Материалдар / «Заң және Тәртіп» құндылығы «Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ №5 Қауіпсіздік сабағы «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!

«Заң және Тәртіп» құндылығы «Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ №5 Қауіпсіздік сабағы «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Заң және Тәртіп» құндылығы «Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ №5 Қауіпсіздік сабағы «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мектептің атауы

Сынып сағаты

Тақырып бойынша

«Сынған кездердегі алғашқы

медициналық көмек. Қан аққан кездегі

алғашқы медициналық көмек»





(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ бойынша) жоспар сынып сағатының


Педагогтың аты жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Тақырып сынып сағатының:

«Заң және Тәртіп» құндылығы

«Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ №5

Қауіпсіздік сабағы

«Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!

Сабақтың мақсаттары:

Оқушыларға жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс – тәсілдерімен таныстыру; 2. Оқушыларды алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру; 3. Достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.

Құндылықтар тәрбиелеу

Әділдік және жауапкершілік

Аптаның дәйексөздері

Әділет жолы- адал жол

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.Сабақтың басталуы.

0-5 мин


1.Орналастыруды құрунақты эмоционалды көңіл-күй.

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады


Мұғалімдерді қарсы алыңыздар. Өздерінің жұмыс орындарын ұйымдастырады, жеке оқу құралдарының болуын тексереді

ФО

Эмоциялық жағдайды бағалау

жай-күйлері






2. Сабақтың ортасы.

5 – 45 мин


Оқушылардың білімін өзектендіру

Қозғалысқа толы қала:

Топтың бөлінуі:

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Жарақаттардың түрлері:

1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның түюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану. 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда

болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар. 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттардың белгілері:

Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.

Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Қорытынды - Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

ЖЖЕ №5

Қауіпсіздік сабағы

«Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!


Оқушылар мұғалімді тыңдайды












































Дескриптор:

Тыңдайды , сурақтарға жауап береді


































Дескриптор:

Тыңдайды , сурақтарға жауап береді
























































Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді



















Дескриптор

Балалардың жауаптары






















Дескриптор:

Тыңдайды , сурақтарға жауап береді


























Дескриптор:

Тыңдайды , сурақтарға жауап береді
































































































































































































Суреттер


















Суреттер

























































































Карточкалар



































































































































https://aqmeshit-zhastary.kz/tanym/zholda-zhuerw-erezheleri-4642/







https://www.youtube.com/watch?v=gH3zqZPR4EQ

е3. Сабақтың соңы.

40 - 45 мин


Рефлексия жасау.

Image 1

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақтағы іс-әрекетін бағалайды









Рефлексияға арналған суреттер.



Image 2









ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Сынып жетекші
20 Қаңтар 2025
300
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі