Материалдар / Заманауи қазақ мәдениетінің дамуы тенденциялары: сәулет өнері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заманауи қазақ мәдениетінің дамуы тенденциялары: сәулет өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы сәлет өнері #kaznu #www.kaznu.kz
Авторы:
10 Желтоқсан 2023
145
7 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене түсті.

Алайда архитекторлардың бір ауыздан келісетін нәрсесі – бұл елорданы ауыстыру идеясы қазақстандық сәулет өнері мен құрылысының дамуына үлкен үлес қосып, заманауи өзгеріс әкелді. "Архитектура мен құрылыс елдің тұрақтылығы мен ілгерілеуге байланысты қуат көздерінің молдығын танытатын ең басты көрсеткіштердің бірі ретінде басымдыққа ие болды", - дейді өнер зерттеушісі Халима Труспекова.  

Қазақстанға шақырылған шетелдік сәулетшілер архитектуралық жоба мен құрылыстың дамуына жан-жақты пайда әкелді. Қазақстандық қалалар әлемдік даму бағытына ілесті. Бұған дейін қазақ сәулет шеберлері кезеңдік кезеңде де, қазірде киіз үй, шаңырақ, кереге сынды ұлттық белгілерді ғана түрлі нұсқада түрлендіріп қолданып қана келді. Ал шетелдік сәулетшілер бұл бағытқа біршама жаңалық әкеле алды

Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының архитектурасында соңғы отыз жыл көлеміндегі барлық стильдік бағыттар көрініс тауып отыр. Жаңа астанада социалистік реализм бағытынан бастап постмодернисттік архитектураның ең бір жоғары үлгілеріне дейінгінің бәрі бар. Егер І Петр Санкт-Петербургте ерекше символдық реңкі бар, салтанаты жарқырап көрінетін барокко-классикалық бірыңғай пішінді қалыптастырса, астанадағы әртүрлі текшефутуристикалық пішіндер қалыптасты.

Елордада ғимараттар ғана емес, көше мен қаланың құрылыс салу жобасы да ұлттық мәдениет белгілерімен байланыстырылып құралды. Мәселен, Президенттік мәдениет орталығы түркі мәдениетінде жүздеген жылдар бойы келе жатқан "төртқұлақ" принципімен жобаланған. Ең ұзын жолдың бойында, қос көшенің қиылысында орналасқан бұл ғимарат құрылысына төрт құлақ пішініндегі ұлттық мәтіннің енгізілді.

Елорда әсем дизайны бар монументалды және зәулім ғимараттарымен көз тартады, солардың бірі – "Хан Шатыр".

Аталмыш ғимарат әлемдегі ең биік шатыр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына заңды түрде енген.

Бұл ретте "Хан Шатыр" Орталық Азиядағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы саналады. Forbes журналы оны әлемдегі ең жақсы эко ғимараттардың ондығына енгізген.150 метрлік ерекше шатыр интерьерді ыстықтан және қатты аяздан қорғайтын, ішінде жайлы микроклиматты жасайтын бірегей инновациялық материалдардан жасалған."Хан шатыр" – Нұр-Сұлтанның қазіргі мегаполисінің сәулеттік алуан түрлілігі аясында айқын көзге түсетін заманауи сәулет өнерінің туындысы.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Алматы қаласының дамыды. Нәтижесінде кеңестік модернизм стилінде сол кездегі көптеген ғимараттар пайда болды. Мысалы, 32 жыл бойы 25 қабатты (102 метр) "Қазақстан" қонақ үйі қаладағы ең биік ғимарат болды. Жер сілкінісі қаупі бар қалада 12 қабаттан биік ғимараттар тұрғызу мүмкін емес еді. Сол кезеңдегі инновациялық құрылыс әдісінің арқасында «Қазақстан» қонақ үйі күні бүгінге дейін Алматыдағы жер сілкінісіне ең төзімді ғимарат болып қала береді.Төбесінде алтын "тәжі" бар биік мұнара – қаланың белгісі саналады.

"Көктөбе" Алматы телемұнарасы нақты техникалық тапсырмаларды орындау үшін салынды. Бірақ талғампаз, ерекше архитектуралық дизайн және ғимараттың биіктігі телемұнараны қаланың символына айналдырды.Оны салу үшін сол жылдардағы инновациялық құрылыс әдістері қолданылды. 372 метрлік мұнараның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін саз топыраққа салмағы 45 мың тонна бетон нқұйылды. Телемұнараның жалпы салмағы 50 мың тонна. Ғимарат 10 баллға дейін жоғары сейсмикалық төзімділікке ие.

Телемұнара ең биік құрылыс рейтингінде Қазақстанда екінші орында тұр.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!