Материалдар / "Заңды білу-заман талабы "Тәрбиесағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Заңды білу-заман талабы "Тәрбиесағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
5339
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Заңды білу - заман талабы.
Мақсаты:
1. Оқушыларда адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Түрі: топтық сайыс.
Көрнекіліктері: Қ. Р-ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р-ның Конституциясы, т. б. заң жинақтары, бүктемелер, заң туралы қанатты сөздер;
презентация.

Барысы:

І.Амандасу.Тренинг арқылы топқа бөлу «Ақиқат», 2 - топ «Заңгерлер». 3 - топ «Әділдік»

Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
(Б. Момышұлы)
«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
(Ж. Баласағұн)

ІІ.Ой қозғау

Заң дегеніміз не?

-Ережелер жиынтығы

-Қандай заңдарды білесіздер?

Заңдар:“Адам құқықтарының жалпыға бірдей

Декларациясы”1948 жыл 10 желтоқсан.

Бала құқықтары Декларациясы”1959 жыл.

Бала құқықтары конвенциясы”1989 жыл 20 қараша.54 баптан түрады.

ҚР-сы “Бала құқықтары конвенцияны”1994 жылы 8 маусымда бекітті.



-Еліміздің басты Заңы қандай?

-Конституция

Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз - белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты мен жалпы халықтық ірі ұйым . Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының» күні аталып өтіледі.

Адам және азаматтардың құкықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған кұжат, бұл өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы . Бұл кезде 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызып жойған жоқ. Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдында Президентте, қарапайым адам да бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.

1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы 1995 жылы референдум арқылы бекіткен екінші Конституциясы қабылданды.

Биылғы жылдың еліміз үшін Қазақстанның алдағы уақытта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге сайлануымен жас мемлекетіміз тарихында жарқын бет болып жазылатындығы күмәнсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл біздің ғана жеңісіміз емес, Қазақстан ЕҚЫҮ- ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі: ол бірінші Түркі елі ол тарихи тұрғыда өркениет ислам кеңістігіне жататын бірінші ел ең соңында, ол бірінші Азиялық ел, сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз» - деп атап өткендей елімізге мұндай биік сенім көрсетілген бәрімізге зор мақтаныш.

ІІІ.Мағынаны тану

Сайыс жоспары:
І. «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан.
ІІ.
«Адасқан әріптерді орналастыр»

ІІІ.Ой жалғау

IV. бөлім «Ой талқы»

V-бөлім. «Өз құқығыңды біл?»

VI. «Ой елегінен өткіз»

VII. Білімді тиянақтау

VIIІ. Қорытындылау

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы.

І. «Тікелей сұрақтар» - әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

І топ сұрақтары.
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
2.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р –да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993, 1995 ж)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
6. Қ. Р. азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10. Қ. Р –ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)
5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)
6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша)
7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)
8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)

ІІІ топ сұрақтары:
1. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)
3. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)
5. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)
6. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
8. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж)

IІ бөлім. «Адасқан әріптерді орналастыр»

1-топ. «Әділет» тобына

1. ЕКОНЮС- БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

2. АТКРДЕИЯМО-халық еркі немесе билігі

2-топ «Ақиқат» тобы

1. УАТРА- айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім

2. АТТӨЛЖҰҚ- азаматтық куәліктандыратын құжат

3топ «Заңгерлер»

1. ЕНТЕЗПРИДЕ- мемлекет басшысы

2. РПАЕЛМАНТ - заң шығарушы орган

ІІІ. бөлім. «Ой жалғау»

«Әділет тобы»

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан ғөрі ... (кешірген жөн)

3. Ақырын жүріп .... (анық бас)

«Ақиқат» тобы

1. Ұрлық түбі ... (қорлық)

2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)

3. Әдепті бала ... (арлы бала)

«Заңгерлер»тобына

4. Асыл тастан ... (өнер жастан)

5. Тура биде... (туған жоқ)

4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

5. Әділ істің...(арты игі)
IV. бөлім «Ой талқы»

1-топ. «Әділет» тобына

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2-топ. «Ақиқат» тобына

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

V-бөлім. «Өз құқығыңды біл?»

Қ.Р-ның 2002 жылы 8-тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу

VI. «Ой елегінен өткіз»

1) Оқушы неге құқылы?

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.

2) Оқушы нeге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

VII. Білімді тиянақтау

Бұл бөлімде екі топ ситуациялық жағдаяттан шығу керек, (1 мин. уақыт беріледі)

1.Ситуациялық жағдай

Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген.

1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?

2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді?

3. Бейсенкүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме?

Дұрыс жауабы:

1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді.

2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды.

2. Ситуациялық жағдай

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.

Сұрақ

  1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?

Жауабы:

Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді.

Қорытындылау:
     Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек , өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол: бірі -ақ, бірі- қара. 

Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көреалмаушылық, жұмыссыздық.) 

Ақ жол дегеніміз не? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу. 

  Адам заңды білуі керек, бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі. Алдарыңда екі жол. Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.

Рефлексия

Бүгінгі тәрбие сағатынан алған ой- түйіндерімен бөлісіңдер.




































Ү. Отаным деп танып, оның заңдарына бағынған адамның белгілі бір мемлекетті – елжандылық, азаматтық жауапкершілікке байланысты, өз елінің алдындағы азаматтық борышы. Олай болса, келесі бөліміміз «Қ.Р- ның азаматтық» Кодексіне байланысты жағдаяттық сұрақтарға кезек береміз.
«Жағдаяттық сұрақтар»
І топқа: Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі, олар Мәдена Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды.
Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде ...? (7 бап жоғалтпайды)

ІІ топқа:Ирина мен Қайрат Қ.Р- ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың жанұясында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі? (12 бап Қ. Р азаматтығы беріледі)
ІІІ топқа: Қарт адам Париж қаласындағы Қ.Р- ның елшілігіне келіп, оған Қ.Р- ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың аржағын да отыруы керек болатын қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме? (17-бап берілмейді)

ҮІ. Пікір сайыс: Берілген сұраққа әр топ өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек? Уақыт 3 минут.
Тақырып: «Жас
өспірім және қылмыс»
І топ: Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
ІІ топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
ІІІ топ: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?


ҮІІІ. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
Тақырып:
І топ: «Оқушы құқықтары»
ІІ топ: «Оқушы міндеттері»
ІІІ топ: «Оқушы жауапкершілігі»

ІХ. . «Болашақ» жобасын қорғау.
Шарты:
Барлық топқа бір сұрақ беріледі, сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қорғап шығуы керек. Уақыт: шектеулі 5 минут

Сұрақ: «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»

Қорытынды: Әділ қазылар алқасы әр топтың бағасын беріп марапаттайды.
Міне, бүгінгі сайысымызда айтылғандарды саралай келе, еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы, қымбатты оқушылар, болашақ жастар сендердің өз қолдарыңда.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М. Әуезов атамыз айтқандай «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңе салыңдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!