.
Сабақтың тақырыбы: «Заң және мен» (тәрбие
сағаты)
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін
толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен
таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға
үйрету.Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып,
өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен
көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы ,
елжанды азамат ретінде
тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз
ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық
қабілеттерін шындау
Сабақтың міндеті
:сабақ барысында балалардың
бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында
балалардың қызығушылығы мен белсенділігін
арттыру.
Сабақтың түрі
: онлайн формат
сұбат
Сабақтың барысы
:
І.
Ұйымдастыру
1.Қонақтармен таныстыру: Ғ.Мүсірепов атындағы
жергілікті полиция
қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмаған істер жөніндегі полиция
участкілік инспекторы
полиция капитаны
Біржанова Айгерім
Ойратқызы
2.Кіріспе сөз с/ж Идирисова
А.Р
3.Мен заңды қаншалықты
жақсы білемін»?
4.Мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары-
5.
Қорытындылау:
Ешқандай заңы жоқ
арал.
2.
Кіріспе
Қанатты сөздер
қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың
құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау
алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық
басталады».
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі
оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі
болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана
емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық
ерекшеліктерін ескеруге де
байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық
санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына
өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар
қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң
ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық
біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі
принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.
Осы мақсатта оқушылар арасында өтілгелі отырған «Заң және мен»
сұхбат
Мұғалім:Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы
көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы
адамдарды сыйлай, қадірлей білудеген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда
бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен
қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп,
өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп
кездестіреміз.
Амина Шарибек 1. Күнделікті
көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап
отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып
тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ
көрсетті.
Балалар:
- Қалай ойлайсыңдар, демалып
отырған жастар заңды бұзды
ма?
- Кім қалай
бұзды? Оқушыларды
тындаймыз
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай
жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы
тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі
тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен
танысуына тура келгендігін айтуы
керек.
2 . «Мен заңды қаншалықты жақсы
білемін»?
Азат сөзі: Қане балалар Ата Заңымыздың
артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы
баптарын саралап шығайық:
Аружан
сөзі
12 — бап
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары
мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік
беріліді.
Динара
сөзі
14 — бап
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды.
Ермек
сөзі
17-бап
1. Адамның қадыр — қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық — зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық қадір — қасиетін қорлайтындай жәбір
көрсетуге, не жазалауға
болмайды.
Ерасыл
сөзі
18-бап
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының
кұпиясының болуына, ар — намысы мен абыройлы атының қорғалуына
құқығы бар.
Адия
сөзі
19 — бап
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі
анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге
хақылы.
Елемесов Нурболат
сөзі
27 — бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында
болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата — ананың
етене құқығы әрі міндеті.
Азат
сөзі
29 — бап
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы
бар.
Амина
сөзі:
Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның
ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды
көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер
қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы
параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме
бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі
де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып
келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша
беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін
біле тұра қайтіп
бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге
әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш
көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге
тастады, сол өңірдің ауасы
бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім
ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын
сызып тастады.
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп
аталады.
3. Ешқандай заңы жоқ
арал.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не
болар еді? (Мансур,Расул,Айбек Оқушылар пікірі
тыңдалады.)
Оқушылар пікірі
тыңдалады.
Осы бөлімді
қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді,
тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре
алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін
қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген
Б. Момышұлының сөзін естен
шығармайық.
Айгерім Ойратовна Былай бастасаңыз болады:
Саламатсыздарма құрметті 6 ә сынып оқушылары және қонақтар алда
келе жатқан тәуелсіздік мерекесі баршаға құтты болсын балалар
сіздерге рахмет
Ауыл іші, түн, топ бала өлеңайтып, шулап
отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып
тұрып:-«Әй, берікел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ
көрсетті.
Енді бұл жағдаят бойынша мынандай құқық
бұзушылық орнын алып отыр
біріншіден
ата аналар тарапынан-------- екінші балалар
тарапынан ----------деп
Соңында
Аманкул Райымбекқыз сізге рахмет сондай іс
шараға шақыту жібергеніңізге сау болыңдар
балалар