Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер»
«Майданда болып , ондағы ерлік жасаған қазақ жігіттерінің батырлық істерін жазу , көпке таныстыру , айту керек-ақ. Осы істі қолға алып ем, онымды кейбір адамдар жек көріп , маған «ұлтшыл» атағын тағатын көрінеді. Не десе о десін , мен жазам , айтам. Түбінде тарих өзі аршып алар». Бұл Мәлік Ғабдуллиннің соғыс алаңында қойнына тығып жүріп, сары майдай сақтап қалған, күнделік беттеріндегі жазуылардың бірі болатын. Ғабдуллиннің күнделік беттеріндегі жазуларын ақтарып отырып, «Егер ақын не жазушы болсам, көк күмбезді қағаз етіп, көкала дарияны сия етіп «Батыр Бауыржан» деген хикаяда жазған болар ем» деген өз әңгімесін көзім шалды. Бауекеңнің асыл ер мінезділігіне, көркем ойы мен нағыз ержүректігіне ерекше тәнті болса керек Бауыржанның өнегелі өмірін, соғыс уақтындағы асқан жауапкершілікпен атқарған ерен еңбектерін Ғабдуллин асқан ұқыптылықпен жеткізеді. Бауыржан Момышұлының қатал тәртіппен әрі жасампаздықпен жасаған батыл қадамдары, соғыс уақытындағы ерге тән есіл мінезі, бойына сіңірген ұлттық тәрбиесі, отанға деген махаббаты мен ұрпаққа деген аманаты, қан майдандағы жалынды сөздері Мәлік Ғабдуллиннің ғана шығармашылығында емес Бауекең жайлы жазған әрбір жанның, жазушы мен ақынның әңгімелерінде өрілген кестедей айқын көрініс табады. Бірақ Бауыржан жайлы жазылған өзгеден ерек ең ерекше кітап бар. Ол Мәлік секілді батырдың көзімен жазылмаған, ол газет журнал жазып отыратын редактордың көзімен жазылмаған, ол көптің бірі әдебиет классигінің көзімен жазылмаған. Бұл кітап – кәдуілгі қазақтың келіннің көзімен жазылған.
Кітапты жазушы қазіргі жоғалып бара жатқан ұлттық идеалогияның мызғымас берік тұтқаларының бірі, ұлттық тәрбиені, ұлттық педагогиканы мектептің білім беру формасына ұсынып жүрген, Бауыржан атамыздың көзін көріп, ер тұлғаның өсиетін , аманатын арқалап жас ұрпақ пен Бауыржанның арасына алтын көпір болып тұрған -Зейнеп Ахметова. Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлының (бір қыз , бір ұлы бар) жалғыз баласы, жұрт арасында Бауыржан екінші атауымен танылмал Бахытжанның асыл жары. Зейнеп Ахметованың бұл кітабы күнделік негізінде жазылған. Алғаш келін болып түскен сәтінен бастап, өмірінің Бауекең кездесетін қиылыстарын жіпке тізе отыра суреттеген. Ең алғаш шаңырақ ішіндегі өмірін , Бауыржан атамызбен естеліктерін жазып жүргенде, «біліп қойып, ұрсады ма екен» - деген ойлары жетім күшіктей соңынан кетпей жүреді. Дегенмен, атаның өзі рұқсатын беріп, «Бауыржанды келіннің көзімен ешкім жазбаған, жазғың келсе жаза бер», - деп рұқсатын берген.
Тақырыбы: «Шуақты күндер». Барлығына айқын, кітаптың ішіндегі мәні мен мағынасынан бұрын кітаптың мұқабасымен атауы басым рөл ойнайды. Егер меломанда жүріп, кітап тақырыбы көңілден шықпаса, кітапты сатып алу деңгейі түседі. Бұған дәлел, интернеттен нақты статистика таба алмаған соң, өз әлеуметтік желімде сауалнама өткіздім. Сауалнама нәтижесі: 114 адам қатысты. Оның 71-і кітап сатып алатын кезде тақырыбына бірінші мән беретінін алға тартса, 43-і алдымен мазмұнына мән беретінін тілге тиек еткен болатын. Статистика қорытындысы бойынша 62% адам, ал жалпы шамамен 55-57% оқырман кітаптың тақырыбына аса мән береді деген сөз.
