Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи маманның кәсіби келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи маман – заман ағымына сай төселе білетін нағыз ізденімпаз жан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи кәсіби маманның келбеті.

Қазіргі заман заманауилықты қажет етеді. Себебі, расында да адамзат өз 

жаратылысынан жаңалыққа құмар, өзгеріске бейім тіршілік иелері. Бүгінгі күні кез-келген маман иелеріне кәсібилікпен қатар заманауилық та өте маңызды. Шынында да, сіздің білгеніңіз көбейген сайын, білмегеніңіз де арта береді. Қазақ халқы даналығы мұны ерте заманнан-ақ «білгенім – 1 тоғыз, білмегенім – 99» деп баяндап кеткен. Заманауилық маманның кәсібилігін арттырып қана қоймай, өзгелерден ерекшеленуіне әсер етеді. Заманауи маманның келбеті дегеніміз – маманның жаңа үлгідегі жейдесі немесе мінген қымбат көлігі емес. Заманауилық – заман талабына сай болу. Ал, қазіргі заман талабы адамның шынайылығы мен жүрек төріндегі таза ниетін бағалайды. Демек, заманауи маман дегеніміз – өз ісін шынында да жақсы көріп, жаңашылдықтарға ұмтылып, заман ағымына еріп, көшінен қапы қалмайтын нағыз ізденімпаз жан. Заманауи кәсіби маман – өз ісінде әрқашан жаңашылдық пен тың идеяларды өрбітіп, заманның талабына сай етеді. Мұндай маманды кез-келген сала қажет етеді. Әсіресе, білім беру ортасы  мектеп. Ұстаз бағалау критерийлеріне сай етілген түрде, шәкірттің жеке қызығушылықтарына назар аударып, арнайы заманауи 

бағдарламаларға сүйене отырып еңбек етсе, еңбегі шынында да ақталатыны сөзсіз. 

Заманауи кәсіби маманның негізгі дағдылары. Заманауи кәсіби маман қазіргі таңдағы заман талабына бейім болуы керек. Себебі, заманауилық – ғасырлар бойы жиналған тәжрибеге сай өзгерістер. Жоғарыда айтылған дағдылардың 10 негізгі түріне тоқталсақ:

Білімділік пен біліктілік. Білім – әрқашан трендте болатын кәсіби маманның ең негізгі қаруы. Белгілі бір саланы жетіп меңгеру үшін маман ең алдымен білімін шыңдап арттырады.

 Білім болмаған жерде, қалғандарының да маңызы болмайды. Қазақ халқы «білекті  бірді, білімді – мыңды жығады», «білімдінің күні -  жарық, білімсіздің күні - ғаріп» деген секілді даналықтарды бекер қалдырмаған, сірә. Адам баласы әу бастан дамуы үшін де, адамды адам еткен де біліммен білгендердің еңбегі. Даму мен заманауилықты өзара жақын ұғым деп санасақ, шынында заманның дамуы үшін ең алдымен білім керек. Өз ісін меңгерген, сапалы білімге ие адам біліктілікке де ие болады. Сондықтан, білімнің де заманауилықта алар орыны ерекше. Білім – заманауилықтың кілті. 

Еңбекқорлық. Әрине, ешқандай ерекшеліктері жоқ қарапайым дағдылар деп аңғаруыңыз мүмкін. Алайда,

 кез-келген заманауилықтың тірегі осы білім мен еңбек екені есте болғаны жөн. Заман талабы маманнан жоғары нәтижелер мен қақтығыстарға бейімділікті талап етсе, осы салалардың негізгі көзі  - еңбек. Еңбекқор адам, еңбекқор маман әрқашан жаңашылдық пен дамуға күш жұмсайды. Себебі, бүгінгі қоғам шарты осындай. Заманауилық – заманның толқынында бірқалыпты жүзу болса, бұл толқыннан қапы қалмас үшін еңбек еткен абзал.

Цифрлық сауаттылық пен ақпараттық білім. Жоғарыда алғаш аталған дағдыға ұқсас болғанымен, бұл мүлде бөлек тақырып. Себебі, цифрлық сауаттылық дәстүрлі білімнен әлдеқайда ерекшеленеді. Бұл мүлде бөлек виртуалды әлем. Цифрлық сауатты, ақпараттық қабілетті болу арқылы кәсіби маман осы екі саланы жүйелі түрде байланыстырып, жоғары нәтижелер алып келеді. Онымен қоса.  Жасанды  интеллкт және цифрлық бағдарлармалар көзді ашып-жұмғанша дамып жатқан заманда бұл саланы бейназар

қалдырып, жалпылауға болмайды. Заманауи кәсіби 

маман үшін де ең маңызды дағдылардың бірі осында.Қарапайым мысал ретінде 

алып қараақ, қола, тас және тағы да басқа дәуірлерде адамдар бір-бірінен қалып кетпес үшін қола мен тасты қолдануды меңгеруге мәжбүр болды. Ал, қазір заман талабынан қалғыңыз келмейтін маман болсаңыз қола мен тасты емес, қолыңыздағы гаджетті меңгерсеңіз, тиімді қолдана білсеңіз болғаны.

