Материалдар / Заманауи ұстаз қандай болу керек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заманауи ұстаз қандай болу керек

Материал туралы қысқаша түсінік
замануи ұстаздың бүгінгі күннің бала тәрбиесіне жауапкершілігін толық атқара алуы үшін бойында қалыптасытыруы қажет дағдылар мен адами құндылықтар жайлы жазылған эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Қазіргі заманауи ұстаз қандай болу керек?"


Жаңа заман ұстазы шәкіртінің жасампаз әрі тұлға болып тәрбиеленуі үшін бойында үлгі тұтарлық қасиеттер мен балаға берерлік қабілеттер болуы ауадай қажет.

Солардың ішінде атап айтар болсам:

  • Терең білім мен кәсібилік. Ұстаз өз пәнін өте жақсы деңгейде меңгеруі маңызды. Сабақ беру әдісінің заманауи технологияларға негізделуі мен әрдайым өз біліктілігін арттырып отыруға деген іштей серпілісінің болуы;

  • Асқан сабырлық пен шығармашылық. Оқушыны білімді сіңіру үрдісіне тарту үшін түрлі әдістер мен сабақ өту формасы, оқушының қызығушылығы мен қажеттілігін ескере алу, шәкірттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып онымен (оқушымен) ортақ тіл табысуға деген үлкен құрал;

  • Көшбасшылық және басқару. Сыныпты ұйымдастыру, үйренушінің мүмкіндіктерін бақылай алу, сынып ішінде достық әрі позитивті атмосфера қалыптастыру, әлеуметпен қарым-қатынас жасауды дамыту қабілетін игеру үшін мұғалім көшбасшы болуы қажет;

  • Психологиялық сауаттылық және эмпатия. Оқушыны қиын сәттерде қолдап, оған көмек бере алуы үшін оның психологиялық хәлін және баланың эмоциясын түсіне алуға мұғалім барынша дағдылы болуға тиіс. Сондай-ақ әр түрлі мінездегі ата-аналар мен дұрыс байланыс орната алу да аталған қабілетті талап етеді.

ҰЛЫ ІС - бірегей шешімдерді ғана күтеді”.

Оған әрине, уақытпен санаспай жұмыс істеуді, талмай іздену қажет. Білім беру ісінде сыныптың ішкі жұмысын жүйелеу, әрі сапалы етуде ерен еңбек пен темірдей тәртіп керек болады.

Ұстаз ЛОКОМОТИВ тәрізді, әр вагонда жолаушылар-шәкірттеріміз, жолсеріктер-сынып жетекшілер мен тәлімгерлер, үйірмелер-аз уақытты тиімді өткізу керек станциялар, ата-аналар пойыздың тез әрі қауіпсіз жетуі үшін ресурс көзі. Жолымыз-Білім, бағытымыз Даналық, межелі орын-ТҰЛҒА БОЛЫП ШЫҒУ қаласы.

Жолсеріктердің жолаушылармен жасайтын мәмілесі өте маңызды. Локомотив басқармасының бастамасын қолдауы межелі орынға жетуімізді жеңілдетеді.

Бір команда болып қызмет атқару өмірді де, жұмысты да жеңілдетпек.

Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тәлімі. Білім қазынасынан тұнығын алып балаға ұсыну – нағыз шеберлік пен табандылықты керек етеді!

Бостандық берілген баланы біз өз тілімізге “Ерке”, “Бұзық”, “Тәлпіш” т.б деп аударып жатамыз! Бостандық деген бетімен жіберу емес, ережелермен келісіп қарым-қатынас жасау.

Әрбір бала жеке дара жаратылыс екенін ескере отырып, оған тұлға ретінде қарым-қатынас жасаса, міндетті тұрде үмітті ақтайтын азамат қалыптасады. Оған ұлт ұстазы Ахмет бабамның сөзі дәлел бола алады: «Ұлды ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы».

Айтқым келгені, баланы еркіндікте тәрбиелеу деген еркінсітіп, еріктіріп қою емес, тәртіптің өзін мейіріммен қалыптастыру.

Мектеп-сол өлкенің ең бір мәдениет орталығы. Ал, сол өңірдің ұстаздары-ең зиялы қауым!

Әрбір мұғалім болған жан – ұлттың тәрбиесімен айналысып жүргенін ұғынуы қажет. Ол-ҰЛЫ ІС!

Ұлылардың жолы! Ахмет пен Жүсіпбектер, Мағжан мен Міржақыптардың жолы! Ағарту ісі-адалдықты талап етеді!

Құндылықты сіңіруге ұмтылған мектептердің ескеруі керек бір жайт бар. Құндылық пен Құрал. Құрал-адамның интеллектісін дамытады, құндылық – баланың экзистенциясына жауап береді. Құралға – мектеп жауапты, Құндылыққа-ата-ана жауапты. Әрине мектеп те құндылық бере алады, бәрібір ата-ананың бергеніндей деңгейде емес.

Балының кеудесін құндылыққа толтырумен ата-анасы айналысуы тиіс.

Бүлдіршінге ертегі оқып беруге уақыт таппаған ата-ана есейген баласына сағаттап мораль оқуға мәжбүр болады” дейді білім иелері. Бірақ есейген кездегі айтылған ақыл балаға ертегі боп естілетінін де ескерген жөн.

Эссенің қорытындысын дана қазақтың: «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»-деген нақыл сөзімен тәмамдағым келеді. Педагогикадағы ол төрт тәлім дегеніміз, бүгінгі тілмен жазсам:

  1. IQ – (Intelligence Quotient) – Зияткерлік деңгейі;

  2. EQ – (Emotional Intelligence Quotient) – Эмоциялық интеллект деңгейі;

  3. PQ – (Physical Intelligence Quotient) – Физикалық деңгейі;

  4. SQ – (Spiritual Intelligence Quotient) – Рухани ақыл деңгейі.

Дәл осы төрт құндылықты жүз жыл бұрын жарық көрген Мағжан Жұмабайұлы бабамның «Педагогика» еңбегіндегі жолмен жазар болсам:

  1. Дене тәрбиесі;

  2. Ақыл тәрбиесі;

  3. Сұлулық тәрбиесі;

  4. Құлық тәрбиесі.

Қазақ десе Абай Құнанбайұлын атамай кету мүмкін емес, аталған құндылықты Абай бабамның еңбегімен айтар болсам, олар:

  1. Ыстық қайрат;

  2. Нұрлы ақыл:

  3. Жылы жүрек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!