400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зейін жетіспеушілігі (СДВГ) бар балаларды әлеуметтендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейін жетіспеушілігі (СДВГ) бар балаларды әлеуметтендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зейін жетіспеушілігі (СДВГ) бар балаларды әлеуметтендіру



Бүгінгі таңда бұл диагнозы бар балалар және мінез құлықтық бұзылыстары бар балалар саны артуда. Рас, қиын мінезді балалар алдыңғы ғасырларда да кездескен,бірақ мінез құлықтағы ауытқулар жеңілірек болған. Ақпарат құралдарының көптігі,яғни теледидар мен компьютердегі шектен тыс ақпараттар баланың миына үлкен ауыртпалық түсіреді және оларды ашушандыққа әкеліп соғады.
«Зейін жетіспеушілігі» термині аты айтып тұрғандай, ешнәрсеге зейін қояалмаушылық.Мұндай балалардың назары тұрақсыз және өзгелерді тыңдай алмайды. Зейін жетіспеушілігі бар балалар ойын барысында ерекше мінез – құлық көрсетеді.Жастарына сай ойыншықтар оларды аса қызықтыра қоймайды.

Зейін жетіспеушілігінде 3 белгі жиі кездеседі.

Гиперактивтілік



Стрелка вниз 5



  • Аяқ қол саусақтарын жыбырлатып отырады,жай отырғанның өзінде;

  • Орындықта алаңсыз отыра алмайды, үнемі айналыста

  • Сабақ кезінде орнына тұрып кетеді

  • Жұмыс істеу барысында да бір орында әрең отырады.

Импульсивтілік



Стрелка вниз 3





  • Ойланбай жауап бере салады.

  • Өз кезегін күтуге қиналады.

  • Өзгелердің сөзін бөліп, бөгет жасайды

  • Тым көп сөйлейді

Назар аудармау



Стрелка вниз 1









  • Ұсақ түйек заттарға мән бермейді

  • Зейін аудару қиын

  • Көбіне бала айтылғанды тыңдамайтын сияқты көрінеді

  • Әрдайым өзін өзі жинай (киіну,жуыну т,б,) алмайды.

  • Заттарын жиі жоғалтады.

  • Өзге заттарға оңай алаңдап кетеді (назары тұрақсыз)

  • Тез ұмытшақ

Назар аудармау диагноздың басты белгісі. Зейін жетіспеушілігі бар балаларға күнделікті жұмыстап қиынға соғады; үй тапсырмасы,бөлме жинау,мектепке сөмке жинау және т.б..Қызықсыз сабақтарда отыру,олар үшін өте қиын.Олар өздеріне ұнайтын сабақтарда назарларын ұзақ ұстап отыра алады; түрлі ойындар, компьютер,Lego құрастыру т.б Оларға зейін ұстап тұру үшін қызығушылықпен эмоционалды қозу керек.Алыс партада отырған бала бір затын құлатып алса,барлық жұмысын тастап,жүгіріп сол затты көтеруге асық болады, себебі, зейін жетіспеушілі бар балалар эмоционалды түрде адамдардан алшақ және жұмысты кейінге қалдырғанды ұнататын балалар.Күрделі табиғатына байланысты олар жиі қақтығыстарға түседі. Олар қол тигізуге де өте сезімтал болып келеді. Ал, ересек жастағы зейін жетіспеушілігімен ауыратын балалар агрессивті және дөрекі болып келуі мүмкін.Олар көбінесе өтірік айтады,ұрлыққа жәгне бұзақыллыққа жақын болады.Мамандардың айтуы бойынша, олар жағымсыз эмоциялармен,ашумен миды қоздырады.
Әрине, кез-келген мазасыз немесе ұқыпсыз бала зейін жетіспеушіліг (СДВГ) ауырады деген сөз емес.Әдетте,ол ауытқуды байқау үшін,баланың әр ісіне мән беріп қаруымыз керек. Баланың отбасында ғана емес,мектепте,демалыс жерлерінде де бақылап, зерттеу қажет.

Зейін жетіспеушілігі диагнозы көбіне 5-7 жас шамасында қойылады, яғни балаға талап күшейе бастаған кезде.Ол енді партада ұзақ отырып,жазып,оқып, үй тапсырмасын орындап үйренуі қажет. Сол кезде баланың мінез құлқы анықтала бастайды.Демек, 5-6 жасқа дейін балаға дұрыс диагноз қою өте қиын

Ата-аналарға кеңес

  1. Күн тәртібі міндетті түрде болуы керек.Және оны балаңызбен бірге орындаңыз.Нәтиже асықпай,сабырлы түрде қол жеткізіңіз.Егер, ойластырылған жұмысты істемесе, ұрыспай,бірге істеп,көмектесіп жіберіңіз.Сол арқылы балаңыз жауапкершілікке үйренеді.

  2. Мүмкіндігінше баламен бірге адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, гипермаркеттер,ірі базарлар,бұқаралық шаралар.

  3. Шаршау –қозу. Қатты шаршаған бала,қатты ашулануы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін оған әр 20минут сайын қысқа демалыс беруі керек. Сондай-ақ, сабақ оқу кезінде оларды жеке тапсырмаларға бөлуге болады. Мектептегі алғашқы бірнеше жыл балаңызбен сабақ қарауға тура келетініне дайын болуы керек.Сіздің міндетіңіз балаңыздың тапсырма орындауын қадағалау. Тапсырманың шешімін қалай табуға болатындығын талқылай отырып,тапсырманы дауыстап айту жақсы.

  4. Балаңызды тіпті шамалы көрінетін жеңіс үшінде мадақтауға себеп табыңыз.Бұл оған күш пен сенімділік береді.

Гиперактивті бала.
Педагогтар қалай көмектеседі?

Гиперактивті бала (СДВГ) ерекше қарым қатынасты қажет етеді, оған стандартты мектеп бағдарламасы сәйкес келмейді,өйткені аурудың ерекшеліктері оқу материалын игеруге тікелей әсер етеді. Сонымен ,СДВГ бар балаға мектеп бағдарламасын игеруге көмектесу үшін не істеу керек?

  1. Сабақтың басында оған нақты құрылымдалған уақыт жоспарын беріңіз. Бір тапсырманы екіншісінен ажырату үшін қоңырау сағатын пайдалану жақсы.

  2. Мүмкіндігінше оқушыны жігерлендіріңіз.

  3. Қажет болса,көмек алу үшін сізге айтуына мүмкіндік беріңіз. Қызметті бақылау және дұрыс бағытта бағыттау үшін оны бірінші партаға отырғызыңыз.

  4. Жауапкершілік және тәртіп. Оның маңыздылығын көрсету үшін ол орындай алатын кішігірім тапсырмаларды және қоғамдық жүктемені алайық.Жұмыс кеңестігі толық ретке келтіргеннен кейін үзіліс жасаңыз.

  5. Сабақ барасында шағын моторикалық жаттығуларын ұйымдастырыңыз.

  6. Зейін жетіспеушілігі және гиперактивтіліктің бұзылуы жағдайында ата аналарға балалар
    невропатологына, психиатрға және психологқа мамандандырылған көмек сұрауға кеңес беру керек,өйткені бұл жағдайда психологиялық көмекпен біріктіру арқылы тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады.



Қалиева Айнара Айбекқызы
Педагог - дефектолог
БҚО ,Орал қаласы,Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.02.2025
177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12