Этикалық нормалар мен бекітілген стиль түрі. Кәсіби маман әрқашан этикалық нормаларға жіті көңіл бөліп, сыртқы тұрғыдан да өз кәсібилігін көрсетіп тұруы шарт.  Этика және классика – ешқашан ескірмейтін, заман нормасы. Бұл нормаларды сақтай білу де заманауилықтың көрінісі болмақ.

Жауапкершілік пен қайсарлық. Заманауи кәсіби маманның келбетінің бұл дағдысы дамудың негізгі шарттарының бірі. Себебі, сіз қанша білімді әрі білікті, еңбекқор, цифрлық сауатты болсаңыз да, бойыңызда жауапкершілік пен қайсарлық болмаса, сізді заман ағымының толқындары құлатып кетеді. Тіпті бұл қасиеттерсіз білімді немесе бір саланы меңгеру мүмкін емес. Жауапкершілік – кәсібилікті арттырса, қайсарлық – сол жолда қажымауға, мақсатыңа жетуге көмектеседі. Нәтижесінде өз мақсатына нық қадам басқан маман – кәсібилікке қол жеткізеді.

Өз ісіне деген махаббат. Адам баласы жаратылысынан-ақ көңіліне жағымды, жанына жайлы нәрсені көбірек білуге, зерттеуге, дамытуға тырысады. Бір қызығы, мамандықпен де солай. Ісіңе деген құштарлық ерік-жігер мен ізденімпаздылықты оятады, фокусты қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде маман өз сүйікті ісінен шабыттанып, қанаттанады. Ал, ұнамсыз ісінен керісінше, жалығып, құлдырайды. Салыстырмалы түрде өз ісін сүйген маман барын салып, дамиды. Ал, мұндай маман – нағыз заманауи кәсіби маманның кейіпін баяндайды.

Іскерлік келісімдер мен командалық жұмысқа қабілеттілік. Көп түкірсе – көл демекші, адам кез-келген салада басқа да адамдармен байланысуы керек. Маманның саласы мен кәсіп түріне қарай маңызының мөлшері де өзгере береді. Алайда, командалық жұмыс пен серіктестікке бейімділік – дамыған және кәсіби әрі заманауи маман болып қалыптасуға көмектеседі. Командалық жұмыс немесе серіктестік нәтижесінде маман әрқашан тәжрибелер мен құнды ақыл көзін жинайды. Нәтижесінде маман өз ойын толық жеткізе алатын, сыни ойлай алатын, тиімті қарым-қатынас жасап, командасымен жұмыс жасай алатын нағыз заманауи әрі кәсіби маманға айналады. Мұндай мамандармен сенімді байланыс орнатуеа да болады.

Үздіксіз даму. Жоғарыта аталғандай даму мен заманауилық ұқсас әрі байланыстағы ұғымдар. Кәсіби маман үздіксіз дамуға бет бұрып, жаңашылдықтардан қорықпауы тиіс. Уақыт өте келе технологиядағы, қоғамдағы өзгерістер мұндай маман үшін үйреншікті үрдіске айналады. Нағыз заманауи кәсіби маманның келбеті осы емес пе? Мұндай маман бір орында тоқтап қалмай өзінің біліктілігін әрі қарай дамытып, білімін арттыра береді. Қарықынды даму – өмір бойғы процессіне айналып, жетер жетістігі мен алар асуы көп болады. Заманауилықты ту етіп, заман ағымына өз үлесін қосады. Мұндай мамандар стресске төзімді, бейберекет хаос жағдайларында жұмыс істей алатын кәсіби тұлға ретінде қалыптасады.

Маманның өз жұмысының ресурстарын, уақытын, күші мен энергиясын бағалай білуі. Кәсіби саласында жеңіске жету үшін әр маман өз жетістіктері мен қызметін бағалай білуі тиіс. Бұл дағды да заманауилықтың бір бөлігі болып табылады. Себебі, өз-өзін бағалау адамның деңгейі мен артықшылықтарын айқындап береді. Осы арқылы маман заман талабына сай кәсіби қызмет етуге үйренеді. Өзін-өзі бағалау арқылы маман мақсаттарын айқындап, қадамдарын дамытады. Онымен қоса, кәсіби қызметінің құндылығын түсінеді.

Бәсекелестік орта құру. Маманның кәсібилігін заманауи түрде арттырудың ең негізгі жолы – бәсекелестік орта құру. Маман қаншалықты мықты әрі кәсіби болып, алайда арасында бәсекелестік болмаса, маманның жұмысқа және дамуға, жаңалықтар ашып өркендеуге ынта-жігері қалмайды. Ол өзінің осы ортада, өз кәсібінде “хан” санап, демалыс күйіне ауысады. Мұның нәтижесінде заман ағымына ілесуге, дамуға деген мотивация болмай, кәсіби маман бірте-бірте сола бастайды. Бәсекелестіктен қорықпау керек. Себебі, бәсекелестік жаңа мүмкіндіктердің ортасы. Мысалы, дүкенде сусындар қандай түрі болса да, әрдайым бірге, бір сөреде немесе қатарда орналасады. Егер, сол сөреден бір шырынды алып, картоптар тұрған қатарға қойсаңыз, бұл шырын аса қатты назар аудармай, сатылмай қалуы да мүмкін. Себебі, картоп алуға барған сатып алушыға шырын керек емес. Байқағаныңыздай, бәсекелестік бар ортада сұраныс та болады. Бұл тек бизнес саласында емес, кез келген кәсіби маманда болатын нәрсе. Бәсекелестік орта құра білу – бір тұлғадан бастап, бүтін бір елдің алға жылжып, даму прогресіне себеп болатын басты қозғаушы күш болып табылады. Бәсекелестік орта құру экономикалық теңдікпен қатар, жеке мүдделер үшін де тиімді. Қарапайым мысал ретінде мектептегі балаларға сабақ оқыту барысын да алып қарасақ болады. Оқушылар арасында бейбіт бәсекелестік құрған жағдайда олардың сабақ оқуға деген ынтасы артып, жігерлене түседі. Бағалау үшін оқушыны әртүрлі салада байқап көру керек. Сол секілді, заманауи кәсіби маманның келбеті де бәсекелестікке бейім болуы қажет.

Заманауи кәсіби мамандардың ел үшін пайдасы орасан зор. Олар экономиканы жақсартып, елдің әл-ауқатына оң ықпал береді. Себебі, мұндай мамандар арқылы елде жаңа кәсіпорындар, мекемелер, инновациялық шешімдер пайда болады. Олар елі үшін адал қызмет етіп, білім мен ғылым дамиды. Онымен қоса, білімді, заманауи, кәсіби адамдар, мамандар көбейген сайын елдің тұрақтылығы артады. Себебі, мұндай ортада этикалық принциптер жоғары бағаланып, жеке құқық құрметтеледі. Демек, заманауи кәсіби маманның кейіпі білімділікпен, алғырлықпен, жаңашылдықпен, ізденімпаздылықпен, цифрлық және құқықтық сауаттылықпен, этикалық принциптермен, жауапкершілікпен және бәсекелестікпен сипатталады. Заманауи маман өз ісінің шебері, өзіне сенімді, кез-келген мәселенің шешімін табатын, икемді және беделді тұлға. Олар елдің жан-жақты дамуының негізгі күші. Мұндай жандар айрықша еңбегімен, тапқырлығымен, әрекеттерімен ерекшеленеді. Олар елдің бәсекеге қабілетін, жастардың ынтасын алға қарай жетелеп, адал қызмет етеді. Олар кез-келген жаңашылдыққа дайын, бүгінгі күннің қарусыз қаһармандары болады. Экономика және құқықтық салаларға оң әсер етіп, елді гүлдендіреді. Заманауилық пен кәсібилік – маман үшін ең қажетті қасиеттердің бірі. Мұндай маманның қызметі жоғары бағаланып, әрқашан құрметке ие болады. Заманауилық – заман талабы мен көшінің алды болумен шектелмейді, әрі қарай да үздіксіз дамып, қызмет ету керек. Әр маман өз саласын бастағанда алға қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жете білу де кәсібилікті арттырады. Ақыл азбайды, білім тозбайды демекші, заманауи кәсіби тұлғалардың басты мақсаты – елін дамыту болады. Есесіне, олардың есімі тарихта қалып, тарихта болмаса да, тым болмаса 1адамның өмірлік сабағына айналып, тарихтан-тарихқа, ауыздан-ауызға тарайды. Заманнан – заманға көшіп, бірнеше ұрпаққа өсиет болады. Заманауилықтың нағыз кейіпі осы емес пе?

Қортындылай келе, заманауи адам – заманауи қоғамның бастамасы деген ұғымға тоқталамыз. Заманауи кәсіби маманның кейіпі өзгелерге үлгі боларлықтай дүние. Ол үнемі дамып, кәсібилігін арттырып отыруы керек. Бұл жоғары бедел мен табысты мансаптың кілті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12