Материалдар / "Заманауи мектептегі үй жұмысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Заманауи мектептегі үй жұмысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады және үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады және үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра,оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:

I-II сыныптарда – 1 сағат;

III-IV сыныптарда 1,5 сағат;

Үй тапсырмасы – сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.

Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады.

Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек.

Сабақта бекітілген білім келеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.

Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Өзім бастауыш сыныппен жұмыс істегендіктен қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасының орындалу тәсілі мен оның жүзеге асуына нұсқаулық жасаймын.

Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып қарастырамын.

1. Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқты тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды әңгіме, көрнекілік әдістерімен, ойын әдістерімен тексеремін. Нәтиже:сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы.

2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу,мәтінді өзгерту деген тапсырмаларын ұсынамын.Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады. Нәтиже: мазмұндама жазуға, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді.

3.Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі, өңгіме, шығарма, эссе, өлең жазу, жаттауға беруге болады.

Бүгінгі мектепте мұғалімнің әдістемелік дайындығымен қатар оқушылардың жаңа сабақтың түсінуі мүмкіншіліктері есепке алынуы қажет. Кейде балалардың сабаққа үлгерімі кетті дейміз де, оның себебін таба алмай қиналамыз. Мәселе баланың үйіндегі дайындығы қандай, міне көп жағдайда түйіткіл ой осыған келіп тіреледі. Ол үшін оқушылардың білімін жүйелі есепке алу керек. Біз мұны оқушылардың үй және басқа тапсырмаларды орындау кезіндегі біліміне қарап бекітіп, пысықтап, толықтырамыз. Оқушының танымдық қабілетін зерделеу үй тапсырмасын орындауды талап ету – білім беру процесінің қажетті буыны, әрі материалын табысты меңгерудің бір шарты. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылардың дербес ойлау қабілеті артады. Сондықтан тапсырма оқушының шамасы келетіндей болуын ескертіп, оның үлкен тәрбиелік маңызы барын да ұмытпағанымыз жөн. Үй тапсырмасын мезгілімен орындапдағдылану оқушының жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Үй тапсырмасын беруде үш түрлі принцип ұсынуға болады:

1. Сынып оқушыларына бірдей талап қойып, бірдей тапсырма беру.

2. Оқушыларға тапсырманың деңгейіне қарай бөліп беру.

3. Үш қатарда отырған оқушыларға әр қатарға бөліп беру.

Үй тапсырмасын міндетті түрде тексеру керек. Ең алдымен тапсырманың оқушылардың шамасына лайықты болуына, яғни оның көлеміне назар аудару керек.

Қорытындылай келе, үй тапсырмасын орындаудағы жұмыс жүйесінің бұл түрлері өткен материалды оқушылардың саналы меңгеріп, естерінде берік сақтауына және теориялық білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдана алатындығына зор әсерін тигізеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!