Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заң және заман
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:Заң және заман.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,
жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей
білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру
1. Кіріспе сөз
2.Сұрақ - жауап
3. «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын
табу)
4. Ой талқы (маңызды тақырыптар бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау)
5.Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы
өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл
еліміз үшін мәртебелі мақсат.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан
Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян
етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің
қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың
құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру,
әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен
жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды
екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы
мәдениетін қалыптастыруда маңызды
құралдың бірі – білім беру
ұжымдары десек қателеспейміз.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі –
қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі
таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау
органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық
бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның
қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң
алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе
әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол
құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі
және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті
бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және
бұл — құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады,
сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән
қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты
ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер
айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық
нормаларды бұзуына ең алдымен
әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер
ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың
алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды
жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын,
атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып
табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық,
адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б.
қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге
асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен
жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз
жағдайларды барынша болдырмау және алдын
алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін
түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие
беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс
түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан —
жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық
тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық
әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық
талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анықталған.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу –
олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді
шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз
жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен
шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа
адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің
баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы ата
– аналармен, құқық қорғау органдары
қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау
мекемелерімен, спорттық ұйымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің
өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі
жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің
алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды
мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды
меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі
болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен,
оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине
қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің
орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады.
Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып,
белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға,
қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық
нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға
арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік
нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік
мәні жоғары болады»
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың
бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты
дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың
тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына
терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және
орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне
құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не
екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады.
Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,
жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына
айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып
табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп
бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы:
маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын,
басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін
отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке
қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында
тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын
тұрады.
Құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып
жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел
бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық
талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу,
оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және
құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет
оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның
құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең
бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін
қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды
тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен
мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу,
құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты,
сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты
сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын
емес.
ІІ. бөлім «Сұрақ -
жауап»
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол
қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?
(2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және
қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне
қол сұғылмайды)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)
11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы
15-қараша)
13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды?
(1992 жыл 4-маусым)
14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы
20-қараша)
16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе
бөлімді)
17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
18. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің
өмір сүруге
құқығы бар)
20. Қос азаматтық қалай аталады?
(Бипатрид)
ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты
игі)
IV. бөлім «Ой
талқы» (маңызды тақырыптар бойынша оқушылардың пікірлерін
тыңдау)
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін
не?
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол
бермеу үшін не істеу керек?
V. Қорытынды бөлім
Құрметті оқытушылар!
Біз бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тәрбие
сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз
білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз
құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға
сенім артамыз.
Бауыржан Момышұлы атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас
иген құл болмайды» деп айтқандай қашанда Ата-заңымызды
қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды
пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды
аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік
тілейміз!
Тақырыбы: «Заң және заман»
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру;
өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде
қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін
толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке
баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін
арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге,
сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие
беру.
Көрнекілігі: Қ Р Конституциясының баптары, Бала
құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд
түрлерінде.)
Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел
болмайды»
Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз
орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті
оқушылар, қонақтар. Тәрбие сабағымызды мына қанатты сөздермен
бастасам деймін: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел
болмайды»
Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз
орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев.
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы
құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі
сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген
заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі
саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп,
еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына
жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман
талабы.
«Заң және заман» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Бүгін бізге, осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызды зерттеген оқушыларымызға сөз берейік.
1-оқушы:
-1787 жылы Дүниежүзіндегі
тұңғыш Конституция
қабылданды.
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың
кұқықтары декларациясы қабылданды.
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ -да Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясы қабылданды.
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ -ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы
декларациясы қабылданды.
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция
қабылданды.
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші
Конституциямыз қабылданды.
— 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың
құқықтары туралы заңы қабылданды.
— 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар
саясаты Заңы қабылданды.
2-оқушы:
Заң міндетті бәрімізге,
халайық,
Заңнаманың басын ашып алайық,
Барлық заңның біріктірер бастарын,
Ата заңды қасиетке балайық!
3-оқушы:
Ата
заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Бүгінгі бар деректерге сүйенсек
Қазақ хандығы құрылған кезде XV ғасырда барша жұрт ертеден келе
жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген.
Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық
арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді
баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар. Әдет Заңы
бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын. Мемлекеттегі барлық істер
осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық
болмысымызға тән болып келген барлық әдет — ғұрыптар тән
болды.
4-оқушы:
XVI ғасырда әдет — ғұрыптарды Қасым хан тұңғыш жүйелеп,
жинақтауға және
жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді.
Олар:
1.Мүлік
заңы .
2.Қылмыс
заңы .
3.Әскери
заңы.
4.Елшілік
жоралары.
5.Жұртшылық
заңы .
5-оқушы:
Есім хан «Қасым салған қасқа
жолды» заман рухына сай тәптіштеп, жаңадан төрт тұғырды
дүниеге келтірді:
1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын .
2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын .
З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын.
4-сі: Би болсын, би түсетін үй
болсын .
6-оқушы:
Заң болып Қасымханның қасқа
жолы,
Құп алып қазақ қостады оны.
Шыққанда ескі жолы Есім ханның,
Өрбітпей отаршылық тастады оны .
Әз Тәуке хан өз замандастары — Төле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және
Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы»
атты Заңдар топтамасын шығарды.
7-оқушы:
Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты:
1 бап — Мемлекттік мәселелеріне
байланысты.
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты .
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты .
4 бап — Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты .
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты.
6 бап — Жұртшылық мәселелеріне байланысты.
7 бап — Отбасы және неке мәселелеріне байланысты .
Осы «Жеті жарғы» заңдары XX ғасыр басына
дейін өз күшін сақтады.
Кеңестік дәуірде Қазақстанда қабылданған 1937 жылы және 1978ж Конституциялары болды.
8-оқушы:
Адамзат баласының ,әр мемлекеттің негізгі
заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы —
Конституция.
1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық
референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз
елдің екінші Конституциясы
қабылданды.
9-оқушы:
Ата Заңым бабалардың лебізі,
Ата Заңым барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата Заңда адамды
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам кұқы бостандығы, теңдігі –
Барлығын да қарастырған жан-жақты.
Ата Заңмен арайланған айналам,
Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.
Білім алам, еңбек етем, дем алам,
Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.
Ата Заңым — мемлекет айбыны,
Ата Заңым — ақыл ойдың айдыны.
Туған жердің — Қазақстан елінің,
Ата Заңмен қорғалады байлығы.
10-оқушы:
Бүгінгі қолданыста жүрген негізгі заңымыз кіріспеден, 9 бөлімнен,
98 баптан тұрады.
Ата Заңымыздың артықшылықтары мен
ерекшеліктері туралы
баптарын саралап шығайық:
12 — бап
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары
мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді.
11-оқушы:
14 — бап
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды.
12-оқушы:
17-бап
1. Адамның қадыр — қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық — зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық қадір — қасиетін қорлайтындай жәбір
көрсетуге, не жазалауға болмайды.
13-оқушы:
18-бап
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының
кұпиясының болуына, ар — намысы мен абыройлы атының қорғалуына
құқығы бар.
19 — бап
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі
анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы.
14-оқушы:
29 — бап
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы
бар.
30 — бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына
кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 — бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті
парызы және міндеті.
15-оқушы:
Ең маңызды заңдардың
бірі Балалар құқығы туралы
конвенция -халықаралық келісім шарт. 1990 жылы
әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім
бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы
тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да
қол қойды.
Конвенцияның баптарына көз
жүгіртейік,
1 — бап.
Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып
есептеледі.
2 — бап.
Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық
және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз
етеді.
16-оқушы:
6 — бап.
Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.
7- бап.
Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға
құқылы.
17-оқушы:
9 — бап.
Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.
13 — бап.
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
18-оқушы:
14-бап.
Бала ойлау, ар — ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.
15-бап.
Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға
құқылы.
16-бап.
Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
1-оқушы:
17-бап.
Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне
құқылы.
19-бап.
Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің
барлық түрінен қорғайды.
27 — бап.
Баланың әлеуметтік жағынан өсіп — жетілуі үшін қажетті тұрмыс
дәрежесін қамтамасыз етеді.
2-оқушы:
28 — бап.
Баланың білім алу құқығын мойындайды.
31 — бап.
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне,
ойын — сауықтарға қатысу құқықтарын
мойындайды.
Жүргізуші:
Баланың жеке басының
құқықтары:
— Аты — жөні, тегіне құқылы.
— Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы.
— Ата — анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір
сүруге.
— Адами қасиетін силауға.
— Туған — туыстармен араласуға.
— Өз құқығын қорғауға.
— Құқығын қорғау үшін құжырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан
сотқа жүгінуге құқылы.
— Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы.
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір
ұжымның,
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері
бар.
Оқушыларының
міндеттері қандай?
1. Мектептің ішкі тәртіп — ережелері мен жарғысын сақтауға
міндетті.
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға.
3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, мектеп мүлкіне
ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге
міндетті.
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.
5. Сабаққа қажетті құрал — жабдықтарының толық болуына.
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.
Оқушыларының міндеттері мен
қатар тиым
салынатын ережелері де
бар:Тиым
салынады:
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды мектеп
аумағына әкелуге.
2. Мектеп ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін
заттарды жақындатуға.
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым
салынады.
Сендерге арналған құпия сандық тапсырмамыз
бар.
Мұнда не
бейнеленген?(оқушылар пікірін
тыңдау).
Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған.
(мына заттар арқылы: таразы, семсер, көзбайлауыш және
мантиядан Фемиданың бейнесін жасау )
(Фемиданың суретін слайд арқылы
көрсету)
Жүргізуші:
Фемида-әділеттілік сот символы. Фемиданың маңызды
атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау
мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады.
Фемида — мантия киген, келбетті де келісті әйел.Сол қолында таразы,
оң қолында семсер, көзі байлаулы.
Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда
жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әділет пен әділетсіздік
таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың
жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы
Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал
қабылдағыш екен.
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер
екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да
білдіреді.
Көзбайлағыш
-әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді
көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып әділетті шешім
қабылдайды.
Қорытындылау:
Адам өзінің іс
әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек ,
өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады.
Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы
қажет. Алдымызда екі жол: бірі -ақ, бірі-
қара.
Қара
жол дегеніміз не?
( маскүнемдік,
наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көреалмаушылық,
жұмыссыздық.)
Ақ
жол дегеніміз не?
Олар: жауапкершілік,
сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу,
жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны
құрметтеу.
Адам заңды білуі керек, бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі.Алдарыңда екі жол. Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.