Заттарды санау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттарды санау

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттарды санау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән:Математика

Сынып: 1 « »

Күні: 03.09.2018 ж

Мектеп: № 25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Сандар мен цифрлар

Сабақ тақырыбы

Заттарды санау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандарқатарындағы орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

Көптеген оқушылар: цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

Кейбір оқушылар: бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.

Бағалау критерийлері

10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын

түсіндіреді.

10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын

анықтайды

Тілдік мақсаттар

қанша? (неше?); cанау; сан; саны.

Құндылықтарды дарыту


Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы сауат ашу пәнімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

1-10 ға дейініг сандарды санау. Материалдарды пайдаланып, зататрды санады, түсіп қалған сандарды анықтады.

Бастапқы білім


Күнделікті өмірде немесе балабақшада сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Психологиялық дайындық Оқушылармен шеңбер құру.

Оқушылардың бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу.

1- тапсырма

а» (Оқушылардың санай алу қабілетін байқау)

1-10-ға дейін санау

ә) Түсіп қалған сандарды анықта.

б)Шеңберде тұрып санамақ айту

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз


(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады.Бірден аттап санайды,өздерінің нөмерлерін атайды. (шеңбердегі оқушылар біреуі -тұрады келесі –отырады.


Сабақтың ортасы

2- тапсырма

(Ө) «Өзім жайлы» ойыны аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т.б. заттарды санайды.


(Ұ) Оқулықпен жұмыс

Ережемен таныстыру

Санау бір санынан басталады. Заттарды бір,екі, үш,төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санаймыз.Заттарды санаған кезде сандарды ретімен қалдырмай санайды .

Суреттегі заттарды санау

Сынып бөлмесіндегі парталарды, орындықтарды санау.

Сергіту сәті

- Мен қанша рет шапалақ ұрсам, сендер де сонша рет қайталап шапалақ ұрыңдар.

-Алақандарыңды төрт рет соғыңдар

-Аяқтарыңмен үш рет тарсылдатыңдар

Алақай! -деп үш рет айқайлаңдар.


3- тапсырма

(Ж) Сурет бойынша «Қанша» сөзін қатыстырып сұрақ құрастыр.

Терезенің жанында қанша бала отыр?

Қанша бала тақтаның алдында тұр?

Қанша қыздың шашы ұзын? т.с.с.

(Қ) Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын және санау дағдысын бақылау арқылы бағалау.

«Шығарып көр»

Суретке қарап қанша дәптер, қанша альбом, қанша кітап, қанша түрлі түсті қарындаш екенін анықтау.


4-тапсырма

(Ұ) Орындап көр

Сенің партаңның үстінде қанша түрлі түсті қарындаш барын сана.

Сыныптағы қыздарды сана;

Сыныптағы ұл балаларды бір топқа тұрғызу арқылы сана.

Сыныптағы оқушылардың жолдорбасын сана


Оқулық







Цифрлар жазылған карточкалар

Қолдан жасалған карточкалар












Қазақша, орысша, ағылшынша сандар атауы жазылған карточкалар










Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Санауды қай саннан бастаймыз?

Санағанда сандарды қалдырып кетуге болмайды.неліктен?

Кері байланыс:

Жұмыс дәптерінде тапсырманы орындау барысында өзіңді баспалдақтың қай жеріңде тұрмын деп есептейсің? Сол ұяшықты боя. Себебін айт.

Бұгін сен үшін не түсініксіз болды?




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады сондай жағдайда қолдау көрсетемін

Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын және 10 көлемінде санау дағдысын бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәтінде , ойын ұйымдастыру барысында қауіпсіздік ережесі қарастырылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Тексерілді: Ж. Сатенбаева


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі