Материалдар / "ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЯНДАМАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЯНДАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМ, СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛАДЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
3885
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ


Жылқыбаева Арай Асқарқызы, «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Ниетбаева Кабира Туремуратовна,

география және арнайы пән оқытушысы, педагогика магистрі

«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК


Қазіргі кезең - ғылыми-техникалық прогрестің өте қарқынды дамыған кезі болғандықтан, соған сәйкес мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындап отыр. Себебі, қазіргі еңбек нарығында мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптары мен құндылығы жоғары. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 18.02.2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»,- деген болатын. Бұдан мұғалім мамандарын жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекет барынша назар аударып отырғанын көруге болады.

Ғылыми жобаның мақсаты - қазіргі ХХІ ғасыр - технология, компьютерлендіру заманы болса да, адам және оның таланты мен шығармашылығы қоғамның басты жетістігі болып қала береді. Осындай таланттарды кішкентай адамдардың бойынан ашу және оны дамыту көп жағдайда мұғалімге байланысты болып келеді. Қазіргі мұғалім ерекше талаптармен алға жылжи отырып, нағыз заманауи мұғалім болуы керек. Сонда заманауи мұғалім қандай болуы керек? - деген заңды сұрақ туындайды. Болашақ мұғалім ретінде мен де осы сұрақ қызықтырды, сондықтан «Заманауи мұғалім моделі» атты ғылыми жобаны дайындадым.

Ғылыми жобаның міндеті – заманауи мұғалімнің өз профилінде болуы тиіс маңызды дағдылар мен сапаларды анықтау, қазіргі педагогикада заманауи мұғалімге қойылатын талаптарды анықтайтын ақпараттармен танысу және болашақ мамандығым бойынша біртұтас көзқарасымды, түсінігімді кеңейту болып табылады.

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі: «Дүниежүзілік экономикалық форум» (World Economic Forum) швейцариялық компания сарапшылары жұмыс берушілердің сұранысына ие болатын маман 10 маңызды дағдылар мен сапаларға ие болуы керек деп болжайды. Олар: күрделі мәселелерді шеше білу, шығармашыл, сыни тұрғыдан ойлай алу, адамдарды басқара алу дағдысы, үйлестіру және өзара ынтымақты әрекет ету дағдысы, эмоционалды интеллект, шешім қабылдай алу, тұлғаға (клиентке) бағдарлай алуы, келіссөз жүргізе алу дағдысы, когнитивті икемділіктің болуы. Осы аталған дағдылар мен сапалар мұғалім мамандығы үшін де маңызды саналады. Себебі, мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге даярлайтын, оларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыратын әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі. Ғылыми жобада әлемде кең тараған мұғалім мамандығының заманауи моделі ұсынылады.

Ғылыми жобаның гипотезасы: «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (2019ж.) педагог «өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге…» міндетті екендігі айтыла отырып, осы заңның 18-бабы педагогтің біліктілігін арттыру мәселесіне арналған. Егер, мұғалім өз кәсібінің моделін жақсы білсе, өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыра отырып, дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыра алады. Өйткені, мұғалім мәртебесін көтеретін – мұғалімнің өзі ғана.  Кәсіби жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебе мен беделге ие болары анық.

Ғылыми жобаның маңызы: Мұғалімнің басты дағдылары мен сапаларын көрсете отырып, қазіргі қоғам талабына сай білімді, тәрбиелі, еліне адал қызмет ететін тұлға қалыптастырудағы мұғалім мамандығына артылатын жауапкершілік пен міндеттің жоғары екенін білетін болады.

Ғылыми жобаның зерттеу әдістері:

  • Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен танысу, талдау.

Заманауи мұғалім – білімді тасымалдаушы емес, ол жаңа білімді алу мен оны қалыптастыру үрдісін ұйымдастырушы, балаларға зерттеу есігін ашушы. Ол білім алушыларды өз мақсатына жетудің құралдарымен қаруландыра отырып өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі танытуына уәждей алатын педагог.

Заманауи мұғалім – мол энергияның, оптимизм мен шығармашылықтың қайнар көзі, ол өз күшіне және оқушыларының күшіне сенімді тұлға.

Заманауи мұғалім – білікті маман, әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі жалпы өзгеріс жағдайында өзбетінше жауапты шешім қабылдауға және оның мүмкін жолдарына талдау жасауға қабілетті. Бұл жерде педагог өзінің ұтқырлығы және динамикалығымен ерекшеленеді.

Заманауи мұғалім – мейірімді болуы керек. Педагогтың бұл сапасы қай кезеңде болса да маңызды болған және солай болып қала бермек. Баламен қарым-қатынастың әр сәті мейірімге толы болуы керек, себебі мейірімділік адамзаттың ең тамаша қасиеті, бала осы тамаша қасиетпен сусындап өседі. Балалардың жақсы көруі, сүйіспеншілігі жеңіл, бірақ олардың сол сүйіспешілігін ұстап тұру өте қиын, ол үшін өзара тығыз түсіністік байланыс керек. Балалар сүйіспеншілігін ештеңемен айырбастай алмайсың, олар өзара байланыстағы айырмашылықты да тез қабылдайды. Өйткені әр бала ерекше, олар ашық әрі таза. Егер баланы жақсы көрсең, олар оны тез сезеді және үлкен адамдар өмірінде жиі кездесе бермейтін өз сүйіспеншілігін және сенімін көрсете алады.

Заманауи мұғалім – баланың ішкі әлеміне қызығушы, үңілуші. Бұл балалық әлемге оралуға, бала әлеміне кіруге мүмкіндік беретін педагог мамандығының тамаша тұсы деп айтуға болады. Мұғалім үнемі өзінің алдында болашақ ересек адамды оның балалық әлемін түсіне, сезіне отырып, кішкентай адамға құрметпен қарай отырып әрі өз талаптарын қоя отырып дамыту және оқыту сияқты күрделі міндет тұрғанын естен шығармауы керек. Педагог балалармен бір тілде сөйлесуі керек, оларды түсінуі керек, сонымен бірге білім алушылармен қарым-қатынаста белгілі бір қағиданы да ұстануға тырысуы керек. Тек осындай жағдайда ғана білім алушы педагогқа жолда кездейсоқ кездескен адам немесе осы әлемді қорғап тұрған күзетші сияқты қарамайды.

Заманауи мұғалім – қажетті кәсіби білім қорымен қаруланған және балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістерін меңгерген білікті маман. Ол жақсы мұғалім, тамаша әртіс, өз ісінің суретшісі, өз эмоциясының мүсіншісі сияқты бірнеше рөлді біріктіре алатын тұлға. Ол ұтымды әрі икемді, өз қоржынына өзара қарым-қатынас пен оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдері мен формаларын жинақталған тәжірибелі маман.

Заманауи мұғалім – бұл интелектісі, жалпы мәдениеті жоғары тұлға. Ол әлемдегінің бәрін біледі және баланың кез-келген сұрағына жауап бере алады. Ол жеке бір пәндік-әдістеме аясына байланып қалмайды. Қазіргі педагогика педагогтан өз білімін үздіксіз толықтырып және тереңдетіп отыруды және кең ауқымды жалпы мәдени қоры болуын талап етеді. Педагог үнемі жаңа білімді игеруге, өз білімін жетілдіріп отыруға, басқалардың тәжірибесін қолдануға, көп оқуға ұмтылады.

Заманауи мұғалім – коммуникативті. Ол білім алушының, ата-ананың, әріптестерінің сеніміне ие бола алатындай қарым-қатынас жасай алады. Үнемі ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Заманауи мұғалім – креативті. Мұғалім мамандығы балалармен жұмыс жасай отырып, олардың жан дүниесінің ең жақсы сапалары мен қабілеттерінің оянуына мүмкіндік беретін тамаша мамандық. Шығармашыл педагог оқушылардың таланттары мен ізгіліктерінің көрінуін жүзеге асырады.

Заманауи мұғалім - адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, жоғары адамгершілік, басқа адамның жағдайын сезінушілік, оған көңіл аудару сияқты адамгершілік-этикалық сапаның жоғары деңгейіне ие. Нағыз педагог жылап тұрған баланың қасынан жай өтіп кете алмайды.

Заманауи мұғалім – еліктеу үлгісі. Мұндай еліктеу мен идеал, білім алушының сүйікті ұстазы болу құрметі көбіне педагог мамандарға қол жетімді болып келеді. Балаларды тәрбиелеуде мұғалімнің сыртқы түрі де ерекше орын алады.

Заманауи педагог – мәдениет пен тәрбиенің үлгісі. Мұғалімді балалар үлгі санайды, оның әдеті мен мінездерін әсіресе бастауыш сынып оқушылары айна қатесіз қайталауға, мұғалімі сияқты жасауға тырысады. Сондықтан мұғалім өз сөзіне сауаттылықпен қарайды және оны үнемі дамытып отырады. Қазіргі заманауи мұғалімге аралық бақылаулар нәтижесі емес, педагогикалық үрдістің өзі қызық. Себебі оған оқушының ішкі және сыртқы өзгерісі, оқушының жүрегіне ену және оған танымның сәулесін жағу маңызды болып келеді.

Заманауи мұғалім – тамаша эмпат әрі психолог. Ол өз шәкіртіне немқұрайлы қарай алмайды, оның жетістігі мен сәтсіздігіне алаңдайды, оған көмек қолын созады, үнемі қолдап отырады.

Заманауи мұғалім – жаңашыл, шебер, өз білімімен тиімді жұмыс жасай алушы, зерттеуші, кеңесші, тәрбиеші, ұйымдастырушы және түрлі жобалардың басшысы. Ол жақсы көре алатын, түсіне алатын және қарапайым әрі күнделікті балаларға өз жүрек жылуын сыйлай алатын адам. Егер мұғалім өз ісін және шәкірттерін шын сүйсе, сонда ғана нағыз заманауи педагог бола алады.

Заманауи мұғалім – құзыретті, сыни тұрғыдан ойлау, мәселені шешу, дәлел келтіру, ғылыми-зерттеу дағдылары мен әдістерін меңгерген, шығармашылық, қызығушылық, қиял, инновация, тұрақтылық, өзін-өзі басқару, жоспарлау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, көпшілік алдында сөйлеу және презентация жасау, тыңдау, көшбасшылық, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетсауаттылық, деректерді түсіндіру және талдау, бағдарламалау сияқты ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген педагог.

Дереккөздері:

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы

  2. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 2019

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

  4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005

  5. Бұзаубақова К.Ж., Инновациялық педагогика негіздері. Алматы, 2009




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!