Шуақты және күндер сөзінің лексикалық мағынасына тоқталайық. «Күн» - табиғи жүйе, әрі уақыт өлшемі. Шуақ – бұл күннің жарық төгер сәулесі. Мұнда лексикалық өзгеріске ұшырап тұр. Яғни, шуақты – туынды сын есім, ерекше есте қаларлық жүрекке жылы күндер мағынасында. Күн жылу беретін планета ретінде санада қалыптасқанмен, өзіндік өзгерістерге ұшырайтын қалыптары болады. Мысалы: күн жылы , кейде суық болады. Күн күңіренеді, кейде іңір тартады. Адамзатқа жайлысы күннің шуақты болып тұруы. Зейнеп Ахметова Бауыржанның соғыстағы сұрапыл күндерін емес, Баууыржан атамыздың өз шаңырағында өткізген шуақты күндерін суреттейді. Тақырып мазмұны мен тақырыбы өзінше ритмге негізделген. Дегенмен шығарма тақырыбы өзекті емес. Тақырыптан мазмұн көрініп тұру қажет. Шуақты күн бір қалыпты атмосфера, ол адамға жайлылық бергенмен өзге атмосфералардан ерекше дем бермейді. Менің көзқарасым бойынша, бұл шығарма бұрын соңды таңсық адамдар үшін тақырыбы түсініксіз әрі қызықсыз.
Зейнеп Ахметованың қайсыбір шығармасын алып қарасақ та қазақылықтың қаймағы жатады. Шуақты күндер - қазақы идеалогизмнің негізінде құралған. Қазақ отбасындағы ана рөлі , келін рөлі , шаңырақ ішіндегі мінезді қайын ата мен келін , әке мен ана , ата мен немере қатынасы , қазақы ділдің (менталитет) көрініс табуы.
Бауыржан Момышұлының батыр тұлғасы емес , отбасындағы әке , ата рөліндегі тұлғасы айқын көрініс табады. Зейнеп апамыз ата қолына түскен келін өмірін , толығырақ, өз өмірін қағаз бетіне түсіре келе қазақ қыздарына дәстүрлі бағыт бағдар береді. Ұнағаны, шығармада Зейнеп апамыз өз қателіктерін жасырып қойып , өз бейнесінен идеалды образ шығаруға болар еді. Бірақ, жоқ , олай етпеді. Ол өз қателіктерін тайға таңбай басқандай көрсетіп тұрып, аңызға айналған ер тұлғадан көрген білгенін ,оқырман қауымға бір кісідей асқан байқампаздықпен, көпке үлгі ретінде, өткен күнге сағынышпен, махаббатпен жазғандығы сезіледі.
Қазақы менталитет,иделогизм еш заманда актуалдығын жоймайды. Әрине кейбір пікірлерге халықтың көзқарасы өзгеруі мүмкін. Егер, «Қамар сұлуды» , «Бақытсыз Жамал» секілді белгілі бір дәуір шындығын суреттейтін шығармалар лебі болса, бұл қазірде актуалды тақырып емес деп жаһанға жар салсақ болар еді. Бұл шығармалар тек қазақ қыздың тарих өткелдеріндегі рөлін жете түсіну үшін қажет. Ал «шуақты күндер» өз белсенділігін ғасыр ғұмыр өткен соң да бұзбайды. Себебі, бұл жерде нағыз ұлттық тарих, ұлттық педагогикалық, психологиялық , тілдік қарым-қатынас негіздері де көрініс тапқан. Қараңызшы, белгілі бір аураға жас келіннің үйренісу процесін... Шығарма басында, Зейнеп Бауекеңе өз пікірін жеткізбек түгілі , оның даусының өзінен сескенетін. Бауекеңнің қаһарлы үні шықса , кірерге тесік , тығыларға қара таппайтын. Уақыт өте ортақ тіл табылып ,атаны жетік тани бастаған соң , өз пікірінде айта алатын халге жетеді. Яғни, бәрі байыппен, өз орнымен. Бауыржан атамыздың Зейнеп апамызға ұрсып һәм мысқылдап айтқан , әр кеңесі мен ақылы , тек Зейнеп үшін емес , бүкіл қазақ үшін тәрбиенің төресі.
«Бауыржан Момышұлы - өзіне өзі бағынбайтын , табиғаты тәкәппар жаратылған өзгеше жан». Бұл Зейнеп апамыздың атамызға берген мінездемесі. Шығарма барысында, келіні қайын атасын қаншалықты дәрежеде сұсты, айтқанынан қайтпайтын тәкәппәр тұлға етіп суреттесе , соншалықты дәрежеде оның адал , жүрегі жұмсақ жан екендігін алға тартады. Шығарма жазу барысында, Бауыржан Момышұлын тығырыққа тіреп, өзі сол тығырықтан алып шығу үшін барынша тырысқан тұстарын байқау қиын емес. Бұны мен Момышұлының идеалды образын бұзғысы келмейтіндей түсіндім.
«Мой беспорядок это высший порядок». Зейнеп Ахметова жұбайымен Бауыржан шаңырағына еніп, рұқсатсыз кабинетіне кіріп, реттейтін сәті. Қараңызшы, бөтен үй... Қуанту мақсатында заттарына тису... Бұл дұрыс емес. Себебі , адамды жетік танымай оның заттарына тису, үлкен даудың әрі сенімсіздіктің бастамасы. Бауыржан шығармашылықтың адамы. Әрі осы сәт Баукеңді маған либерал адам ретінде көрсетті. (Либерализм – ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде еркіндікті ұстанатын идеология) . Осы бөлім қалың оқырманға өзіндік пікірімен тілдік қарым-қатынас негізін кеңес етеді. Яғни, адам мен қарым-қатынас жасағың келсе алдымен ісіңді дұрыстау керек екендігін жеткізеді. Либералды адам ретінде Бауекеңнің келініне Үндістің бодан, құл секілді қабылдайтын келіндеріндей емес, адам ретінде қабылдағанынан байқауға болады. Зейнепке «суды сартылдатпай жылай бер» деген сәті , Бауекеңнің әр адамның ішкі күйін сезіне алатындығын әрі адамның еркіндігін шектемейтіндігін аңғартады.
«Бауыржандай батыр ұлдың болмысы халыққа өзге жағынан суреттеліп, үлгілі әке, қамқор ата қыры ашылып көрсетілген»,- дейді, массагет порталының журналисті Ә.Жутаева. Бауыржан өзін үлгілі әке санады ма? Жоқ. Қазақта әке ұғымы қандай еді? «Әкеге қарап ұл өсер». Қазақтың әкесі баласын қасына ертіп, аңшылық пен саятшылықты қала берсін тұрған топырағына байланысты сол жердің өмір салтына өзі үйретуші едіғой. Қолынан ұстап, құран үйретіп, еркектік мінезді әкеге қарап түзетуші емес пе едІ? Өкініштісі, Бауыржан алтын ғұмырын өз отанын қорғауға арнады. Ұлт алдында ұлы мақтана алатындай үлгілі тұлға болғанмен, бала әке махаббатына бөленіп өскен жоқ. Қала берді соғыстан кейінгі жылдары да ұлы мен әке арасында айтарлықтай жақындық болған жоқ. Бауыржан атамыздың адалдығы мен ержүректілігіне, болмысы мен білімділігіне, намысы мен жігеріне, нағыз әке үлгісі бола алатындығына сөзім жоқ . Бірақ Момышұлы өз ғұмырында нағыз үлгілі әке болды деп айта алмаймын. Себебі, балаға психологиялық тұрғыдан әкелік махаббат пен жылудың орны бір төбе. Бұған, Зейнеп апамыз сөз еткен шығармадағы Бауыржанның өз сөзі де дәлел бола алады. Пікір қайшылығы...
«Алма ағашынан алыс түспейді»,-дейді Бауекең. Осы тұста, шет елдік ғалымдардың ғылым жүзіндегі анықтамасына көз жүгірткім келіп отыр. Баланың болмысы туғанынан 10% - ы ғана ата-анадан беріледі екен. Қалғаны бала еліктеушілік арқылы қалыптастырады. Бала кішкентайында анасының әкесінің образынан идеал еітп көреді. Олар дұрыс деген нәрсе дұрыс, бұрыс дегені бұрыс. Сондықтанда көп жағдайда «болмысы өзіңнен аумайды» деген сөзді естіп жатамыз. Ал жалпы ғұмырында бала 3 адамға еліктейді. Ата-анасына , ұстазына , досына. Қайсысын қаттырақ жақсы көрсе соған ұқсайды. Міне, осы себептен де Бауыржаның ұлы Бақытжанға сен менің копиям емес «черновигімсің» деп айтады.
Шығарма барысында «нота» жайлы әдемі сөз болды. Бұл Бақытжанның өз қиялының еркі. Бауыржан ұлының мысын басқанмен, меніңше осы мәселеге ғылыми тоқталым керек.
Шығарма нағыз қазақи көрініс, қазақы шаңырақ ... Тәлім-тәрбиеге бай , қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармаларының бірі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер" рецензия

шағым қалдыра аласыз