Материалдар / "Зергерлік бұйымдар" тақырыбындағы ашық көрсетілім.

"Зергерлік бұйымдар" тақырыбындағы ашық көрсетілім.

Материал туралы қысқаша түсінік
зергерлік бұйымдар туралы түсінік беру ересек топтағы балаларға арналған
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бәйтерек ересектер тобының, зергерлік бұйымдар атты ашық сабағының жоспары.

Ашық сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар

Мақсаты: Балаларды өз ұлтының зергерлік бұйымын насихаттауға үйрету,зергерлік бұйымдармен таныстыру. Ою түрлерін ажырата білуге үйрету. Салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыру.

Білім саласы: Шығармашылық,қатынас.

Бөлімі: Шығармашылық

Шаттық шеңбері:

Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,

Қадірлейміз қазағымның мұрасын.

Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,

Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.

Тәрбиеші:Зергерлік бұйымдарды,оюларды, балаларға,қонақтарға таныстырады.

1.Алқа-қыз баланы сыпайы,сәні мен әсем жүргуе үйрету үшін тағылады.

2. Жүзік-оны қолымызға күніміз ашық болсын деген тілекпен тағады.

3. Білезік-ол қазақ халқының қастерлі дүниесі, оны үлкен апаларымыз тағады.

4. Сырға-құлаққа тағатын сәнді бұйым.

Балалар бұл бұйымдарды зергер әшекелеп жасайды. Бұл бұйымдарға қазақтың ұлттық оюларын әшекелейді.

Оюлардың түрін,атынайтып өтеді.

Сырға - әртүрлі қымбат металдардан, асыл тастардын көз қондырып соғылған, құлаққа тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Сырғаның сыртқы пішіні халық зергерлік өнерінің үздік үлгілерін сақтап, қазақтың ұлттық әдет-ғұрпына, салт-санасына сәйкесті өрнектермен безендіріледі

Білезік – сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бұйым. Жасалған материалдары мен түр-түсіне қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сом білезік, бұрма білезік, жұмыр білезік, топсалы білезік аталатын түрлері бар.



Сақина – алтын, күміс, түсті металдардан соғылған, кейде асыл тастардан көз салынған зергерлік бұйым.

Алқа – мойынға, омырауға тағатын, асыл тастармен әшекейленген сәнді бұйым

Моншақ – бір немесе әр түсті әдемі асыл тастарды тесіп, жібек жіпке тізіп мойынға тағатын, сәукелеге, тақияға, өзге де бас киімдерге қадайтын не салбырата іліп сәндейтін әшекей бұйым.

Слайд



Сергіту сәті:

Зергерлік бұйым жасасаң,оның аты еңбек.

Ою-өрнек құрсаң, оның аты еңбек



Тәрбиеші: Біздің бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, біздің кіші қойылымды тамашалаңыздар.

Баяғы да бір ханшайым өмір сүріпті.Ол өзінің зергерлік бұйымдарын қатты жақсы көреді екен.

Айым:

- Сылдыр – сылдыр, сырғалым,

Құлағыма тағар кім?

Сұлу болып әрдайым,

Сырғалы қыз атандым.

Айым: Мен қандай әдемімін,менің алқам,менің сырғам,менің жүзіктерім өте әдемі. Мен кішкене шаршадым,асыл заттарымды шешіп, бір ұйықтап алайын.

Тәрбиеші: Осы уақытта ұрланып сиқыршы кіреді.

Айым: Ой,менің жүзіктерім,асыл-заттарым қайда?

Тәрбиеші: Ханшайым жыламаңыз.сіздің бұйымдарыңызды тауып береміз.

Балалар: Иа

Сиқыршы: Оны мен ұрлап алдым,оның ішінде не зат барын білейін дедім.

Тәрбиеші: Сиқыршы сен ол заттарды ханшайымға қайтарып бер. Балалар саған оның ішінде не барын айтып береді.сен төрлетіп тыңда.

Тәрбиеші: Балалар әшекей-бұйымдарды кім жасайды?

Балалар: Зергер

Тәрбиеші: Зерген немен әшекелейді?

Балалар: Әдемі тастар мен оюлармен.

Тәрбиеші: Сендер қандай ою түрін білесіңдер?

Балалардың жауаптары

Тәрбиеші: Міне,сиқыршы, біздің балалар саған зергерлік бұйымдар туралы айтып берді. Енді сен ханшайымның бұйымдарын қайтарасың ба

Сиқыршы:Бұйымдарды әкеледі.

Сиқыршы: Балалар сендер өте ақылды екккенсіңдер. Мен ханшайымның бұйымдарын қайтарып беремін. Сендер мені кешіріңдер.

Тәрбиеші: Балалар сиқыршыны кешіреміз бе?

Балалар: Иа

Тәрбиеші: Ал ендеше біздің ашық сабағымыз осымен аяқталды. Назарларыңызға рахмет!



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі