Заттардың қайнау және балқу температурасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттардың қайнау және балқу температурасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар заттардың қайнау, балқу температурасы туралы мәлімет алады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: 6.2А Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанғалиева Жаңылсын

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Заттардың балқу және қайнау температуралары (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттайды


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- зат қатты агрегаттық күйден сұйық күйге балқу температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну

- зат сұйық агрегаттық күйден газға қайнау температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну

- судың қайнау және балқу температураларын білу

Бағалау критерийлері:

- Заттардың балқу/қайнау температуралары арқылы заттың тазалығын анықтайды

- Заттың фазалық ауысу шарттарын сипаттайды (қатты =>сұйық, сұйық=> газ).

- Қыздыру қисығының аймақтарын зерттейді

- Қайнау мен булану арасындағы айырмашылықты анықтайды

Тілдік мақсаттар


Заттардың балқу/қайнау температураларын ауызша сипаттай алады.

Пәндік лексика және терминология:

атом, молекула, бөлшек, балқу температурасы, қайнау температурасы, агрегаттық күй, таза зат, қатты, сұйық, газтәрізді, бөлшектер арасындағы ара-қашықтық, ішкі энергия, қоршаған орта температурасы

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Егер заттың балқу/қайнау температурасы төмен/жоғары болса, 200 С-де ол газ(сұйық)/қатты зат болады

Кез келген заттың қайнау/балқу температурасы көбінесе ….

Заттың тазалығын оның … немесе ….

температурасы арқылы анықтауға болады.

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» құндылықтары

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту жұптық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Заттың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысы мен балқу және қайнау температуралары туралы ұғымдарды қарастыру барысында физика пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім


3.1.1.2 Агрегаттық күйіне сәйкес заттың сипаттамасын беру

4.3.1.2 Тәжірибенің құрастырылған жоспарына сәйкес жаңа затты алу

4.3.1.1 Қасиеттеріне сәйкес заттарды қолдану аймақтарын анықтау

Бастапқы білімді жаңғырту (Зат құрылысы: табиғаттағы су айналымы, заттың агрегаттық күйлері)сұрақ-жауап және берілген суретті зерделеубарысында еске түсіруарқылы жүзеге асады.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


0-8 мин

































9-10

  1. Жеке жұмыс

Сөйлемдерді қажетті сөздер немесе сөз тіркестері арқылы толықтыр:

  1. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы ________________________ деп аталады.

  2. Заттың балқуы жүретін температура ________________________ деп аталады.

  3. Заттың сұйық күйден қаттыға ауысуы ____________ немесе ____________ деп аталады.

  4. Заттың кристалдануы жүретін температура ________________________ деп аталады.

  5. Заттар бір температурада _____________ және _____________ .

  6. Сұйықтықтың буға айналу процессі ________________________ деп аталады.

  7. Сұйықтықтың бетінде жүретін бу түзілу процесі ________________________ деп аталады.

  8. Будың сұйықтыққа айналу процесі ________________________ деп аталады.

  9. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды ________________________ бу деп атайды.

  10. Егер булану тек сұйықтық бетінде ғана емес, сонымен қатар оның барлық көлемінде қарқынды бу көпіршіктерінің бөлінуімен жүрсе, бұл процесс ________________________ деп аталады.


Дескрипторлар

Оқушылар

  • Заттың фазалық ауысу шарттарын түсінеді

  • Фазалық ауысу барысындағы процестерді дұрыс атайды

Өзін-өзі бағалау(слайд №1)

2. Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады.


Дұрыс жауабы слайд 1 көрсетіледі

































Слайд 2

Сабақтың ортасы


11-22






























23-32






























33-37

















3. Бейнекөрініс«Қорғасынның балқу және салқындау қисығы», «Балауыз шамның балқуы» және графикпен жұмыс.

Оқушыларды бейнекөріністен бұрын, графикпен жұмыс істейтіндерін ескертіп, берілген сұрақтармен таныстырады.

Жеке – жұптық жұмыс

1.Заттың балқуы қай уақытта басталады?

2.Қай уақытта зат кристалданады(қатады)?

3.Заттың балқу және қату температуралары нешеге тең?

4.Балқу қандай процеске жататынын түсіндір.


Дескрипторлар

Оқушылар

  • балқу және қату температурасы ұғымдарын дұрыс ажыратады

  • фазалық ауысу шарттарын дұрыс көрсетеді

  • графиктен балқу/қату процестерін дұрыс анықтайды


4. Графикпен жұмыс.


1) ордината осьтерінде заттың балқу және қайнау температурасын белгіле.

2) Бөлшектер теориясы тұрғысынан не себепті АВ аймағында температура өзгермейтінін түсіндір.


Дескрипторлар

Оқушылар

  • Ордината осінде заттың балқу температурасын белгілейді

  • Ордината осінде заттың қайнау температурасын белгілейді

  • Бөлшектер теориясын қолдана отырып, АВ аймағында температураның өзгеріссіз болуының себебін түсіндіреді.


тұжырым

дұрыс

бұрыс

1.Сұйықтықтың булануы кез-келген температурада жүруі мүмкін.



2.Егер А затының қайнау температурасы В затының қайнау температурасына қарағанда жоғары болса, А сұйықтығындағы бөлшектердің бір-біріне тартылу күші әлсіздеу.



3.Су қалыпты атмосфералық қысымда және 25C-да қайнай алады



4.Қайнау – ол сұйықтықтың бүкіл бойында жүретін булану процессі



5.Тұжырымдардың дұрыс/бұрыс екенін анықта.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • фазалық ауысу шарттарын дұрыс көрсетеді

  • Булану және қайнау процестері туралы дұрыс тұжырымды таңдайды


Мұғалім дескрипторға сәйкес кері байланыс береді.

Слайд 3



Қосымша №2























Слайд 8-10


Қосымша 2

















Сабақтың соңы:


38-40

6. Кері байланыс

Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады:

Сабақта мен....

білдім _________________________

түсіндім_________________________

үйрендім

Слайд 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қайталау кезеңінде оқушылардыңқайнау және балқу туралы білімдері тест сұрақтары, графикті зерттеу арқылы жинақталады. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану. Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (тест, график, бейнекөрініс).

Оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді пысықтау, жаңа білімді меңгеру барысындақалыптастырушы бағалауорын алады.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2018
11681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі