Зерде» интеллектуалдық ойыны 4 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зерде» интеллектуалдық ойыны 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНАЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ









ТАҚЫРЫБЫ: «Зерде» интеллектуалдық ойыны




Үйірмеатауы: «Қылқалам»

Үйірме жетекшісі: Әсілбеков Жеңісхан



2024 жыл.


Үйірме атауы: «Қыл қалам»

Үйірме жетекшісі: Әсілбеков Жеңісхан

Өтілген күні 06.11.2024

Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Балалардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: экран, подьюм, тапсырмалар
Түрі: сайыс
Барысы:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған сурет әлемін сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Қыл қалам» үйірмесіндеөтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.
4. Білгенге маржан. Жұмбақ шешу
5. Құрастырма сурет
6. Математик
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
І таныстыру
І топ «Қыран» тобы
Ұраны: «Қырандай қалықтап самғаймыз!»

ІІ топ «Тұлпар» тобы
Ұраны: «Біз талапты баламыз,
Біліммен алға самғаймыз!»

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі
ІІ «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 30 - дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауапбереалмаса келесі топ жауапберуге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді.
І топ
1сұрақ: Төрт түлікті ата
Ж: қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі
2 сұрақ: Өлі табиғатқа нелер жатады?
Ж: тас, құм, тау, ай, бұлт, су
3 сұрақ: Зеңгі баба қай малдың пірі?
Ж: Сиыр
4 сұрақ: Сөйлем неден құралады?
Ж: Сөзден
ІІ топ
1. Сұрақ: Дауыссыз дыбыс нешеу?
Ж: 25
2. сұрақ: Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
Ж: 3
3 сұрақ: Жыл мезгілдерін ата
Ж: Күз, қыс, көктем, жаз
4 сұрақ: Табиғат құбылыстарын ата
Ж: Жаңбыр, жел, қар, боран, құйын, аяз т. б

ІІІ бөлім «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» Логикалық тапсырма суреттер бойынша беріледі.
1-сұрақ: Кемелердің иелерін тауып көр! неге олай ойлайсың?
2-сұрақ: Әр заттың жұбын тап, олар бір – біріне не үшін керек?
3-сұрақ: Қоянға далаға шығу үшін қай зат керек және не үшін оған ол зат қажет?

ҮІ бөлім. Білгенге маржан
Жұмбақ
І топқа
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.

Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)


Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)


Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)


Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)


Ұшы мен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)


Кiшкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су iшiп құныққан.    (Сиясауыт)


Ж:
ІІтопқа
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты
Ж:

Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш)


Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)


Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақалаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)


Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)


Бар ойынды жиямын,

Аққағазға құямын.   (Сия)


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)


Ү бөлім. Құрастырма сурет
ҮІ бөлім. Математик
15+2 ------- 16+1
7 - 2 -------- 10+2
10 - 4 ------- 5 - 3
11 - 1 ------- 9 - 2
9+2 --------- 12+2
Қорытынды:
«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл

Бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі