400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи білім берудегі иннавациялар мен әдістемелер: тәжірибесі мен перспективалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру кезеңде білім беҚазіргірудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Заманауи білім берудегі иннавациялар мен әдістемелер:

тәжірибесі мен перспективалары


Абдрасилова Гульназ Ауганбаевна

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы

Б Кейкиев атындағы орта мектебі

Abdrasilova_80@mail.ru


«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші

кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Республикамыздағы әлеуметтік экономикалық құрлымының өзгеруі білім беру мазмұнында жаңалықтар еңгізуді қажет етеді. Осыған орай жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес жаңа технологияларды кең пайдалануда. ХХІ ғасыр–ғылым мен жаңа технологияның жаңарту ресурсының дамыған кезі. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында » деп тұңғыш елбасымыз айтқандай,  болашақ ұрпақ үшін әркез ізденіс үстінде болу керекпіз. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Сонымен қатар сындарлы оқытудың пайдасы өте зор. Орта сынып оқушылары диалогқа түсіру арқылы сыни ойлауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жоғары болу керек.

Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары мен заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы да саналы білім беру ұстаздардың басты мақсаты.

Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.

Білім – әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы.

Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Ол «техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.

  1. Өндірістік құралдарының жиынтығы

  2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Осы тұрғыда алсақ, Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға  қалай оқу керектігін  үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту  процесінде мұғалім  білімді беруші  болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деп Альберт Эйнштейн айтып кеткендей мен әр сабағымда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға мән беремін.  

Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта-рымда қолданып, оның жемісін көрудемін. Атап айтсам, «Блум түймедағы», «Білім биржасы», «Аквариум», «Постер», «Еркін микрафон», «Ыстық орындық», «Ақылдының алты қалпағы», «Блум текшесі», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі» әдістері.Еркін микрафон әдісін қолданғанда оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, сұраққа жауап беру арқылы белсенділік танытқанын байқадым. Оқушылар «Кешкі тамақты  қай кезде ішкен дұрыс?» сияқты түрткі және ашық сұрақтарды қоя білді. Жалпы ТВ шоу бағдарламасына оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысып, диалогтік қарым-қатынасқа түскенде емін-еркін сөйледі. Бұл бағдарламада оқушылардың ойлау, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттері артып, тіл байлығы, сөздік қоры диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты. «Блум текшесі» әдісін қолданғанда «Қандай?» сұрағына «Жүйке жүйесінің қызметі қандай?», «Не үшін?» сұрағына «Адамға жүйке жүйесін  күту, сақтау  қажет пе? Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақты «Неліктен басқа ағзаларға қарағанда ең бірінші жүйке жүйесі шаршайды?» ашық сұрақтарымен оқушылар толықтыра білді. Ол әдістің оқушылардың сыни ойлай білуіне септі-гін тигізеді. «Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым.

  «Ақылдының алты қалпағы» - Эдвард де Боно әзірленген әдістеме, ол әр-түрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады. Бұл әдісті қолдануда оқушылар фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере білуге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар,  ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі  жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қалыптасты.

Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқушыға жақындай түсуге мүмкіндік туды.    


Қазіргі уақытта білім беру үрдісінің барлық талаптары бойынша технологиялардың бірнеше теориялық және практикалық тәжірибелері жинақталған. Олар: мақсаттар, мазмұнды елестету, ақпараттарды игеру, ықпал жасау, іс-әрекет тәсілдері, берілген нәтижелердің жетістіктерін бақылау және бағалау.

«Технология» ұғымыныңы сөздік анықтамасын жалпылай келе, зерттеушілер берілген атаудың мәнісі «іс-әрекеттің өзіне тән нақтылығы аймағындағы әдістер, құралдар, тәсілдер жиынтығын пайдалану арқылы обьектінің бастапқы жағдайының өзгеруі бойынша белгілі нәтижелерге жету үрдісі»- деп қорытынды жасайды.

ХXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

Сонымен, бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты тек технологияларды қолдану емес, басты мақсаты — оқушыларға әр түрлі жолдармен білім беру және бекіту.

Қорытынды жасай отырып, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:

  • Ізденеді

  • Ойларын ой елегінен өткізеді

  • Салыстырады

  • Сын тұрғысынан бағалауды үйренеді

  • Талдай біледі

  • Негіздей отырып, өз ойларын еркін жеткізе біледі

  • Таңдау жасау біледі

  • Шешім қабылдауға үйренеді

  • Күнделікті өмірде қолдана алады

Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қояды. Сондықтан мұғалімдер әркез және үздіксіз ізденісте болуы керек. Қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.

Ұстаз – бұл қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл тұлға .Ол оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерген, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық мүшесі болуы тиіс. Елбасымыздың да талабы осы. Біз жастар сол талапқа сай болуға тырысамыз.Сөзімнің соңын мына өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

Қосылсыншы білім атты сырға сыр,

Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.

Білім жалғар дәуірлердің арасын,

Білімдіні ұнатады бұл ғасыр,




















Пайдаланған әдебиеттер:



1  Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –«Егеменді Қазақстан» газеті,  17 қаңтар, 2014 жыл.  [1].

2  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Білім-Образование. -2004.- №1.  [2].

3. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын апробациялау мониторингісі және механизмдері // Әдістемелік құрал.-2015ж-13б  [3].






































Пікірсайыс тақырыбы: Өз проблеманмен жеке қалма
Мақсаты: Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білу үйрену, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыу. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау.
Пікірсайыс түрі: Ғылыми негіздегі іздену және зерттеу жүргізіу (дебат үлгісі)
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар. Плакаттар
Пікірсайыс жоспары: 
Ұйымдастыру
Жереби бойынша қатысушы топтпрдың ойын ұстанымдарын анықтау.
Пікірсайыс ережесімен таныстыр
Пікрсайыстың жалпы барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі (дебат барысы, ережесімен таныстыру)
Жақтаушы және даттаушы жақтардың пікірлерін тыңдау.
Ойталқы. Көрермендер пікірі.
Қорытындылау

Ұйымдастыру барысы: 
1. Пікірсайыс басталмай 10-15 минут бұрын пікірсайысқа қатысушы топтар арасында жереби тасталып, жақтаушы және даттаушы топтардың негізгі ұстанымдары анықталды, яғни 
Жақтаушы жақ Әркім өз мәселелсін бірлесе отырып шешуі керек
Даттаушы жақ Әр адам өз проблемасын өзі шеше білуі керек деген ұстанымдар анықталды
Пікірсайысқа қатысушы топтар:
1 топ – Жақтаушы Болашақ дебат клубы 
2 топ – Даттаушы Парасат дебат клубы
Әр топ 3 пікірсайысшыдан тұрады, 
Уақыт төрешісі: Рақымғазиева Ақерке 

2. Келесі кезекте бүгінгі өткелі тұрған пікірсайыстың басты ережелерімен уақыт төрешісі қысқаша таңыстырып өтеді. Пікір сайыс Карл Поппер дебат форматы бойынша өтіледі Яғни,
Сөйлеуші
Уақыты

Ж1
5 минут

Д1—Ж1
3 минут

Д1
5 минут

Ж3—Д1
3 минут

Ж2
6 минут

Д1—Ж2
3 минут

Д2
6 минут

Ж1—Д2
3 минут

Ж3
6 минут

Д2—Ж3
3 минут

Д3
6 минут

Ж2—Д3
3 минут

Сараптама бөлімі

Д1
3 минут

Ж1
3 минут


Проблемалық тақырып : Өз проблеманмен жеке қалма
Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.
Сабақтың барысы: 
Уақыт төрешісінің сөзі:
Бүгінгі біздің пікірсайысымыз Әлеуметтік мәселелердің өткірі Өз проблеманмен жеке қалма деген тақырып аясында өтеді. Пікірсайысымызды бастаймыз.
Жақтаушы топтын жұмсы кейсі:
Резолюция: Өз проблеманмен жеке қалма
Ұстаным: Әркім өз мәселелсін бірлесе отырып шешуі керек
Аргументтерін келтіріп өтеді




Өз мәселелерімен бөлісу 















Уақытты пайдалану тәртібі





















Даттаушы топтын жұмсы кейсі:
Резолюция: Өз проблеманмен жеке қалма
Ұстаным: Әр адам өз проблемасын өзі шеше білуі керек
Топ мүшелері жинақтаған аргументтерін келтіреді
Біздің ұйғарымымыз бойынша әр адам өз проблемасын өзі шешуі керек. Бұл сұрақты толық ашу үшін ең алдымен проблема дегеніміз не деген сұрақ туады, проблема деген шешілмей жүрген түйін. Ал жастар- 14-30 жас аралығындағы адамдар, жасөспірім- 14-18 жас аралығындағы жастар. Осы кезде аталарымыз айтқандай " Досыңы сырыңды айтпа, өйткені оныңда сырын айтар досы бар" деген мақал еске түседі, сол себепті әр адам өз проблемасын өзі шешуі керек. Ол өз проблемасын өзі шешуі үшін үйдегі ата-ананың тәрбиесінің маңызы зор. Осы кезде ата-ананы екі топқа бөлуге болады. 
Ата – ана

Диктаторлық жол Демократиялық жол

Демократиалық жолмен тәрбиелейтін ата-аналар балаға 7-8 жасынан бастап өз проблемаларын өзі шешуіне жол береді, себебі кішкентай кезімізде проблема да кішкентай болады, ал есейе келе проблема ауқымдырақ бола түседі. Бұдан біздің көретініміз кішкентай кезіміздегі кішкентай проблеманы шешіп үйренген дұрыспа, әлде есейген кезіміздегі ауқымды и проблеманы шешіп үйренген дұрыспа, әрине кішкентай кезіміздегі кішкентай проблеманы шешіп үйренгеніміз дұрыс емеспе. Себебі күнделікті кішкентай жеңіс, үлкен бір жеңске апарар жол.
Диктаторлық жолмен тәрбиелейтін ата-аналар баланың кішкентай кезінен бастап бар өміріне жоспар құрып тастайды, бала әке-шешесінің айтқанынан шыға алмайды. Осы жоспарды құрғанда ата-ана баланың демалатын уақытына, жеке өміріне деген уақыт қалдырмайды. Осыдан бала өз проблемасын өзі емес ол үшін ата-анасы барлығын шешіп отырады. Бірақ ата-анасы оның қасында әрдайым болмайды ғой, болмаған жағдайда бір кішкентай проблеманы шеше алмай артын үлкен бір проблемаға апарып соғып та жатады. Соны шешу, әлде ұмыту мақсатымен ол адам осы проблеманың жауабын ішімдіктен, есірткідені қылмыстық топтардан жауабын іздей бастайды, осыдан қоғамымыз ішкіштерді, нашақорларды, құқық бұзушыларды алады. Міне осыған қарағанда қазіргі атааналарымыз балаларын демократиалық жолмен тәрбиелегені дұыс деген қорытындыға келеміз. 
Міне, әр адамның өз проблемасын ешкімге айтпай-ақ тиімді шешуге болатын жолы: 
Проблема неден шықты? 
Оны қалай шешуге болады?
Шешім қабылдау үшін барлық керекті ақпараттарды жинақтау.
Барлық шешімдердің неге апаратынын ойластыру.
Осыларды саралай келе өзіңе ең тиімді шешімді қабылдау.
Осыдан қорытындылай келіп шығатыны біздің ұстанып отырған "Әр адам өз проблемасын өзі шешуі керек" деген позицияның дұрыстығы. 

Уақыт төрешісінің сөзі:
Сараптама бөлімі басталмас бұрын залда отырған көрермендерден өз ой пікірлерін сұрасақ: 
Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.
Сараптама бөлімінде пікірсайысқа қатысқан топтардың бір мүшесі шығып ойын барсына сараптама жасайды.
Қорытынды бөлімде пікірсайысты бақылап отырған әділ қазылар алқасына сөз беріліп ой пірлері мен ойын қорытындысы шығарылады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі