Материалдар / «Заңды білу- заман талабы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Заңды білу- заман талабы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2022
842
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағаты: «Заңды білу- заман талабы»

Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. 
Сабақтың көрнекілігі: Қ Р  Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.) 
Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
                                                                                                  Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
                                                                                                   Н.Назарбаев. 


Сабақтың барысы:

 Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, қонақтар. Тәрбие сабағымызды мына қанатты сөздермен бастасам деймін: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
                                                                        Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
                                                                                        Н.Назарбаев. 
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы.

     «Заңды білу- заман талабы»  атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

 

Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

 

Бүгін бізге, осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызды  зерттеген тарихшыларымыз келіп  отыр соларға сөз берейік.

 

1-Тарихшы:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ -да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ -ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 
— 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды. 
— 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. 

 

2 тарихшы:
 Заң міндетті бәрімізге, халайық,

 Заңнаманың басын ашып алайық,

 Барлық заңның біріктірер бастарын,

 Ата заңды қасиетке балайық! 

 

    Ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы құрылған кезде XV ғасырда барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар. Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын. Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет — ғұрыптар тән болды. 
     XVI ғасырда әдет — ғұрыптарды Қасым хан тұңғыш жүйелеп, 

жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар: 
1.Мүлік заңы .
2.Қылмыс заңы .
3.Әскери заңы. 
4.Елшілік жоралары. 
5.Жұртшылық заңы . 

 

Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді: 
1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын .
2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын .
З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын. 
4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын .


 Заң болып Қасымханның қасқа жолы,

 Құп алып қазақ қостады оны.

 Шыққанда ескі жолы Есім ханның,

 Өрбітпей отаршылық тастады оны .

Әз Тәуке хан өз замандастары — Төле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. 


Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты:

 1 бап — Мемлекттік мәселелеріне байланысты. 
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты .
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты .
4 бап — Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты .
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты. 
6 бап — Жұртшылық мәселелеріне байланысты. 
7 бап — Отбасы және неке мәселелеріне байланысты .
     Осы «Жеті жарғы» заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады. 

 

 Кеңестік дәуірде  Қазақстанда қабылданған 1937 жылы  және 1978ж Конституциялары болды. 


2тарихшы:

 

    Адамзат баласының ,әр мемлекеттің  негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы — Конституция. 
    1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. 

  

 Ата Заңым бабалардың лебізі,

Ата Заңым барлық заңның негізі.

Арқа сүйер Ата Заңда адамды

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі. 
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,

 Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам кұқы бостандығы, теңдігі –

Барлығын да қарастырған жан-жақты. 
Ата Заңмен арайланған айналам,

 Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.

 Білім алам, еңбек етем, дем алам,

Қартайғанда зейнеткер боп жайланам. 

Ата Заңым — мемлекет айбыны,

Ата Заңым — ақыл ойдың айдыны.

Туған жердің — Қазақстан елінің,

Ата Заңмен қорғалады байлығы. 



 

      Бүгінгі қолданыста жүрген негізгі заңымыз кіріспеден, 9 бөлімнен,

98 баптан тұрады.

 

1-Тарихшы:

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы 
баптарын саралап шығайық: 
12 — бап 
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен 
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді. 
14 — бап 
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
17-бап 
1. Адамның қадыр — қасиетіне қол сұғылмайды. 
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық — зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір — қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды. 
18-бап 
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар — намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
19 — бап 
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы. 
27 — бап 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады. 
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата — ананың етене құқығы әрі міндеті. 
29 — бап 
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 

30 — бап 
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 
36 — бап 
1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 
 

2 тарихшы:

Ең маңызды заңдардың  бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісім шарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. 
Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік,

1 — бап. 
Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. 
2 — бап. 
Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді. 
6 — бап. 
Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы. 
7- бап. 
Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы. 
9 — бап. 
Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы. 
13 — бап. 
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы. 
14-бап. 
Бала ойлау, ар — ұждан, діни сенім бостандығына құқылы. 
15-бап. 
Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы. 
16-бап. 
Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды. 
 

17-бап. 
Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы. 
19-бап. 
Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды. 
27 — бап. 
Баланың әлеуметтік жағынан өсіп — жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді. 
28 — бап. 
Баланың білім алу құқығын мойындайды. 
31 — бап. 
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын — сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. 
Баланың жеке басының құқықтары: 
— Аты — жөні, тегіне құқылы. 
— Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы. 
— Ата — анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге. 
— Адами қасиетін силауға. 
— Туған — туыстармен араласуға. 
— Өз құқығын қорғауға. 
— Құқығын қорғау үшін құжырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы. 
— Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. 


1тарихшы:
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, 
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар. 
Оқушыларының міндеттері қандай?

1. Мектептің ішкі тәртіп — ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті. 
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға. 
3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті. 
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге. 
5. Сабаққа қажетті құрал — жабдықтарының толық болуына. 
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге. 
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға. 
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.  


Оқушыларының міндеттері мен қатар 
тиым салынатын ережелері де  бар:Тиым салынады
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды мектеп  аумағына әкелуге. 
2. Мектеп ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға. 
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға. 
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. 
  

2 тарихшы:

«Әкімшілік құқық» туралы айту.

 

1тарихшы:

Құқықбұзушылық   түрлерімен таныстыру.


Сергіту сәті: Пікірталас.


Мұғалім:

Фемида-әділеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. 
Фемида — мантия киген, келбетті де келісті әйел.Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. 
Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әділет пен әділетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. 
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. 
Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып әділетті шешім қабылдайды.   

 

Қорытындылау:
     Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек , өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол: бірі -ақ, бірі- қара. 

Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көреалмаушылық, жұмыссыздық.) 

Ақ жол дегеніміз не? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу. 

      Адам заңды білуі керек, бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі. Алдарыңда екі жол. Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!