Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуа |
Компьютер
|
|
Сабақ басы (10 мин)
|
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ № 9 САБАҚ. «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ БЕЛГІЛЕРІ» Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, көмекші қимылдармен еске түсіру. Сабақ барысы 1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу: Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады Халықаралық көмек қимылдары туралы талқылау. 2. Негізгі бөлім (6 минут) Ұғымдарды түсіндіру: Халықаралық көмек сигналы адамдарға қауіп төніп тұрғанын білдіріп қана қоймай, өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардағы өмірін сақтап қалуға есте сақтау сигналы ұсынады. Апаттық сигналдар, оларды беру әдістері және оларға жауаптар. • Сигналдарды не үшін білу керек екенін және олар қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндіріңіз. • Жалған сигнал беруге қатаң тыйым салынады. 3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау Сабақта алынған ақпарат сізге пайдалы болды ма? |
|
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/ls8ZVr8Shtw?si=jTPGxiPDO_ClM5cr
|
|
Ортасы (25 мин) |
Заң дегеніміз не? Қоғамдағы тәртіп не үшін қажет? Егер заң мен тәртіп болмаса, не болады? Жолда жүру ережелері не үшін қажет деп ойлайсыздар? Реттеушінің қызметі туралы не білесіздер?
Заң – қоғамда өмір сүру үшін ортақ ережелер. Тәртіп – осы ережелерді орындау мәдениеті.
Мысалдар: Жол қозғалысы ережелері. Мектеп ішіндегі тәртіп ережелері. Адамның құқығы мен міндеттері.
Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
1-апсырма "Дұрыс немесе бұрыс?" Карточкаларға әртүрлі жағдаяттар жазылады. Оқушылар бұл жағдайдың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап, жауаптарын дәлелдейді. Мысалдар: Жолдың белгіленбеген жерінен өту. Қоқысты кез келген жерге тастау. Қоғамдық көлікте үлкен кісілерге орын беру. Жолда бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау. Қоғамдық орында шу шығару. Жолдың белгіленбеген жерінен өту. Қоқысты кез келген жерге тастау. Қоғамдық көлікте үлкен кісілерге орын беру. 2-тапсырма. «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу) 1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 3. Ақырын жүріп... (анық бас) 4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 5. Тура биде ... (туған жоқ) 6. Ұрлық түбі ... (қорлық) 7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 8. Әдепті бала ... (арлы бала) 9. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 10. Әділ істің ... (арты игі)
Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету адамның өмірін сақтап қалуға және жағдайын жақсартуға көмектеседі. Әртүрлі жарақаттар үшін көрсетілетін көмектің негізгі ережелерін қарастырайық:
1. Қан кету Артериялық қан кету: Ашық қызыл қан тамшыламай, шапшып ағуы мүмкін.
Қан кетуді дереу тоқтату үшін жараның үстіне таза шүберекпен немесе таңғышпен қатты басыңыз. Егер жарақат қолда немесе аяқта болса, аяқ-қолды жоғары көтеріңіз. Турникет қолдану қажет болса, оны жарақаттан жоғары жаққа байлап, уақытын белгілеңіз (1–2 сағаттан аспауы керек). Медицина қызметкерлерін дереу шақырыңыз. Веналық қан кету: Қан қою қызыл түсті, бірқалыпты ағады.
Қан кетіп тұрған жерге таза таңғыш немесе шүберек қойып, қысым жасаңыз. Қол немесе аяқты көтеріп қойыңыз. Капиллярлық қан кету: Қан аздап ағуы мүмкін.
Жараны таза сумен жуыңыз және дезинфекциялаңыз. Жараның үстін антисептикпен өңдеп, таза таңғышпен жабу жеткілікті. 2. Сүйек сынуы Сынық орнын қозғалтуға болмайды. Жарақаттанған аймақты мүмкіндігінше қозғалмайтын күйде бекітіңіз (шина, тақтай немесе қатты зат қолданыңыз). Егер ашық сынық болса, қан кетуді тоқтатып, жараны таза шүберекпен жауып, дереу жедел жәрдем шақырыңыз. 3. Бас жарақаты Қан кетсе, таза шүберекпен басып, қан кетуді тоқтатыңыз. Жарақат алған адамды арқасымен жатқызып, басын қозғалтпауға тырысыңыз. Жедел жәрдемді дереу шақырыңыз, себебі ми шайқалуы немесе ішкі қан кету қаупі бар. 4. Естен тану Адамды тегіс жерге жатқызыңыз, аяқтарын аздап көтеріңіз. Таза ауа кіргізіңіз. Адамды қозғалтпастан, оның жағдайын бақылаңыз. Егер демалуы тоқтаса, жүрек-өкпе реанимациясын жасаңыз (30 рет кеудеден басу және 2 рет ауыздан ауызға үрлеу).
Жедел көмек көрсету кезінде негізгі ереже — адамның өмірін сақтау, жағдайын ауырлатпау және медициналық көмек келгенше күту. Барлық күмәнді жағдайларда кәсіби дәрігерлерді шақыру қажет. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Соңы
|
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. |
Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Заң және Тәртіп» құндылығы «Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету» ЖЖЕ №5 Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 19- САБАҚ 6- сыныптар: «Халықаралық көмек көрсету белгілері»
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуа |
Компьютер
|
|
Сабақ басы (10 мин)
|
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ № 9 САБАҚ. «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ БЕЛГІЛЕРІ» Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, көмекші қимылдармен еске түсіру. Сабақ барысы 1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу: Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады Халықаралық көмек қимылдары туралы талқылау. 2. Негізгі бөлім (6 минут) Ұғымдарды түсіндіру: Халықаралық көмек сигналы адамдарға қауіп төніп тұрғанын білдіріп қана қоймай, өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардағы өмірін сақтап қалуға есте сақтау сигналы ұсынады. Апаттық сигналдар, оларды беру әдістері және оларға жауаптар. • Сигналдарды не үшін білу керек екенін және олар қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндіріңіз. • Жалған сигнал беруге қатаң тыйым салынады. 3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау Сабақта алынған ақпарат сізге пайдалы болды ма? |
|
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/ls8ZVr8Shtw?si=jTPGxiPDO_ClM5cr
|
|
Ортасы (25 мин) |
Заң дегеніміз не? Қоғамдағы тәртіп не үшін қажет? Егер заң мен тәртіп болмаса, не болады? Жолда жүру ережелері не үшін қажет деп ойлайсыздар? Реттеушінің қызметі туралы не білесіздер?
Заң – қоғамда өмір сүру үшін ортақ ережелер. Тәртіп – осы ережелерді орындау мәдениеті.
Мысалдар: Жол қозғалысы ережелері. Мектеп ішіндегі тәртіп ережелері. Адамның құқығы мен міндеттері.
Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
1-апсырма "Дұрыс немесе бұрыс?" Карточкаларға әртүрлі жағдаяттар жазылады. Оқушылар бұл жағдайдың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап, жауаптарын дәлелдейді. Мысалдар: Жолдың белгіленбеген жерінен өту. Қоқысты кез келген жерге тастау. Қоғамдық көлікте үлкен кісілерге орын беру. Жолда бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау. Қоғамдық орында шу шығару. Жолдың белгіленбеген жерінен өту. Қоқысты кез келген жерге тастау. Қоғамдық көлікте үлкен кісілерге орын беру. 2-тапсырма. «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу) 1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 3. Ақырын жүріп... (анық бас) 4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 5. Тура биде ... (туған жоқ) 6. Ұрлық түбі ... (қорлық) 7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 8. Әдепті бала ... (арлы бала) 9. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 10. Әділ істің ... (арты игі)
Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету адамның өмірін сақтап қалуға және жағдайын жақсартуға көмектеседі. Әртүрлі жарақаттар үшін көрсетілетін көмектің негізгі ережелерін қарастырайық:
1. Қан кету Артериялық қан кету: Ашық қызыл қан тамшыламай, шапшып ағуы мүмкін.
Қан кетуді дереу тоқтату үшін жараның үстіне таза шүберекпен немесе таңғышпен қатты басыңыз. Егер жарақат қолда немесе аяқта болса, аяқ-қолды жоғары көтеріңіз. Турникет қолдану қажет болса, оны жарақаттан жоғары жаққа байлап, уақытын белгілеңіз (1–2 сағаттан аспауы керек). Медицина қызметкерлерін дереу шақырыңыз. Веналық қан кету: Қан қою қызыл түсті, бірқалыпты ағады.
Қан кетіп тұрған жерге таза таңғыш немесе шүберек қойып, қысым жасаңыз. Қол немесе аяқты көтеріп қойыңыз. Капиллярлық қан кету: Қан аздап ағуы мүмкін.
Жараны таза сумен жуыңыз және дезинфекциялаңыз. Жараның үстін антисептикпен өңдеп, таза таңғышпен жабу жеткілікті. 2. Сүйек сынуы Сынық орнын қозғалтуға болмайды. Жарақаттанған аймақты мүмкіндігінше қозғалмайтын күйде бекітіңіз (шина, тақтай немесе қатты зат қолданыңыз). Егер ашық сынық болса, қан кетуді тоқтатып, жараны таза шүберекпен жауып, дереу жедел жәрдем шақырыңыз. 3. Бас жарақаты Қан кетсе, таза шүберекпен басып, қан кетуді тоқтатыңыз. Жарақат алған адамды арқасымен жатқызып, басын қозғалтпауға тырысыңыз. Жедел жәрдемді дереу шақырыңыз, себебі ми шайқалуы немесе ішкі қан кету қаупі бар. 4. Естен тану Адамды тегіс жерге жатқызыңыз, аяқтарын аздап көтеріңіз. Таза ауа кіргізіңіз. Адамды қозғалтпастан, оның жағдайын бақылаңыз. Егер демалуы тоқтаса, жүрек-өкпе реанимациясын жасаңыз (30 рет кеудеден басу және 2 рет ауыздан ауызға үрлеу).
Жедел көмек көрсету кезінде негізгі ереже — адамның өмірін сақтау, жағдайын ауырлатпау және медициналық көмек келгенше күту. Барлық күмәнді жағдайларда кәсіби дәрігерлерді шақыру қажет. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Соңы
|
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. |
Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі |
шағым қалдыра аласыз














