ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ
ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ Ы.АЛТЫНСАРИН ІЛІМІ
Бегалиева Жайсанкул
Мырзахметовна
«С.Бреусов атындағы жалпы
орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Түркістан облысы, Түлкібас
ауданы
Кел,
балалар,оқылық!
Оқығанды
көңілге,
Ықыласпен
тоқылық!
Оқысаңыз
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар
Тілегенің
алдыңнан,
Іздемей-ақ
табылар.
Биыл қазақ сахарасында қоңырау
болып, қазақ елін білімге шақырған Ұлы даланың ұлы ұстазы
Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ыбырай
Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуына терең із қалдырған тұлға екендігі бәрімізге
мәлім. Қазақ философиясының тарихы Ыбырай Алтынсариннен бастау
алады деп айтсам артық етпес. Ыбырай атамыз өмір сүрген уақытта
қараңғы қазақ балалары мен қыздары үшін мектеп ашу, оларға білім
беріп, ой-өрісін кеңейту оңай шаруа болмағаны бәрімізге мәлім.
Қазіргі заманда Ұлттық педагогикамыздың негізін қалаушы
Ы.Алтынсарин еңбектерін педагогикалық заманауи әдіснамалық негізде
тәжірибемізде қолданып отырмыз.Сонымен қатар,қазіргі таңда,
балаларға білім беру жолында Ыбырай Алтынсарин салған ізбен жас
ұрпаққа білім берудің озық үлгісіндегі ұлттық және заманауи
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, осы үлгіде білім
беріп келе жатырмыз. Атап айтқанда, Ыбырай Алтынсариннің
педагогикалық көзқарасы мен идеясы қазіргі таңдағы педагог
мамандардың таңданушылығын тудырып, жаңа білім беру жүйесіндегі
принциптерін қалыптастыруына ықпал етті.
Ыбырай Алтынсариннің
ағартушылық-педагогикалық қызметке келуінің басты себебі
неде?
Жасынан зерек болған Ыбырай
Алтынсарин мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалғысы келмеді,
сондықтан, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын
өздігінен оқып, нәр алды. Мектеп бітіргеннен кейін, қазақтың жас
ұл-қыздарына білім беруді алдына мақсат етіп қойды. Осыдан бастап
Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталды. Шалғай
ауылдарда мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан,
ағартушылық идеяларымен қанаттанған ағартушы көздеген мақсатын
орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік
білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен
қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін
салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылды. Алтынсарин
дүние жүзі педагогикалық классиктердің гуманистік идеяларын
басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына
енгізген тұңғыш педагог болды.[ Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы
1991ж.18-19 бет.]
Қараңғы қазақ даласын өнер-
білімге шақырған Абай, Шәкәрім мен Ыбырай шығармаларының үндестігін
аша отырып, оқушыларға ұлы ұстаз өсиетін үлгі ету, ғұламалардың
табиғат лирикасы мен өнер білімге үндейтін өлеңдеріндегі
үндестігін, жақындығын ашу және оқушылардың әдебиетке деген
сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты
қорғауға және шығармашылық ізденісін арттырып отыр. Осы
ғұламалардың еңбектерінің арқасында қазаққа рухани леп келгендей
болды. Яғни қазақ қоғамының рухани қазыналарын қалыптастырып,
қазақтардың ұлттық сана- сезімін оятты.
Бүгінгі таңда жалпы білім
беретін мектептер үшін маңызды мәселелердің бірі -ХХІ ғасыр
талабына сай білім беру жүйесін кеңейту. Жалпы бұл мәселеде,
қазіргі замандағы немесе бұрынғы заманның білім беру жүйесіндегі
айырмашылықтарды ескере отырып, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық
жолымен жүрген дұрыс па, әлде бұрыс па?
Қазақ ағартушылық идеялары сол
заманмен бірге қалып қойған жоқ, Ол идеялар қазіргі күнде де өте
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақ ағартушылық ойлары
әлемде орын алып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап отыра алмады,
этникалық және эстетикалық мәселелерді терең пайымдай білді. Ыбырай
Алтынсарин тәрбие үдерісіне аса мән берді, себебі, Ұстаз институтын
терең тұлғааралық байланысты жүзеге асыратын және шәкіртке сенім
артатын институт ретінде қарастырды. Ы.Алтынсарин түркі
философиясында негізі қаланған білім беру жүйесін одан әрі дамыта
отырып, оны білім парадигмасында философияны зерттеудің
теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтайды. Қазақ ойшылдарының
арасынан Ы.Алтынсарин инновациялық гуманитарлық бағыттың өкілі
болып табылады,ол ағартушылықты білім беру үдерісінде өмірлік мәнді
іс деп білді, себебі білім арқылы адам жетіледі. Жалпы ХХІ ғасыр
талабына сай білім беру жүйесін кеңейту барысында Ыбырай
Алтынсариннің ағартушылық жолымен жүрген дұрыс деп есептеймін.
[«Қазақтың ағартушылық философиясы» 3-том (Ыбырай Алтынсарин заманы
және оның ағартушылық қызметі) 86-бет.]
Ыбырай Алтынсариннің
педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінде
ұлттық педагогикамыздың негізін қалаушылардың бірі деп білемін.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты –бәсекекге қабілетті маман
дайындау Мектеп –үйрететін орта,оның жүрегі -мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір
тұту,қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз
кәсібін, өз пәнін ,барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін
адам.
Сонымен қатар, білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар,
ғылым және практика негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін бар
қажеттілікті жасау. Яғни жеке адамның шығармашылық, рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ой-өрісін байыту, бұл білім берудің
маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді.
Қорыта келгенде, жаңа қоғамға
жаңа адам керек. Еңбек және рухани тәрбие барысында Ы.Алтынсариннің
әдеби мұрасын білім мазмұнындағы пәндік тәсіл ретінде, өскелең
ұрпаққа дәріптеу білім беру жүйесінде жалпы педагогикалық
идеялардың сабақтастығы деп білемін. Ыбырай Алтынсарин ілімі
бойынша кәсіп пен білімді, рухани тәрбиені қатар алған адамды
қалыптастыру –қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған
басты міндет деп есептеймін. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі
қандай болса,елдің ,қоғамның ертеңі, болашағы сондай
болмақ.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Алтынсарин тағылымы. Алматы
1991ж.
2. Ы.Алтынсарин тағылымы.
Құрастырған М.Жармұхаммедов
3. Ә.Дербісәлин
Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы