Материалдар / Заттық дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі орны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заттық дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі орны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттық дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі орны.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
150
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заттық дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі орны.

Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуы негізгі құралдардың бірі- орта. Орта баланың жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибесінің көзі. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктегі орта мектепке дейінгі баланың белсенділігі ғана емес, өздігімен әрекетін, өздігінен білім алуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі С.Л.Новселова, Т.С.Комарова, Л.А.Параманова, Н.Н.Поддьяков және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. С.Л.Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта баланың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналарының жүйесі. Бүгінгі еліміздің әлемдік деңгейдегі білім кеңістігіне енуі, 12 жылдық білім беру қарсаңында білім беру жүйесінің алғашқы табалдырығы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа бағытта құру мақсаты тұр. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуеттендіру және оған сәйкес заттық дамытушы құру. Мектепке дейінгі білім берудің стандартының жобасы жайындалып, онда социум, заттық дамытушы ортасы туралы қарастырылған. Дегенмен, ол қандай талаптарға сай болуы керек деген сұрақ әлі де мамандарды қызықтырады. Осы мақсатта алыс-жақын шетелдегі қалыптасқан теорияларды және тәжірибелерді талдауды жөн көрдік.

1993 жылы А.А.Петровский, Л.М.Кларина, Л.А.Смывина, Л.П.Стрелкова сияқты ғалымдар Ресейде алғашқы рет мектепке дейінгі ұйымда дамытушы орта құрудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Авторлардың пайымдауынша, кез келген үлгідегі мектеп жасындағы ұйым дамытушы орта құрудың сөзсіз шарты-ол жеке тұлғаға бағдарланған тәрбие үлгісі. Оның бастысипаттары мынаған саяды: ересектер балалармен қарым-қатынас құрғанда: «қасында болу, үстінен қарау емес, бірге әрекет ету!» деген қағиданы басшылыққа алады. Оның мақсаты-баланың тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесу. Бұл мына міндеттері шешуді қажет етеді: психологиялық қорғанушылық сезімін қамтамасыз ету- баланың қоршаған әлемге сенімін, тіршілік шаттығын, жеке тұлғаның бастауын қалыптастыру. Ересектер баланы өнерге баулығанда жеке тұлғаның эстетикалық және өнегелік жағынан дамуына, оның т ізгіленіп, өнерден бірлесіп ләззат алуына жағдайлар жасайды». Жеке тұлғаға бағдарланған үлгінің қағидалары мектепке дейінгі ұйымды дамытушы орта құрудың мына ұстанымдарын қамтиды: 1)аралықтар, өзара әрекеттестік кезіндегі орныққан орындары, 2)белсенділік, дербестік, шығармашылық, 3) тұрақтылық-ұтқырлық, 4) жинақылық пен оңтайлылық, 5) ортаның әсерлілігі, әр бала мен ересектің жеке жайлылығы менсезім қолайлылығы, 6) ортаны эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыруда үйреншікті және әдеттен тыс элементтерді үйлестіру, 7) ашықтық-жабықтық, 8) балалардың жыныстық және жас ерекшеліктерін ескеру.

Дамытушы ортаны құрудың зерттелген ұстанымдарын айта келе, авторлар мынадай тұжырым жасады: «балалар мекемелерінде ортаны ұйымдастыру осы аймақпен тарихи байланысты фольклор элементтері бар сәндік-қолданбалы кәсіпшілік мәдениеттің аймаққа тән ерекшеліктеріне де негізделеді. Бұл, сөз жоқ, балалардың отаншылдығын, өзінің туған жері үшін мақтаныш сезімін, «шағын отан» туралы түсініктері мен оған деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға көмектеседі».

Зерттеушілер Р.И.Куличенко, Р.М.Егорова, РБА ЦСП-мен бірлесіп ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеме қызметінің тужырымдамасын әзірледі. Авторлар мектепке дейінгі мекеменің ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі негізі шағын қоғам жағдайларын барынша ескеріп, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, отбасымен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету деп есептейді. Шағын қоғамдағы ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеменің қызметі, авторлардың пікірінше, қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуз мен көмек алу жөніндегі отбасы мен балалар құқықтарының жүзеге асуына ықпал жасау, әлеуметтік институт ретіндегі отбасының дамуы мен нығаюына, әлеуметтік саулық пен амандық көрсеткіштерінің көтерілуіне жәрдемдесу, қоғаммен және мемлекетпен, еңбек ұжымдары және қоғамдықұйымдармен байланыстарды ізгілендіру, үйлесімді ішкі отбасылық қатынастарды орнату . Авторлар ұсынған тұжырымдама балабақшаның педагогикалық қызметін аудандық қоғам жағдайларына барынша бейімдеп, онда ортаның әлеуметтік институтымен өзара әрекеттестігі негізінде тәрбие әлеуетін құру, дербес негізде үйлестіруші және ұйымдастырушы тәрбие орталығын ұйымдастырушы және ықшамауданның барша ортасын педагогикамен қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда аталған тұжырымдамада балаға әлеуметтік тәрбие беруде айналадағы ортаның дәстүрлерін игеруге негізделген мәдениеттанушылық көзқарас жетіспейді.

О.В.Дыбина-Артамонованың зерттеуінде бұйымдық әлем әлеуметтік болмысты тану көзі ретінде қарастырылады. Автор: «нақтылы іс-әрекет процесінде, бұйымдық әлемнің тұрақты әсерінің арқасында бала ересектердің шығармашылық әрекеттерінің нәтижелері туралы білім беретін және қолдан жасалған дүниеге болжамды көзқарасты дамыту үшін түрткі болатын бұйымды ортаға ретроспективті көзқарасты игереді,- деп санайды. О.В.Дыбина-Артамонованың пікірі бойынша, осының бәрі баланың затты қалай жетілдіріп, әдемі, пайдалы етуге болатыны жайында ойлану қабілетін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. «Заттар әлемін» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашыл көзқарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланың ойынды қажетсінуі ойыншықьардың алуан түрлері арқылы, еңбекте- жұмыс құралдары арқылы қанағатандырылады. Адамның табиғи қажеттіліктері оның тұрмыс- тіршілігі үшін керек болатын заттар: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киімдер, жеке бастың тазалығына қажетті заттар және т.б. арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Музыкалық аспаптар, сүреттер, кітаптар, қолданбалы халық өнерінің туындылары ұның бәрі баланың да, ересектердің де рухани және зияттық қажеттерін қанағаттандыруға көмектеседі. Сөйтіп, ғалым заттық әлем ақпараттық, сезімдік және реттеушілік қызмет атқарады да, балалардың бойында бұйымдар ересектердің шығармашылық әрекеттерінің жемісі деген ұғымды, «адам-бұйым» байланысы туралы түсінікті және әлеуметтік танымын қалыптастырады.

Әлеуметтендіру мәселесін көтерген О.Нұсқабаевтың ойынша, іс-әрекет өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің негізгі саласы болып табылады. Өйткен кез-келген адам ең алдымен еңбек үстінде өзінің өмір сүру ортасынында , өзін де өзгертеді деп көрсетеді. Бұдан заттық дамытушы ортамен іс-әрекеті тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі шарты және қоғамның маңызды қызметі деп түсінуге болады. Мектепке дейінгі баланың әлеуметтенуі-тұлғаның қажетті өмір тәжірибесін жинақтап, қоғамдағы тәртіп нормалары мен ережелерін игеруі. Сондықтан баланы қоршаған орта құндылықтарға негізделген, мәдени бағытта құрылуы шарт.

Н.Крылова күрделі субмәдени кеңістікке қосылу баланың бойында өнерде, дінде, әлеуметтік қозғалыстарда, білім алуда мәдени сухбатына демократиялық бағдарлардың қалыптасуына көмектеседі. Күрделі субмәдени кеңістікке ену балаға қарым-қатынастың демократиялық ұстанымдарын- ойлау икемдігі, кең көлемде мәдени білімдер мен қызығушылықтарды қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің 1998 жылғы 5-ақпандағы №54 «Балалардың мектепалды даярлығының тұжырымдамасы мен бағдарламаларының жобаларые әзірлеу және апробациялау туралы» бұйрығына сәйкес «Мектепалды даярлық бағдарламасы» (5-6 жастағы балаларға арналған) (1998), «Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары» (1999) жарық көрді. 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 бұйрыққа орай «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері туралы» (1999) қаулысы жарияланып, соған сәйкес оның «Ережесі» мен тұжырымдамасы ұсынылып, «Отбасында және балабақшада баланы мектепке даярлау бағдарламасы» (2000) жасалды. Бағдарламалардың мақсаты: қазіргі өтпелі кезеңдегі, еліміз экономикалық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанда, жас ұрпақты оқу-тәрбиелеу ісіне басты назар аударып, балаларды мектепалды даярлау.

«Кемпірқосақ» бағдарламасының мақсаты-әр баланың мектеп жасына дейінгі шақты көңілді әрі мазмұнды өткізуін қамтамасыз ету. Тәрбиенің әлеуметтік жағына «Бала әлемді тануда», «Бейнелеу іс-әрекеті», «Музыкалық қабілеттерді дамыту» деп аталған тарауларда көбірек көңіл бөлгенін атап өткен өн. Бағдарламада өнердің әрқилы түрлеріне бағдарланудағы қайшылықтардың, жалпы көркем және әлеуметтік-мәдени тәрбиеге таяз көзқарастың орын алғанын бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, қай бағдарлама болса да, баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу проблемасы деп есептейміз.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Петровский В.А., Кларина Л.М., Смывина Л.А., Стрелкова Л.П. Построение развивающей среды в дошкольном учреждении. М:.Новая школа, 1993.

2.Нұсқабаев О. Мектеп жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. Алматы: Қазақстан.1997.

3. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. М., 1995.

4. Крылова Н.Детский сад – дом радости. – СПб., 1992.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!