400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи құқықтық білімнің стратегиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтану – адамды жеке тұлғаға айналдыратын ғылым. Біздің қоғам неғұрлым құқықтық тұрғыдан сауатты болса, соғұрлым реформалар жолымен ілгерілей береді. Барлығымыздың алдымызға қойылған мақсат - заң үстемдігіне бағынатын құқықтық мемлекетте өмір сүру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи құқықтық білімнің стратегиясы

Құқықтану – адамды жеке тұлғаға айналдыратын ғылым. Біздің қоғам неғұрлым құқықтық тұрғыдан сауатты болса, соғұрлым реформалар жолымен ілгерілей береді. Барлығымыздың алдымызға қойылған мақсат - заң үстемдігіне бағынатын құқықтық мемлекетте өмір сүру. Заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі Еренатқызы Рима Жансараевамен біз біліктілігі жоғары зеңгерлерді даярлаудың құқықтық мемлекет құрудағы маңыздылығы туралы сөз қозғасақ болады. Себебі ол студенттерді бүгінгі таңда 30 жылдан астам уақыт бойы оқытып келеді. 2007 жылдың ақпан айында РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор А.С.Михлиннің жетекшілігімен РФ ІІМ ғылыми-зерттеу институтында «Түзеу мекемелеріндегі қылмыспен күрес мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Рима Еренатқызына ҚазҰУ-да оқып, жұмыс істеген уақытында өзін жоғары білікті маман-заңгер, ғалым, талантты тәлімгер ретінде оң жағынан көрсете білді. 100-ден астам ғылыми еңбектері бар, қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі бойынша оқулықтың тиісті тарауларының авторы бүгінгі таңда диссертациялық кеңестің төрайымы. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас мемлекет тарихының жаңа парақтары басталды. Ал 2023 жылы дүниежүзілік картада Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті пайда болғанына 32 жыл толады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – бұл біздің басты құндылығымыз, біздің міндетіміз – өркендеген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру». 4 жыл ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам үшін көптен күткен шешімдер қабылдады. Тағдыршешті реформалар қатарына: халықтың табысын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлықпен күресу, құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау, халықты жұмыспен қамту, әділ әлеуметтік саясат, тұрғын үймен қамту, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, рухани дамуды қолдау, сыртқы саясатты дамыту және бізді қолдайтын реформа – жастардың дамуына жағдай жасау жатады. Осылайша, Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы құқықтық мемлекет құру жолында білікті мамандарды оқытуға өз үлесін қосады.

Атаханова Гульзагира Махатовна

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті,

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

Кафедрасының профессоры.

Заң факультетінің студенттері: Қайратқызы Айман, Ергеш Еңлік, Серікбай Аружан, Жанұзақ Мағауия, Қайсарбай Хантөре.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18.10.2023
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі