Заттарды өлшемі бойынша салыстыру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттарды өлшемі бойынша салыстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
: әртүрлі заттар (5 және одан да көп) арасындағы өлшемдік қатынасты дұрыс қоюға, заттарды өлшемі бойынша өсу және кему ретімен қоя білуге; тілдік дағдыларды, талдау білігін дамыту, есте сақтауға, сөйлеуге дағдыландыру. назар аудару дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: Заттарды өлшемі бойынша салыстыру.

Мақсаты: балаларды заттардың көлемін анықтауға және оларды өлшемі бойынша салыстыруға (үлкен, кішкентай, үлкенірек, кішірек, жоғары, төмен) үйрету.

Міндеттері: әртүрлі заттар (5 және одан да көп) арасындағы өлшемдік қатынасты дұрыс қоюға, заттарды өлшемі бойынша өсу және кему ретімен қоя білуге; тілдік дағдыларды, талдау білігін дамыту, есте сақтауға, сөйлеуге дағдыландыру. назар аудару дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: біледі: заттардың өлшемін сипаттайтын сөздерді айтады: үлкен, кішкентай, орташа, негізгі түстерді атауды; игереді: заттарды көзбен көру арқылы қалай салыстыруға болатынын; меңгереді: заттарды көзбен көру арқылы салыстыруды.

Қажетті материалдар: демонстрациялық материал, № 2,3,4- кесте, №1жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: үлкен-кішкентай.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу қызметін «Бүгінгі оқу қызметіне тағы да құртақандар келді» деген ойын жағдаятынан бастайды (көрнекі материал – 2,2.1 және 2.2-кесте). «Олармен жақынырақ танысайық». Олардың киімінің өлшемі мен түстерін, кеңістікте орналасуын сипаттауды ұсынады. Ойын жағдаятына қосылады. Құртақандар бейнеленген суреттерді қарап, олардың өлшемін, түсін, кеңістікте орналасуын анықтайды.

2. Негізгі кезең.

Балаларға «үлкен-кішкентай», «түс», «алдында-артында», «алды», «арасында», «жанында» деген сөздерді пайдалана отырып, суреттерде бейнеленген құртақандардың әрқайсысын сипаттауға көмектеседі. Топтағы балалармен осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі. Педагог бірнеше балаға шығып, бірбірінің артынан тізіліп тұруды ұсынады. Қалған балалар оларды сипаттайды: үлкенкішкентай, киімінің түсі, бір-бірінің артына орналасуы.

1-тапсырманы орындау. Ол үшін алдымен жаңа – түс және өлшем белгілерімен таныстырады. Тапсырманы ауызша орындауды немесе сызық өткізуді – үлкен құртақанға қандай шелекті беру керектігін, ол шелектің түсінің қандай болатынын және т.б. анықтауды ұсынады. Осындай жұмысты топтағы балалармен де жүргізеді. Педагог бірнеше балаға (5 бала) шығып, бір-бірінің артына тұруын сұрайды. Қалған балалар оларға сипаттама береді: үлкен – кіші, киімінің түсі, бір-бірінің артындағы орны. Балалар тапсырманы орындап, 5 және одан да көп заттардың өлшемін анықтайды және олардың қасиеттерін үлкен, кіші, орташа, негізгі түстер сөзін қолдана отырып дауыстап айтады. Сергіту сәті. Қолдарымызды көтереміз, Кейін төмен түсіреміз. Екі жаққа қолды созып Алақанды беттестіріп Қолымызды шапалақтап, Көңіл күйді көтереміз. Одан кейін жылдамдатып қол соғамыз.

2-тапсырманы «оқуға», тапсырма бойынша түсін, өлшемін және дәптерде орналасқан жерін көрсете отырып жапсырмаларды кесте шаршыларына жапсыруға көмектеседі.

3-тапсырманы орындауды ұсынады. Үлкен заттарды қызыл түспен, ал кішкентай заттарды сары түспен бояу қажет. Одан кейін олардың қағаз бетінде орналасуы сипатталады. Көрсетілген қасиеттер бойынша заттарды сипаттайды. Шығып, бірінің артынан бірі тұрады. Топ балаларының осы қасиеттерін анықтайды. Заттардың түсі мен өлшемін анықтай отырып 1-тапсырманы дәптерде орындайды. Қимылдарды жасайды. 2-тапсырманы орындайды – қажетті заттарды көрсетілген белгілері бойынша жапсырады және оның кеңістікте орналасуын сипаттайды: алдында – артында, алды, арасында. Заттарды бояп, орналасуын сипаттайды.

3. Рефлексия. Оқу қызметін қорытындылайды және балаларды тапсырмаларды орындағаны үшін мақтайды. Бүгін құртақандар мен басқа заттарды сипаттау үшін қандай сөздерді пайдаланғаны туралы сұрайды. Құртақандармен қоштасуды және оларға сабақ соңында үстел үстіндегі заттарды жинауды қалай үйренгендерін көрсетуді ұсынады. «Үлкен», «кішкентай» сөздерін, түстерді (кемпірқосақтың жеті түсін атап шығуға болады), кеңістікте орналасуын – алдында – артында, алды, арты, арасында, жанында – пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді. Құртақандармен қоштасады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2022
1043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі