Материалдар / Заттың тығыздығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заттың тығыздығы

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.2.4 -Тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1232
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Тексерілді: Сайлауов С.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2 А Тығыздық

Мектеп: «Қосағаш» жом

Күні:14.11.2017жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Джангельдиева Г.Н

Сынып: 7Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.Тығыздықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4 -Тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу;


Сабақ мақсаттары

  • Зат тығыздығының физикалық мәнін түсіну;

  • Тығыздықты тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу;

Жетістік критерийлері

  • Тығыздық түсінігін, өлшем бірлігін, белгіленуін, формуласын біледі;

  • Есеп шығаруда формуласын пайдалана алады;

  • Өлшем бірліктерді ХБЖ-не аудара алады

Тілдік  мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Масса

Mass

Масса

Көлем

Volume

Объем

Таразы


Весы

Дене

Body

тело

Тығыздық

Density

Плотность

Диалогқа/жазуғақажеттісөзтіркестері:

Дене ең үлкен тығыздыққа ие болады, егер.....

Дене ең кіші тығыздыққа ие болады, егер.....

Құндылықтарды дарыту

  • Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

  • Белсенділік, шығармашылық қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыстар

Математика (ізделініп отырған шаманы формуладан өрнектеу)

Химия (заттардың құрылысы)

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақта


САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы































Сабақтың ортасы


































































Сабақты бекіту

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру

оқушылар білімдеренің жеткіліксіздіген сезінетіндей, «проблемалық жағдай» туғызу.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар? Таразының көмегімен анықтайық.

Shape1 Shape2 Shape3

темір алюминий мыс

Неге алюминидің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?

Болжамды анықтау

Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар?

Shape4 Shape5

Неге сендердің ойларыңша бірінші цилиндірдің көлемі екіншісінен үлкен?

Болжамды анықтау

Әртүрлі заттардан жасалған дене бірдей массада, көлемдері әр түрлі болады!

Осы сұрақтың жауабын талқылау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаттарына шығу.

Жаңа материалды зерттеу.

Оқушыларды үш топқа біріктіріп, кітаптағы параграфты үш топ арасында бөлу (оқу, өздеріне маңызды нәрселерді белгілеу).

«Джигсо» әдісін қолданып, әр топпан бір-бір оқушыдан бірігіп, жұпта оқушылар параграфтың өзі оқыған бөлігін бір – бірлеріне түсіндіреді.

Өткен тақырыпты қайталау. Масса мен көлем бірліктерін ХБЖ келтіру дағдыларын дамыту мақсатында жүргізіледі.

Масса, көлем және тығыздықты байланыстыратын формулалар тақтаның бір бөлігіне жазылады. Есеп шығару барысында оқушылар оған қарай алады. Немесе үлкен тлакатқа жазып қоюға болады.

Есептерді шығарғанда алдымен ХБЖ келтіруді ұмытпайық!

Сондықтан ХБЖ келтірудің күрделі мысалдарын қарастырайық

1 см3 метр кубтың миллионнан бір бөлігі, сондықтан

1 дм3 - метр кубтың мыңнан бір бөлігі, сондықтан

Көлемнің 1 литр деген өлшем бірлігі де бар. Бұл бірлік ХБЖ жатпайды. Сондықтан оны метр кубқа айналдырамыз.

Масса туралы да ұмытпайық:

Ұмытпаңыз:

Килограмм- бұл массаның өлшем бірлігі, массаны m әрпімен белгілейді.

Метр куб – бұл көлемнің өлшем бірлігі, көлеммді V әрпімен белгілейді.

Килограмм/метр куб – бұл тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты ρ әрпімен белгілейді.

Өзін-өзі бағалау презентация бойынша

Қиынықтарды анықтау және шешу.

Сабақты пысықтау.

Жұптарға жаңа тақырып бойынша кеспелерге жазылған есептер таратылады.

1.Массасы 3 кг , көлемі 200см3 металдың тығыздығы қандай?

2.Бос ыдыстың массасы 10 кг , суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін анықтаңдар.

3.Ұзындығы 8см, ені, 4 см, қалыңдығы 2 см алтын кесегінің массасын анықтаңдар.

4. Бөлменің өлшемі: 4м, ені 2,5м, 2м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3кг/м3 болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

5.Табанының ауданы 0,4*0,2 м тікбұрышты параллелипипед түріндегі аквариум 0,15м биіктігіне дейін сумен толтырылған.Аквариумдегі судың көлемін анықтаңдар.

Кейбір оқушыларға арналған есептер.

1. Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз.

2. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз.

Сабақты бекіту сұрақтары.

Интерактивті тақтада сұрақтар беріледі. Сол суреттерге қарап отырып, сұрақтарға жауап береді.Жеке оқушылармен жұмыс жасаймын.

Алтын мен күмістен жасалған екі кубиктің массалары бірдей. Ал қайсысының көлемі үлкен?


Shape6 Shape7

Денелердің әр қайссының массасы 1 т тең.

Қай дененің тығыздығы көп?

Shape8 Shape9

Қай дененің тығыздығы көп?

Shape10 Shape11

Мыс, мұз, мәрмәр кубиктарының көлемдері бірдей. Ал осы кубиктардың массасы мен тығыздығы қандай?

Shape12 Shape13 Shape14




Презентация

Слайд







Темір, мыс, алюминий, таразы,





А3 парағы, маркерлер
























Тас, мақта, ағаш, болат денелері












Слайд







Ноутбук

слайд




Оқулық












Кеспе қағаздары
































Слайдтар

Сабақтың аяғы

Рефлексия.

Жетістік критерилеріне қайтып келу. Әрбір оқушы берілген критериге жету жайлы белгілер жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма 1

Суретте электрондық таразыда геометриялық өлшемдері бірдей төрт білеушенің массалары өлшенгені бейнеленген. Қай білеушенің тығыздығы ең жоғары? Неліктен өлшемдері тең денелер массалары әртүрлі болатындығын түсіндіріңіз?

Дескриптор

Білім алушы

білеушелер тығыздықтарын салыстырады;

білеушелер массаларының әртүрлілігін түсіндіреді.

Ү й тапсырмасы:

Физика, 7 класс (Башарұлы Р.и др) 3,2 жаттығудың 6 есебі.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар: жаңа тақырып бойынша материалды зерттейді, өздік жұмыс, үй жұмысы тапсырмаларын орындайды

Оқушылардың көпшілігі өз қарқынымен жұмыс жасайды. Мұғалімнің қолдауы сабақ бойы іске асады. Экспериментті толығымен жасап, қорытындысын өз бетімен жасай алады.

Кейбір оқушылар:өз бетімен күрделі есептерді шығара алады.

Өзін-өзі бағалау:

Бекіту кезеңінде бірін-бірі бағалау

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!