерінің де, тұтастай алғанда білім беру жүйесінің де сипаттамаларын жақсартатын тұрақты элементтерді (инновацияларды) енгізетін мақсатты прогрессивті өзгеріс.

Педагогикалық инновациялар білім беру жүйесінің өз ресурстары дамудың қарқынды жолы есебінен де, қосымша қуаттарды (инвестицияларды) — жаңа құралдарды, жабдықтарды, технологияларды, күрделі салымдарды және тағы басқалай тарту есебінен де жүзеге асырылады. Педагогикалық инновациялық білім берудегі бір айта кететін мәселе Жас ұрпақты ерлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйрету керектігін қоса жүзеге асуы тиіс.

Бұл–ұлттық тәрбиенің негізі. Оқушылардың жаңа ұжымын қабылдап алған сынып жетекші, әлбетте, ең алдымен балалардың жанұядағы тәрбие жағдайларын зерттейді. Қажет болған жағдайда ата-аналарымен тығыз байланыста болып, үй жағдайларын жете зерттеуі тиіс. Оқушылардың күн реттелімі мен жанұядағы еңбек міндеттерінің орындауына ата - аналардың қалай қарайтынына, балалардың сабақ даярлайтын орны мен шағын кітапхана қорының бар - жоғына айрықша назар аударуымыз керек.

Ахмет Байтұрсынов атамыз кезінде: «Жақсы мұғалім мектепке -жан

бітіреді»,-деген. Әр күніміз мына озық цифрлық заманда көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін ақпарат көлемі кеңеюде, және жылдам дамуды. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс.

Білім мазмұны ақпарат көзі болып қана қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз.

Заманауи мұғалім алдына мынандай мақсаттар қойюы тиіс: оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетіне, өмірге көзқарасын қалыптастыру өз жұмыс тәжірибесінде дәріс беріп жүрген пәндері бойынша алға қойған мақсаты: оқушылардың білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

Инновациялар немесе заманауи технологиялар бала болашағындағы адамның кез келген кәсіптік қызметіне тән және зерттеу, талдау және енгізу пәніне айналады. Инновациялар өздігінен пайда болмайды, ол жекелеген мұғалімдердің, тұтас ұжымдардың ғылыми ізденістерінің, практикалық зерттеулердің, озық педагогикалық тәжірибесінің нәтижесі. Жетекшілік еткен жаңашыл ұстаздың сүймелдеуімен нәтиже берері анық. Бұл процесс өздігінен болуы мүмкін емес, оны басқару керек. Сондықтан қазіргі мектептерде инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу және қолдану және оларды пайдаланудан жоғары нәтиже алу тақырыбы бүкіл білім жүйесіндегі педагогтер осы тақырыпқа үлкен қызығушылық танытуда.

Инновациялар немесе заманауи технологиялар қолдану тәжірибесін біздің осы өмір сүріп жатқан дәл қәзіргі кезеңдегі заманымызда жүзеге асып жатыр.

Атап айтқанда қашықтықтан білім берудің әртүрлі формаларын қамтитын ашық типтегі мектептің ақпараттық ортасы оқушылардың пәндерді, әсіресе жоба әдісін қолдана отырып оқуға деген ынтасын едәуір арттырады.

Сонымен қатар тәжірибеде оқытуды ақпараттандыру оқушы үшін тартымды, өйткені “мұғалім-оқушы” субъективті қатынастарынан “оқушы-компьютер-мұғалім” неғұрлым объективті қатынастарына көшу арқылы мектеп қарым-қатынасының психологиялық күйзелісі жойылады, оқушы еңбегінің тиімділігі артады, шығармашылық жұмыстардың үлесі артады, мектеп қабырғасында пән бойынша қосымша білім алу мүмкіндігі кеңейтіледі, ал болашақта университеттің мақсатты таңдауы, беделді жұмыс жүзеге асырылады.

Цифрлық замандағы оқытуды ақпараттандыру мұғалім үшін тартымды, бұл оның еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, мұғалімнің жалпы ақпараттық мәдениетін арттырады. Қазіргі уақытта білім ордаларындағы оқушылардың қажетті ақпаратты тауып, оны өңдеп, белгілі бір қорытынды жасай білуіне көп көңіл бөлінуде. Оқу ошақтарында алдына қойылған мақсат-міндеттердің өзгеруі нәтижесінде инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану қажеттілігі туындады және ол даму үстінде.

Бүгінгі таңда Білім берудегі инновациялық технологиялар үш элементтің негізінде қолданылып отыр. Айтар болсақ ең бірінші элемент - ақпараттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық компоненттерді қамтитын оқыту құралдары. Екінші элемент-оқыту әдісі, ол оқушыларды белсенді түрде тартуға бағытталуы керек. Білімді  оқушылардың тікелей қатысуымен алу керек. Соңғысы үшінші элемент- оқушыларға берілетін мазмұн. Қазіргі әлемге барабар құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл мазмұн жақсы құрылымдалған, мультимедиа түрінде көрнекі түрде ұсынылуы және заманауи коммуникациялар арқылы берілуі керек екені қолданыс үстінде.

Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай цифрлық заманда, оқытуда заманауи технологияны яғни жасанды интелектіні пайдалана отырып, оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін белсендірудің шығармашыл әлеуетін көтерудің маңызы бар. Иновациялық педагогикада жаңа технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект – субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне, болашағына сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір–бірімен байланыс шеңберінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір–бірінің жауаптылығын сезінеді, жақындығын білдіреді.

Заманауи технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым – қатынас жағдайын шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияны енгізіп, пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды. Қорыта кететін болсақ, Қазақстанымыз тәуелсіздік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде, білім беруде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алады. Осыған орай, қазіргі мектептерде оқу – тәрбие үрдісіне енгізген жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс – әрекеттеріне кең түрде қолданылуда.



Пайдаланылған әдебиттер:

1. Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных

организациях Республики Казахстан в 2015 -2016 учебном году.

Инструктивно-методическое письмо

2. Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. –232 с. Астана

3. Ахметова Г.К., Семченко А.А., Мухамбетжанова С.Т. и др. Методика

внедрения системы электронного обучения в организациях

образования. Методическое пособие, Алматы: РИПК СО, 2012. -76 с.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі