Материалдар / Заманауи тәрбие технологиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заманауи тәрбие технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи тәрбие технологиялары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
2336
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СҚО Айыртау ауданы"Қызыл-Әскер орта мектебі" КММ

Тәрбие ісі меңгерушісі , қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Рахымжанов Жанат Тулегенович

Заманауи тәрбие технологиялары

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде кәсіптік білім беру уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы. Кәсіби құзыретті маманды қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін білім беру мекемелерінде оқушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың заманауи тәрбие технологияларын қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Сондықтан, тәрбиенің жаңа  педагогикалық технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Заманауи тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол тұлға, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны  қалыптастыру.

«Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделіне сай рухани-адамгершілік тәрбиенің бағыттарына негізделген тәрбие жұмысы жүргізіліп, жан-жақты дамыған, құзыретті, жігерлі де қайсар, белсенді жастар тәрбиеленіп, қазіргі оқушы, ертеңгі мұғалімнің ұлттық санасын, патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі. Оқу орнында Мектеп директоры, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен жасақталған «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» атты тәрбиелік жұмыс жүйесі жолға қойылып, әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Модельдің 5 бөлімі (Жанұя, Ұжым, Қоғам, Әлем, Мен – жеке тұлға) рухани-адамгершілік тәрбиенің 11 бағыты (Менің елімнің тарихы, «Менің арманым, мақсатым және менің болашағым», «Мен болмасам, кім?»,  «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті», «Гендерлік көзқарас», «Қарым-қатынас этикасы», «Менің өмірімдегі дін»,  «Мен және қоршаған орта», «Менің халқымның салт-дәстүрлері», «Туған тіл», «Менің отбасым») бойынша жан-жақты дамыған құзыретті мамандарды тәрбиелеуде бірнеше тәрбиелік шаралар жүзеге асырылды. Тәрбиенің жаңа моделі қоғам өміріндегі ережелер мен салт-дәстүрлерге сәйкес  жеке тұлғаның сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сонымен бірге қарым-қатынас этикасы мен мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Тәрбие технологиялар мен инновациялық құралдар мектепте жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіндік бағыттары мен мақсаттары бар екендігі мәлім.

«Тіл табысуға үйренеміз!» бағыты бойынша оқушылардың қоғамдық өмірге бейімдеу үшін ұйымдастырылған кешенді іс- шаралар жеке тұлғаның интеллектуалдық, әлеуметтік  психологиялық қабілеттерін арттыруға бағытталды. Бұл бағыттағы жұмыстар . «Өзін-өзі тану – өмір талабы» психологиялық тренингтер, «Мен таңдаған мамандық» семинар, «Қызға қырық үйден тиым» тақырыбында дөңгелек үстел, студенттердің ішінен музыка, вокал, би, өнер, көркем сөз оқу номинациялары бойынша ең дарындыларды анықтау үшін «Сенің жұлдызды сәтің» фестивалі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

«Ойлауға үйренеміз» бағыты бойынша «Математикалық регата», «Қызықты информатика», «Интеллект-шоу», «Бүгінгі студент – ертеңгі құзыретті маман» тақырыбында өткізілген сайыстар ақпараттық оқу алаңын құруға бағытталды. Оқушылар шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттілігін арттыру мақсатында «Тапқыр достар» интеллектуалды сайысы, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Құқық – әділет пен парасат жолы»,  патриоттық тәрбие беруде «Тәуелсіз елім - бақытым» атты шаралар ұйымдастырылды.

Ұстаздар және ардагерлер күніне орай «Ардагерлер – ақылдың көрігі екен, ұстаздарым – ұлағат серігі екен» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Барлық топтарда педагогикалық еңбек ардагерлері және колледж жанынан құрылған «Ұрпақтар сабақтастығы» клубы мүшелерімен кездесу өткізілді. Осындай шаралар «Ойлауға үйренеміз» ұранын басшылыққа алып, Оқушылар қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға, оқу бағдарламасын модельдеуге, ақпараттық оқу алаңын құруға үйрету мақсатында жүзеге асырылды.

«Шығармашылыққа, өзін-өзі басқаруға үйренеміз!» бағытында өткізілген тәрбие шаралары Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, пікірін ашып айтуға кез- келген жағдайдан жол тауып шығуына үйрету мақсатында ұйымдастырылды. «Жаһанша жастары» КТК тобы облыстық жарыстарға қатысты. .

«Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі оқушылардың мәртебесін көтеруге, жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  адамгершілік,  этикалық   қасиеттерін  қалыптастыруға бағытталды.

Жоғарыда көрсетілген шараларды өткізу барысында қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.оқушылардың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Іскерлік және тағы басқада ойындар өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол оқушының жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Проблемалық оқыту технологиясы - оқушының өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, белсенділігі арттыру, шараға қызықтыратындай мәселе тудыру, студент материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Өздігінен даму технологиясы - бұл жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі, мұнда тәрбие үрдісі оқушының дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады.

Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің, құрбылар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе оқушы өзін-өзі бағалайды.

Ынтымақтастық педагогикасы - педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Студенттке ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: педагог - студент, студент-педагог, студент-студент, яғни студент те педагог те субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, студенттің басына ізгілік қарым-қатынас, екеунің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл технологияның негізгі мақсаты - студентті азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Дамыта оқыту технологиясы  оқушыны оқыта отырып, дамыту. Оның  бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, білім беру мекемесінде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды оқу ордалары кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда әрбір педагог ұйымдастырып отырған шарасы әрі қызықты, әрі нәтежелі болады, сонымен бірге мультимедиялық құралдар арқылы педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Білім беру мекемелерде ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын қолданудағы мақсат – әр студенттің танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Студенттің танымдық қызығушылықтың болуы олардың шараларда белсендік танытуға, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагог – оқушының бойына білім нәрін себетін, жан-жақты тәрбие беретін басты тұлға. Болашақта колледж түлектерінен жаңашыл педагог даярлауға қойылатын талаптар оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялар түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

Әдебиеттер:

1.К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология.Оқулық.Тараз.ТарМУ.2003.

2. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы.Алматы.1995.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!